Адилханов олжас шайзандаевич



бет23/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
ЕАЭО елдерінің басым салаларында өткізу нарықтарының қиылысуы
Шетелде отандық экспорттаушыларды қолдау жүйесінің дамымауы
Шетелдік тәжірибеге сәйкес экспортты дамытудың тиімді құралы шетелде сауда өкілдіктерінің болуы. Бұл отандық экспорттаушыларды шетелдік нарықта жан-жақты қолдауға, кеңес беруге, бағыт-бағдар көрсетуге маманданған орталық. Әлемде Қазақстанның мұндай желілері енді ғана жұмысын бастап жатыр.
ЕАЭО мүше елдердің экспортын арттыруға мүмкіндік берді. Дегенмен 2015 жылдан бастап Қазақстан нарығында Ресей және Беларусиялық өңделген тауарлар импортының артқанын байқауға болады. Одаққа мүше елдер, соның ішінде Қазақстан да ішкі нарықта өз өндірісі өнімдерінің үлесін арттыру және экспортты ұлғайту бойынша міндеттер қойып отыр. Алайда қатысушы елдердің өткізу нарықтары қиылысудың жоғары дәрежесіне ие.
Білікті мамандарды даярлау
Кез-келген салада мамандар шешуші рөл атқарары сөзсіз. Қазақстан экспортты әртараптандыруға қойған міндетін орындау үшін инвестиция, сауда саясаты жөніндегі кеңесшілер, халықаралық ұйым өкілдіктерінде халықаралық сауда нормалары мен қағидаттарын меңгерген сапалы мамандарды қажет етеді. Отандық экспортты дамыту, ұлттық мүддені қорғау көбіне білікті мамандарға байланысты. Мамандардың зерттеу қорытындылары бойынша адами капитал экспортты әртараптандыруға оң ықпал етеді.
Өңдеу салаларының экспортын әртараптандырудың даму сценариін әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді ескерген жөн. Қазақстан 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортын 41 млрд.АҚШ долларына жеткізу міндетін қойып отыр. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің тауарлық экспорты 29,5 млрд. АҚШ долларына және көрсетілетін қызметтер 11,5 млрд.АҚШ долларына тең. 27-кесте.
Шикізаттық емес экспортқа өңдеу саласының өнімдері, ауылшаруашылық саласының өңделген өнімдері және көрсетілетін қызметтер жатады (туризм, медициналық қызметтер т.б.).

Кесте 27 – Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған экспортты дамытудың күтілетін нәтижелері



макроиндикаторлар

Өлш. бірл.

2021

2022

2023

2024

2025

1

Сауда ЖҚҚ-сының орташа жылдық нақты өсуі

%

104,9

105,2

105,4

106,0

106,2

2

Шикізат емес тауарлар бойынша сауда сальдосы (экспорт-импорт)

млрд. АҚШ доллары

-10,9

-7,9

-4,5

-1,3

1,3

3

Тауарлардың шикізаттық емес экспортының ұлғаюы

млрд. АҚШ доллары

20,4

22,4

24,6

26,9

29,5

4

Көрсетілетін қызметтер экспортының ұлғаюы

млрд. АҚШ доллары

8,8

9,4

10

10,8

11,5

5

Бөлшек сауда тауар айналымындағы электрондық сауда үлесінің өсуі

%

5,6

6,7

7,8

8,9

10

6

Жалпы тауар айналымынан Орталық Азия елдерімен тауар айналымының үлесі

%

7,57

10,68

13,78

16,89

20



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет