Адилханов олжас шайзандаевич
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
Кестеден байқағанымыздай Қазақстан 2025 жылға дейін өңдеу саласы экспортын 2018 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге, яғни 29,5 млрд. АҚШ долларына жеткізу мақсатын қойып отыр. Осы міндет негізінде сценариді экспорттың құндық өсуіне жасаймыз. Біздің көзқарасымыз бойынша төрт мүмкін болатын сценарилерді қарастырамыз. Кесте 28 – 2025 жылға дейінгі өңдеу өнеркәсібі экспортының даму сценариі
1. Консервативті (Писсимисттік). Мүмкін болатын қауіп-қатерлерді сыртқы және ішкі деп қарастырамыз. Сыртқы қауіп-қатерлерге әлемдік экономиканың тұралауы, аймақтық соғыстар, әлемдік сауда желілерінің үзілуі, сауда және валюталық қақтығыстар, экономикалық санкциялар, халықаралық қаржы жүйесінің тұрақсыздығы және тағы басқа соңғы уақыттағы әлемдік оқыс оқиғалардың теріс әсері Қазақстан экспортына, оның ішінде өңдеу саласына да кері әсер берері сөзсіз. Сонымен қатар әлем елдерінің Ресейге салып жатқан санкцияларының да салдары өндіріс пен экспортты тежейтіні анық. Ал ішкі жағдайларға отандық экономиканың құлдырауы, әлемдік нарықта қазақстандық өнімге сұранымтың азаюы, теңгенің әлсіреуі, инфляция деңгейінің өсуі, шетелдік инвестиция көлемінің азаюы, экспортты қолдау шараларының бәсеңдеуі. Мұндай жағдайда экспорт себетінде шикізат секторының үлесі басым болып қала береді. Бұл 2018-2025 жылдары өңдеу саласы экспортының 1,9 есе өсуіне мүмкіндік бермейді. Экспорт құрылымындағы өңдеу саласының үлесі 2025 жылға қарай 6% – дан аспайды, ал отын-энергетикалық шикізат 62% - дан төмен болмайды; 2025 жылға қарай өңдеу саласында жағдай айтарлықтай жақсармайды. Өңдеу саласының экспортында жылдық өсім болмайды немесе 0,5-1% көлемінде ғана өсім болуы мүмкін. Қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың әсері айтарлықтай нәтиже бермейді. Көптеген зерттеулерде писсимистік сценарий нөлдік өсімді сипаттайды немесе теріс құлдырауды білдіреді. Мұнда біз писсимисттік сценариді 0,5% өсіммен есептедік. Сурет 18 – Өңдеу өнеркәсібі экспортының динамикасы (Писсимисттік сценарий) 2. Базалық (орташа жылдық нақты өсім). Соңғы жылдары өңдеу саласы экспортының орташа жылдық нақты өсімі 2,77 % құрады. Сондықтан бұл сценаридің негізі соңғы жылдардағы өсімнің нақты жағдайы болып табылады. Егер осы сценарий бойынша есептер болсақ саланың 2025 жылға қарай экспорт көлемі 20,7 млрд.АҚШ долларын құрауы мүмкін. Сурет 19 – Өңдеу өнеркәсібі экспортының динамикасы (Базалық сценарий) 3. Үдемелі (Жоғары оптимистік). Әлемдік экономиканың барлық салалық сегментте тұрақты және қарқынды өсуі, сауда және валюталық соғытардың аяқталуы, бүкіл экономикалық санкциялардың жойылуы, халықаралық валюта-қаржы қорының тұрақты жұмыс істеуі. Ал ішкі жағдайда отандық экономиканың үдемелі өсуі, өңдеу саласының технологиялық жаңғыруы және күрделілік деңгейі жоғары өнім шығару, қазақстандық өнімге сұраныстың артуы, қолайлы экспорттық жағдайлар жасау, салаға инвестицияның артуы және мемлекеттік тиімді қолдау шараларының болуы. Үкіметтің 2025 жылға дейінгі жету үшін өңдеу өнеркәсібі саласының экспорты жылына 10,8% өсімді көрсетуі қажет. Үкіметтің бұл межелі мақсаты біздің жоғары оптимистік сценариге негіз болып табылады. Мұндай жағдайда экспортта өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі едәуір артады. Машиналар мен жабдықтардың экспорты 2025 жылға қарай 8 есеге артады және оның жалпы көлемінің 13% - ын құрайды. Мұндай өзгерістердің негізгі факторлары өндірістерді жаңғырту, экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау, технологиялық жаңғыру, өндірістке қажетті инфрақұрылымды жоғары деңгейде қамтамасыз ету, өңірлердің, кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін күшейту болады. Сурет 20 – Өңдеу өнеркәсібі экспортының динамикасы (Жоғары оптимистік сценарий) Аймақтық бөліністе Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары көшбасшы болады. Ал салалық бөліністе екінші бөлімдегі талдау нәтижелері көрсеткендей металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібінің мүмкіндіктері зор. Бірінші сценарий пессимистік, екіншісі базалық, ал үшіншісі жоғары оптимистік сценарий. Алайда, 2021 жылғы Ұлттық статистика бюросының нақты деректерге сүйене отырып өңдеу саласы экспортында қарқынды өсу байқалатынын көреміз. Сондықтан біз жоғары оптимистік және базалық сценаридің ара қатынасын болуы мүмкін шынай сценарий ретінде Инновациялық (Оптимисттік) сценариді ұсынамыз. Дегенмен қазіргі әлемдік жағдайларды ескере отырып ұсынып отырған төрт сценаридің де болу ықтималдылығы өте жоғары. 4. Шынайы (Оптимисттік). Әлемдік экономиканың тұрақсыз, бірақ қалыпты өсуі, сауда қақтығыстарының біртіндеп қысқаруы, экономикалық санкциялардың азаюы, халықаралық валюта-қаржы жүйесінің қалыпты жүмыс істеуі, ал ішкі жағдайда отандық экономиканың қалыпты өсуі, теңгенің тұрақтылығы, әлемдің нарықта отандық өнімге сұраныстың болуы, тұрақты өңдеу саласына салынатын инвестиция, қолайлы экономикалық жағдайдың болуы Қазақстандық өңдеу саласының экспортын оптимисттік сценаримен болжауға мүмкіндік береді. Сурет 21 – Өңдеу өнеркәсібі экспортының динамикасы (Оптимисттік сценарий) Мұндай жағдайда әртараптандыруға негізделген экспортта өңдеу саласының үлесі айтарлықтай өседі. 2025 жылға қарай экспорт құрылымы неғұрлым жоғары дәрежеде қайта өңделген тауарлардың пайдасына өзгереді. Отын-энергетикалық шикізат экспортының тұрақтануы аясында өңдеу саласы экспорттың өсуі 2018-2025 жылдары жылына орта есеппен 5-6% - ды құрайды. Сурет 22 – Қазақстан Республикасы өңдеу өнеркәсібі экспортының болжамы, млн.АҚШ доллары Әзірленген мүмкін болатын төрт сценариді график түрінде қарастрып көрейік. Сонымен құрастырылған сценарилерге сәйкес Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі экспорты 2025 жылға қарай 18770,7 млн.АҚШ доллары мен 27731,7 млн.АҚШ доллары арасында болу ықтималдылығы бар. Писсимистік сценарий бойынша Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі экспорты 2022 жылы – 18492 млн., 2023 жылы – 18584,5 млн., 2024 жылы – 18677,4 млн., 2025 жылы – 18770,7 млн. АҚШ долларын құрайды. Яғни, жылдық өсім өте аз мөлшерде немесе жылдық өсім болмауы да мүмкін. Базалық немесе орташа жылдық өсім сценариі бойынша өңдеу өнеркәсібі экспортының жылдық өсуі 2,5-3% құрап, 2022 жылы 18952 млн., 2023 жылы – 19520,6 млн., 2024 жылы – 20106,2 млн., 2025 жылы – 20709,4 млн. АҚШ долларын құрайды. Жоғары оптимистік сценарий бойынша жылдық өсім 10% төңірегінде болып, 2022 жылы 20387,2 млн., 2023 жылы – 22589 млн., 2024 жылы – 25028,6 млн., 2025 жылы – 27731,7 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы жерде ескере кететін бір жағдай, егер біз ең жоғары оптимистік сценариға қол жеткізген күннің өзінде ИИДМБ-3 бағдарламасында қойылған мақсатқа жете алмаймыз. Біз ұсынып отырған шынайы (реалды) сценарий бойынша Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі экспорты 2022 жылы 19504 млн., 2023 жылы – 20674,2 млн., 2024 жылы – 21914,7 млн., 2025 жылы – 23229,6 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл мүмкін болатын төрт сценариге жету үшін қандай іс-шаралар қажеттігін төменде ұсынамыз. жүктеу/скачать 1,79 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |