Адилханов олжас шайзандаевич


Үшінші бөлім бойынша қорытындылар



бет27/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp

Үшінші бөлім бойынша қорытындылар:

  1. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі экспортын әртараптандырудың негізгі стратегиялық бағыттары ретінде өндірісті әртараптандыру, жеке секторды дамыту, интеграция және байланыс, қаржылық қолдау, адам капиталын арттыру іс-шаралары таңдалып, олардың негізгі қауіп қатерлері мен кедергілері, басымдықтары айқындалды. Өңдеу салаларында экспорттық әлеуетті арттыруды институционалдық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді.

  2. Өңдеу өнеркәсібі экспортының соңғы 10 жылдық көрсеткіштеріне сүйеніп, өңдеу саласының мүмкіндіктері мен тәуекелдерін, соңғы геосаяси шиеленістерді ескере отырып 2025 жылға дейінгі мүмкін болатын 4 даму сценариі жасалды.

  3. Әзірленген сценариді жүзеге асыру тетіктері мен моделі әзірленді. Атап айтқанда, отандық экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық механизмін жетілдіру, сауда, кедендік кедергілерді төмендету, географиялық нарықты кеңейту, ақпараттық қамтамасыз ету, қаржылық және қаржылық емес қолдау, шағын және орта кәсіпкерлікті нығайту, өндірістік инфрақұрылымды нығайту, өз нарығымызды отандық өндірушілерге беру, сыртқы нарықты талдауға бейімделген мамандар даярлау сияқты кешенді іс-шаралар жиынтығы ұсынылды.


ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу бойынша диссертацияның негізгі қорытындылары:

  1. Зерттеу міндеттеріне сәйкес теориялық ізденістер нәтижесінде «экспортты әртараптандыру» ұғымын эволюциялық дамуы зерделенді. Экспортты әртараптандыру ұғымына түсіндірмелердің бір бірінен айырмашалығы көп. Сондықтан ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәжижелерін зерделей отырып экспортты әртараптандыру ұғымына нақты түсінік жоқ екенін аңғардық. Ол әлемдік даму үдерісімен байланысты толықтырылып және өзгеріп отырады. Ғалымдардың пікірлерін ескере келе Қазақстандағы экспортты әртараптандыру ұғымына көпвекторлы анықтамасы құрастырылып, бұл термин авторлық көзқараспен толықтырылды. Экспортты әртараптандыру – шикізат экспортын төмендете отырып неғұрлым қосылған құны бар өңдеу өнеркәсібі экспортын арттыру, яғни экспортқа шығатын өнімдер үлесін оңтайландыру арқылы экспорттық түсімді тұрақтандыру, экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Бұл Қазақстанның экспортты әртараптандырудағы саясатының мақсаты мен міндетіне сәйкес болуымен ерекшеленеді.

  2. Көптеген статистикалық агенттіктер мен ғалымдардың ұсынған экспортты әртараптандыруды бағалау әдістемелері зерттелді. Экспортты әртараптандыру деңгейін бағалаудың жалпыға ортақ қабылданған нақты түсінігі жоқ екені бұл сала зерттеушілері тарапынан әртүрлі бағалау әдістемесін ұсынуына себепші болды. Ғалымдардың зерттеулерінде қолданылатын, және Америкалық, Еуропалық статистикалық агенттіктерде қолданылатын деректерді жинау мен өңдеу әдістері, әртараптандыру деңгейін бағалаудың қолданылатын критерийлері біздің мемлекет мысалында бағалау бірқатар қиындықтар туғызады. Өйткені, әртараптандыру мәселелерін зерттеуге бейімделген ақпараттық-статистикалық база жеткіліксіз, бұл өз кезегінде жүргізілген бағалаудан нақты, сенімді, ашық нәтижелер алуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар түрлі халықаралық рейтінгтік агенттіктер базасында тек ел бойынша ғана көрсеткіштер қол жетімді. Бұл аймақтардағы нақты жағдайды анықтауға жеткіліктсіз.

Сондықтан индекстік бағалаудың модификациясы негізінде авторлармен аймақтар мысалында бағалауға болатын «экспортты әртараптандыру мүмкіндігі» авторлық әдістемесі әзірленіп, ұсынылды.

  1. Экспортты әртараптандыру қызметін жүзеге асыру үшін қолайлы орта құруға мүмкіндік беретін институттардың тиімді жүйесі болғаны маңызды. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерді шолып, экспортты әртараптандыруда институционалдық механизмнің дұрыс жұмыс істеу маңыздылығы теориялық негізделді. Мықты институттар алға қойған мақсатқа жетуге оң ықпал етеді.

  2. Экспортты әртараптандыруды сәтті жүзеге асырған мемлекеттер тәжірибесі зерттелді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бар-жоғы 50 жылдың ішінде ешқандай қазба-байлықтарсыз, кедей мемлекеттен әлемнің ең озық алдыңғы қатарлы мемлекетіне айналған Оңтүстік Корея, мол қазба байлық түсімін өңдеу саласына бағыттай отырып жоғары технологиялы мемлекетке айнала білген Норвегия, ұзақ әрі қиын индустрияландыру саясатын сәтті жүргізген Малайзия тәжірибелері талданды. Мәселен, Норвегия шикізат экспортынан түскен қаржыны тиімді пайдалану мақсатында 1990 жылы Ұлттық қор құрды. Ал Малайзия өндіріс пен экспортты әртараптандырудағы күрделі жолды шетелдік инвестициялардың қатысуымен атқарды, олар алдымен ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етіп, содан кейін өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялар саласына бағытталды. Осы тәжірибелердің Қазақстан жағдайларына бейімдеу мүмкіндіктері қарастырылды.

  3. Қазақстан Республикасының жалпы экспорты және өңдеу саласы экспортының даму динамикасы толыққанды кешенді түрде талданды. Географиялық және тауарлық құрылымда Қазақстандық экспорттың әртараптандырылу деңгейінің төмендігі анықталды. Экспорт құрылымы, үлесі жоғары тауарлардың экспорты, соңғы он жылдықтағы экспорт динамикасы, еңбек өнімділігінің индекстері, салалар бойынша өңдеуші өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар, Қазақстанның негізгі сауда серіктестері жан жақты талқыланды. Талдау нәтижелері стратегиялық жоспарлауда пайдалануы мүмкін.

  4. Қазақстан аймақтары мысалында өңдеу өнеркәсібі саласының экспортын автор ұсынған «экспортты әртараптандыру мүмкіндігі» әдістемесін пайдалану негізінде бағаладық. Бұл бағалау үш негізгі индекстік бағалау әдістемесіне негізделген. Бағалау нәтижесі ретінде аймақтардың рейтінгі жасалды. Өңдеу өнеркәсібі саласының экспортын әртараптандыру мүмкіндігі жоғары аймақтарға Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент және Алматы қаласы енді. Ал аталған саланың әртараптандыру мүмкіндігі төмен аймақтарға Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары еніп отыр. Бұл бағалау әдістемесінің нәтижелері аймақтардағы өңдеу өнеркәсібі саласының экспорттау мүмкіндігі деңгейін шынай көрсетеді. Бұл өз кезегінде осы салаға жауапты ұйымдардың стратегиялық және тактикалық дұрыс шешімдер қабылдауда маңызды құрал бола алады.

  5. Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекелестік артықшылықтарын талқыланды. Өңдеу өнеркәсібінде металлургия және машина жасау салаларының артықшылықтарына тоқталдық. Өйткені бұл салаларда жеткілікті шикізат қорының болуы, технологиялық базасын жаңғырту мүмкіндігінің жоғарылығы және өңдеу экспортының басым бөлігі осы екі салаға тиесілі. Металлургия өнеркәсібіне SWOT-талдау жүргізілді, машина жасау өндірісі көлемінің серпіні, машиналар мен жабдықтар өндірісінің негізгі кәсіпорындары зерттелді. Сонымен қатар химия және тамақ өнеркәсібінің де өзіндік бәсекелік артықшылықтары бар.

  6. Өңдеу салаларында экспорттық әлеуетті арттыруды институционалдық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленді. Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі экспортын әртараптандырудың негізгі стратегиялық бағыттары ретінде өндірісті әртараптандыру, жеке секторды дамыту, интеграция және байланыс, қаржылық қолдау, адам капиталын арттыру іс-шаралары таңдалып, олардың негізгі қауіп қатерлері мен кедергілері, басымдықтары айқындалды

  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес Қазақстан 2025 жылға қарай тауарлардың шикізаттық емес экспортының көлемін 29,5 млрд.АҚШ долларына жеткізу міндетін қойды. Осы міндетті негізге ала отырып Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібі экспортының соңғы 10 жылдық көрсеткіштеріне сүйеніп, өңдеу саласының мүмкіндіктері мен тәуекелдерін, соңғы геосаяси шиеленістерді ескере отырып 2025 жылға дейінгі мүмкін болатын даму сценариі жасалды. Біздің болжамымыз бойынша писсимисттік сценарий бойынша жылдық өсім 0,5% құрайды және 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі экспорты 18,7 млрд.АҚШ долларына жетеді. Базалық сценарий соңғы жылдардағы экспорттың нақты жылдық өсіміне негізделген, сондықтан жылдық өсім 2,77% құрап 20709,4 мрлд.АҚШ долларына тең. ҮИИДМБ мақсатына сәйкес өңдеу саласы экспортының өсімі жылына 10,8%, мұны жоғары оптимисттік сценарий ретінде аламыз. Дегенмен бұл көрсеткішке қол жеткізу мүмкіндігі өте төмен. Сондықтан біз оптимисттік сценарий ретінде өз болжамымызды ұсынамыз. Біздің ойымызша 2025 жылға дейін саланың экспорты 5-6% өсімді құрайды және 23,2 млрд.АҚШ долары шамасында болады. Оның негізгі себебі бағдарлама аясында салаға қомақты қаржының құйылуы, мемлекет басшысының транспорттық дәліздерді әртараптандыру бойынша іс-шаралары, атап айтқанда Каспий теңізі арқылы, Түркіменстан, Иран, Түркия арқылы Еуропаға шығу жолы т.б. Авторлармен жасалған писсимистік, базалық және оптимистік даму сценарилері өңдеу өнеркәсібі саласы экспортының болашақтағы мүмкіндіктерін шынайы көрсетеді деген ойдамыз.

  8. Әзірленген сценариді жүзеге асыру тетіктері жасалды. Атап айтқанда, отандық экспорттаушыларды қолдаудың институционалдық механизмін жетілдіру, сауда, кедендік кедергілерді төмендету, географиялық нарықты кеңейту, ақпараттық қамтамасыз ету, қаржылық және қаржылық емес қолдау, өз нарығымызды беру, сыртқы нарықты талдауға бейімделген мамандар даярлау сияқты кешенді іс-шаралар жиынтығы ұсынылды. Жалпы зерттеу нәтижелері 2018-2020 жылдары ҚР БҒМ ҒК экономика институтының бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша жүзеге асқан BR05236639 «Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізіндегі ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» атты бағдарламасының «Қазақстанның жоғары технологиялық экспортын әртараптандыру және өсіру: тетіктері мен басымдықтары» тарауында және 2021-2023 жылдары ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру бойынша жүзеге асып жатқан BR10965247 «Қазақстандағы көші-қон, урбандалу, демографиялық процестердің факторларын, ерекшеліктері мен серпінін зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдарды әзірлеу» атты бағдарламасында пайдаланылды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет