Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі



бет16/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Қаныққан көмірсутектер. Метан
Метан қалыпты жағдайда ауадан екі еседей жеңіл, түссіз, иіссіз, суда аз
еритін газ. Оның 1 литрі қ.ж. 0,714 г тартады.
Метанның алыну жолдары.
а) Метанды натрий ацетатынан алу. Қ.ж. натрий ацетаты CH3COONa *
ЗН2О құрамында үш молекула кристалдық суы бар қатты тұз. Қыздырғанда кристалдық суы бөлініп, ылғалданып қайнайды, олай метан алуға болмайды. Сондықтан оны кәрлен немесе темір тостағаншада ұзақ қыздырып сусыздандырады. Осылай сусыздандырылған натрий ацетаты эксикаторда сақталады. Метан алу үшін сусыздандырылған натрий ацетатының бір массалық бөлігіне екі массалық бөлік натронды әкті қосып, кәрлен келіде араластырады. Содан соң қоспаны сынауықтың 1/3 бөлігіне дейін салып, сынауықтың аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен жауып штативке көлбеу етіп бекітеді (13-сурет). Метан суда нашар еритін газ болғандықтан, суды ығыстыру әдісі бойынша жинайды. Сынауықты қыздыру кезінде түп жағынан бастап, біртіндеп аузына қарай жылжыта беру керек. Метанды жинау кезінде алғаш ыдыс ішіндегі ауаны ығыстырып шығаруды ұмытпау керек. Бірнеше үлкен сынауықты не цилиндрді метанға толтырып алып, судың астында ыдыстың аузын резеңке тығынмен бекітіңдер. Оларды кейінгі тәжірибелерге пайдаланыңдар. Реакция тендеуін жазындар.

13-сурет. Метанды натрий ацетатынан алуға арналған құрал


б) Метанды сірке қышқылынан алу. 14-суретте көрсетілгендей құрал құрастырыңдар. Конус тәрізді колба алып, оның аузына лайықты резеңке тығынды таңдап алыңдар. Тығыннан екі мыс немесе алюминий сымын өткізіп, олардың төменгі ұшын нихромнан жасалған электр плиткасының оралмасымен (спиральмен) жалғастырындар. Мыс сымдарының сыртқы ұштарын оқшауланған сым арқылы ток қуатын реттейтін трансформаторға қосыңдар. Құралды іске қосқан кезде колба ішіндегі нихром сымының сол
бөлігін қыздыратындай шамалы ток жіберіледі.





14-сурет. Метанды сірке қышқылынан алуға арналған құрал

Бөлінген метанды құрамындағы басқа заттардан тазартатын және құрғататын үш колбаны тізбектеп, бір-біріне түтіктер арқылы қосады. Ол колбалардың біріншісінде натрий гидроксиді, екіншісінде әк суы, ал үшіншісінде концентрлі күкірт кышкылы бар. Осыдан кейін реакцияны тездететін катализатор қоспалары дайындалады. Ол үшін натрий ацетаты мен натрий карбонатының масса бойынша 4:1 қатынасындай қоспасы әзірленеді. Алғаш кәрлен тостағаншаға 4 г натрий ацетатын салып қыздырады. Натрий ацетаты сұйылып, қайнай бастағанда үстіне 1 г натрий карбонатын салып, шыны таяқшамен араластырады. Осы кезде сұйық ерітіндіге асбест жібін батырып, шыны таяқшамен аударыстырып араластырады. Қыздыруды натрий ацетаты суалған кезде тоқтатады. Артынан асбест жіптің бір бөлігін кесіп алып, оралма сымның ішіне ендіреді. Тәжірибені жасау кезінде конус тәрізді колбаға 20-25 мл 80%-тік сірке қышқылын құйып, колбаның аузын тығындайды. Оралма сірке қышқылынан сәл жоғары тұруы керек.


Құралды толық дайындап болғаннан кейін, трансформатор арқылы оралманы қыздырады. Біраздан кейін колбалардан газдың өткені байқала бастайды. Соңғы колбадан шыққан газдың тазалығын тексергеннен кейін, газометрге немесе басқа ыдыстарға да жинауға болады. Тәжірибені тоқтатарда қыздыруды тоқтатпай тұрып, бірінші колбаның аузын ашып, ішіне ауа ендіреді. Осыдан кейін құралды ток көзінен босатып, қалған бөліктерін жинайды. Реакция теңдеуін жазындар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет