Экспортты дамытуда тәуекелдер мен қауіп-қатерлер Сауда соғыстары Соңғы жылдары әлемдік саудадада соғыстар жиілеп барады. АҚШ пен Қытайдың арасындағы саудалық шектеулер. Иранға салынған санкциялар, Кешегі Ресейдің барлық тауарына АҚШ пен Еуро Одақ елдерінің жарияланған эмбаргосы тағы бар. Бұл осыған дейін қалыптасқан әлемдік сауда желісінің бұзылуына алып келеді. Көршілес елдердің экономикалық өсу қарқынының баяулауы Қазақстандық экспортқа да теріс әсерін тигізеді.
Әлемдік державалардың сауда соғыстары бір жағынан Қазақстандық өнімге жаңа нарықтар ашуы мүмкін. Дегенмен бұл нарықтар көбіне өңделген өнім сұранысын емес, шикізаттық ресурстардың сұранысын арттыруы мүмкін.
ЕАЭО-қа жаңа елдердің мүшелікке кіруі ЕАЭО-тың аясын кеңейту және интергациялық процестерді дамыту шеңберінде нарыққа экономикалық қуатты жаңа мемлекеттердің келуі отандық өндірушілерді әлсіретуі мүмкін. Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің одаққа кіруінен болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді айқындап алу маңызды.
Өңдеу саласының өнімдері импортының артуы Қазақстан ДСҰ мен ЕАЭО мұше болуына байланысты бірқатар жеңілдетілген сауда режиміне өтті. Нақтырақ айтсақ, ашық нарыққа бет алды. Отандық өндірістің өңдеу саласында бәсекеге қабілеттілігі төмен болғандықтан импорттық тауарлардың үлесі басым бола бастады. Кейбір тауар түрлері бойынша 70-98 % дейін жетеді. Негізгі импорттық ағында Ресей, Қытай, ЕО елдерінен байқалады.
Экспортты дамытуда күшті жақтары Жан-жақты мемлекеттік қолдау Өңдеу саласы экспортын арттыруға мемлекет аса ден қойып отыр. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында экспорттаушыларға тікелей және жанама қолдаулар қарастырылған. Шағын кәсіпкерлікке қайтарымсыз гранттар беру, төменгі пайызбен несие, 2023 жылға дейін арнаулы салық режимінде жұмыс істеуге, экспорттаушыларға шетелдік нарық туралы ақпараттар беру, транспорттық шығындарды оңтайландыру, экспортталатын тауарды сақтандыру т.б көптеген іс-шаралар жиынтығы қамтылған. Мұның барлығы отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспортқа сапалы өнім шығаруға бағытталған.
Өнімнің жоғары сапасы және құнының төмендігі Қазақстанда өңдеу саласына тиесілі бірнеше салалар бар. Олардың ішінде металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі басым. Соңғы уақытта машина құрастыру оң динамикалық көрсеткіш көрсетіп отыр.
Экспортты дамытуда әлсіз жақтары Отандық өңдеу саласының бәсекеге қабілетсіздігі Қазақстандық экспорттың негізгі бөлігі Ресей мен Қытайға тиесілі. Технологиялық күрделілік деңгейімен өлшегенде өңдеу саласының негізгісін төмен және орташа өнімдер құрайды. Яғни, шикізат немесе жартылай шикізат күйінде экспорттаймыз.
Оның негізгі себебі төмен технологиялы өндіріс. Өндіріс орындарының құрал-жабдықтарының көбі тозығы жеткен. Сондықтан да өңдеу саласы экспортының үлесі төмен күйде қалып отыр.
Салада тұрақты өсімді қамтамасыз ету үшін мынадай шекті көрсеткіштер ескерген жөн: жалпы өнеркәсіп саласында өңдеуші саланың үлесі шамамен 70 %-ға дейін, ал машина жасау саласының үлесі 25 %-ға дейін, негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі жалпы ішкі өнімнің 25 %-на дейін, негізгі қордың тозуы 40 %-дан аспауы, өңдеуші саланың жалпы экспорттағы үлесі 40 %-ға жетуі тиіс.
Транспорттық шығындар Су жолына тікелей шығу мүмкіндігі болмағандықтан Қазақстан құрлық жолдары, темір жолдар, әуе қатынастарын пайдаланыды. Бұл өз кезегінде теңіз жолы тасымалына қарағанда жоғары транспорттық шығындарға алып келеді. Алыс шетелдерге экспорт кезінде транспорттық шығындар тауар құнының 30% дейін жетеді, салыстырмалы түрде егер теңіз су жолына шығар болсақ бұл шығын 10-12 % құраған болатын еді [82].
Халық саны аз және халық тығыздығының төмен деңгейі территория жағынан үлкен ел ретінде тасымалдау шығындары біздің елде өзекті мәселелердің бірі. Себебі өнім тасымалы өзіндік құнға қосылып өнім бағасын жоғарылатады.
Сурет 17 – Еуразиялық экономикалық одақ нарығы және болашағы