Адилханов олжас шайзандаевич


Сақтандыру. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының жұмысын жетілдіру, сақтандыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, әрбір отандық экспорттаушыға қолжетімділігін қадағалау маңызды



бет26/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp

Сақтандыру. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының жұмысын жетілдіру, сақтандыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, әрбір отандық экспорттаушыға қолжетімділігін қадағалау маңызды.


Отандық өндірушілердің тауарын тұтынушыға жеткенше сақтандыру, мүмкін болатын тәуекелдер мен залалдарды бағалау, банк кепілдігін алу, қарызды сақтандыру, қаржы лизингін сақтандыру, экспорттаушының несиесін сақтандыру, инвестицияларды сақтандыру мүмкіндіктері болу шарт.
Сонымен қатар отандық экспорттаушылардың өнімдерін алғашқы бір жылдықта сақтандыру рәсімдерін мемлекет тарапынан жасау маңызды. Бұл жас экспорттаушыларға қолдау көмек әрі жол көрсету болып табылады.



Сурет 24 – Экспортты сақтандыру шаралары

Ескертпе – автормен құрастырылды


Субсидия. Отандық экспорттаушылардың шетелдік нарыққа шығарған өнімдерінің бағасында болған айырмашылыққа берілетін қаражат. Негізінен халықаралық сауда келісім-шарттарында тікелей субсидияларға тиым салынған. Сондықтан кей мемлекеттер төлеген кедендік салықтарды қайтару, төмен пайызбен несие беру, сақтандыру жарналарын өтеу арқылы жанама жасалады. Мұндай қолдау отандық өндірушілерді сыртқы нарықта бәсекеге қабылетті болуына көмектеседі.
Ақпараттық қамтамасыз ету (мониторинг сұраныс, ұсыныс). Қазақстанның өңделген тауарлар экспортының төмендеуіне экспорт процксіндегі шығындар, импорттаушы мемлекеттердің кедендік, әкімшілік, тарифтік және тарифтік емес кедергілері, отандық экспорттаушылардың сыртқы нарықтан және экспорттау үрдісінен ақпараттанбауы т.б. факторлар әсер етеді []. Сондықтан отандық экспорттаушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету де экспортты әртараптандыруда маңызды рөл атқарады. Елімізде орта және ірі кәсіпорындарды қоспағанда шағын кәсіпкерліктің көпшілігі өз өнімін сыртқы нарыққа шығару жолдарынан хабарсыз.



Сурет 25 – Экспортты әртараптандыруды іске асыру тетіктері

Ескертпе – автормен құрастырылды


Сыртқы нарықтарды талдау, әрбір өнімнің сұранысын бағалау арқылы отандық өнімді шетелдік нарықта ілгерілету қажет. Әрбір экспорттаушыға сыртқы нарықтағы талдау ақпараттары қолжетімді болуы тиіс.


Жоғарыда келтірілген тетіктерді бірнеше топқа топтастыруға болады. Мәселен, құқықтық, қаржы-экономикалық, ақпараттық, технологиялық, ұйымдастыру блоктары.
Қорытындылай келе, экспортты әртараптандыру – тек кризис кезіндегі атқарылатын шара емес, тұрақты экономикалық өркендеудің негізі. Әртараптандыру процесін әрбір ел өзінің географиялық, өндірістік, ресурстық мүмкіндіктері мен ерекшелігіне орай іске асырған жөн. Еліміздің өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруға толығымен қауқары бар. Оның негізгі алғышарттары - қажетті шикізат қорының молдығы, Технологиялық базаның болуы, шығатын нарықтың ауқымдылығы.
2021 жылы президент 2025 жылға дейінгі басымдықтарды айтындайтын құжатқа қол қойды. Оның негізгі бағыты экспортты әртараптандыру. Осылайша, Қазақстан экономикасын әртараптандырмай, Стратегиялық жоспар - 2050 мен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басымдықтарына қол жеткізу мүмкін емес.
Өндіруші салалар есебінен өңдеу өнеркәсібін дамыту стратегиялық тұрғыдан дұрыс болмас еді. Осылайша, бірінші кезекте, өзіміздің бәсекелестік артықшылықтарымызды объективті бағалау және экономиканың өңдеуші, сондай-ақ шикізаттық салаларының дамуынан синергетикалық әсер алу қажеттігі туындайды.
Алдында шикізаттық экономикадан арылу міндеті тұрған Қазақстан үшін экспортты әртараптандыру кезек күттірмес шара болып табылады. Мұны жүзеге асыруда Қазақстанның мүмкіншілігі де жоғары. Алдағы уақақытта әртараптандыру екі жолмен: біріншісі жолы, экспортқа шығатын тауар түрін көбейту, яғни шикізат экспортын төмендетіп, өңделген өнім, дайын тауар түрлерін көбейту. Екінші жолы – жеткізілетін нарықты әртараптандыру. Қазақстанның географиялық орналасуы отандық экспортты географиялық әртараптандыруға мүмкіндік береді. Себебі, шығысында Қытай, Оңтүстігінде араб елдері және Үндістан, батысында Еуропа елдерінде Қазақстандық өңделген өнімдерге сұраныс әрқашан жоғары.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы 2020 жылы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары бойынша жыл сайынғы дайджестті ұсынады. Бағдарламада өңдеу өнеркәсібін дамытудың негізгі векторлары ретінде еңбек өнімділігі мен экспортқа бағдарлану айқындалған. 2020 жылы ИИДМБ негізгі көрсеткіштерін орындау қорытындылары бойынша өңірлер мен салалар бөлінісінде жүргізілген мониторинг ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесінің 2018 жылғы 11,4% - дан 13,1% - ға дейін өскенін көрсетті. 2020 жылы жұмыс істеп тұрған өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының санын экономикалық белсенді халықтың 1000 адамына ұлғайту бойынша көрсеткіштің мәні 2018 жылмен салыстырғанда 1,14 есеге жетті. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы саны 16 862 бірлікке жетті. Елдегі өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 38,7 мың АҚШ долл./адамды құрады. 2018 жылдың ұқсас кезеңіне нақты өсім 109,7% - ды құрады. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібіне 1 077,8 млрд теңге инвестицияланды, 2018 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 13,2% - ға, номиналды мәнде 164,1 млрд теңгеге қысқарды. 2020 жылы 2018 жылмен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібінің химия өнеркәсібі (4,3 есе), фармацевтика (2 есе), ағаш бұйымдары өндірісі (1,9 есе), резеңке және пластмасса (70,6%), металлургия (37,8%) темекі өнімдері (39,5%) және машина жасау (14,3%) сияқты 7 секторында инвестициялардың өсуі байқалады. Инвестициялар көлемінің шамамен 2/3 бөлігі 2 саланың: металлургиялық (барлық инвестициялардың 34,5%) және химиялық (28,0%) кәсіпорындарын дамытуға бағытталады, олар 2018 жылмен салыстырғанда тиісінше 4,3 есе және 37,8% - ға өскенін көрсетеді. 2020 жылы инвестицияның басым бөлігі мына кәсіпорындардың қызметіне жұмсалды: металлургия саласына (372 млрд. теңге, 34,5 %), химия өнеркәсібі саласы (301,3 млрд. теңге, 28 %), Тамақ өнімдері өндірісі (109,0 млрд теңге, 10 %), Кокс және мұнай өңдеу өнімдері (68,0 млрд. теңге, 6 %) және өзге де металл емес минералдық өнімдер (67,2 млрд. теңге, 6 %) 2020 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі $15,4 млрд құрады және 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,3% - ға қысқарды, 2018 жылдың деңгейінен 97,7% - ға жетті. Құндық мәнде экспорт көлемі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда $0,3 млрд - қа аздап қысқарып отыр [].
Бұл іс-шаралар жиынтығы отандық экспортты ілгерілетуге көмектесуі тиіс. Қазақстан тез арада өзінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану арқылы өңдеу саласын дамытуы қажет. Сол арқылы біршама жетістіктерге жете алады. Біз өңдеу саласын әртараптандыру арқылы экспорттық түсімді тұрақтандыра аламыз, импорттық тәуелділіктен арыламыз, тұрақты жұмыс орындары қалыптасады, ұлттық валюта нығая түседі, халықтың әл-ауқаты, өмір сүру сапасы көтеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет