1,2 жұмыс. Мектеп химия кабинетінің жабдықтары. Сақтық шаралары.
Студенттер химия пәнінен әр түрлі химиялық кұбылыстарды, олардың жүру үрдістерін және заңдылықтарын, заттардың қасиеттерін, алыну жолдарын толық түсіну үшін, өз қолдарымен химиялық заттарды, реактивтерді ұстап көріп, бір-бірінен айырып, танып ажырата білулері керек. Сонымен бірге, студенттер зертханада химиялық реакциялар жүру жағдайларын бақылап, тәжірибелер арқылы теориялық қағидаларды іс жүзінде дәлелдейді. Химиялық зертхана – барлық мектептерге қажетті, мемлекеттік стандарт бойынша білім беруге арналған арнайы жабдықталған бөлме.
1-сурет. Химия кабинеті
Химия бөлмесі арнайы зертхана мен зертханашы бөлмесінен тұруы тиіс(1-сурет). Химиялық зертхана ретінде көлемі үлкен, кең, жарық бөлме таңдап алынуы керек. Бөлмедегі арнайы препарат үстелдің ауқымы 2200*700*900 мм. Екі тумбаның тартпа жәшіктеріне құрал-саймандар, әр түрлі жабдықтар және материалдар салынады. Үстел бетіндегі екі сөреге реактивтері бар шыны ыдыстар койылады.
Химия зертханасында оқушыларға арналған екі орындығымен 15 (сыныптағы оқушылар санына байланысты) стол, мұғалімнің демонстрациялық столы, міндетті түрде ауа тартатын шкаф, зертханалық құрал-жабдықтарды, әдістемелік құралдарды, кестелерді, шыны ыдыстарды, реактивтерді сақтайтын бірнеше шкафтар болады. Мұғалім мен оқушының жұмыс орны басқа оқу бөлмелеріне карағанда өзгеше жабдықталған болуы керек. Зертханада әр оқушының жұмыс орнына тұрақты (1-12 вольттік) және айнымалы электр тогы мен су кұбыры келіп тұруы қажет. Әрбір оқушының столы карапайым кұрал-жабдықтармен: су құйылған ыдыс, пайдаланылған қалдықтарды салуға арналған ыдыс; қыздырғыштар (газ жанарғысы, спирт шам, кұрғақ спирт), сынауықтар орналастырылған штативтер, аспаптарды құрастыратын темір штатив (бір-бір сақина, қысқыштарымен), сынауық ұстағыш, реактивтерді алуға арналған әр түрлі қасықшалар, индикатордың түрлері (фенолфталеин, метилоранж, қызыл, көк лакмус қағаздары), сол күні өтілетін сабақ тақырыбына байланысты реактивтермен жабдықталғаны жөн.
Химия зертханасындағы мұғалімнің жұмыс орны – ұзындығы 4-5 м, ені 1 м көрнекі тәжірибелер көрсетуге арналған екі баспалдақты таянышты демонстрациялық стол. Бұл столға аспаптар, бөлмені электрмен қамтамасыз ететін нүктелер, терезелер пердесін ашып-жабатын, орнында тұрып басқаратын тетік орнатылады. Сондай-ақ, көрсетілім үстелінде вакуум-сорғыш, фильмоскоп, кодоскоп және эпидоскоп қоятын ұялар да болады; оның жанында су құбыры мен раковина орнатылады.
Көрсетілім үстелдін бірнеше жылжымалы жәшікшелері (тартпалары) болады, онда оқу үрдісіне қажетті әр түрлі заттар: сіріңке, шыраға арналған ағаш жаңқалары, заттарды жағуға арналған қасыкшалар, темір тақташалар, шымшуырлар, қайшы, пышақ, әр түрлі металдың сымдары, әр түрлі тығындар мен түтіктер, тығын тесетін бұрғылар, егеулер, парафин, асбест торлар, штативтің қысқыштары мен сақиналары болады. Бұлар араласып жатпай, тез оңай табылуы үшін олардың арасын қатырма қағазбен бөліп, рет-ретімен орналастырады.
Көрсетілім үстелге қарсы қабырғаға сынып тақтасы және «Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі» кестесі ілінеді.
Химия зертханасы техникалық құралдар, аспаптар, көптеген әртүрлі шыны ыдыстар, реактивтермен қатар атақты химиктердің суреттері, түрліше кестелер, плакаттар, сұлбалар, колдан жасалған көрнекі құралдар, олардың суреттері, карточкалар, перфокарталар, ережелермен (мысалы, «Химиялық зертханада оқушы өзін-өзі қалай ұстау керек», «Қауіпсіздік техникасы мен сақтық шаралары», т.б.) жабдықталуы керек.
Химия зертханасын жабдықтағанда бағдарламаға және арнайы әдістемелік кітаптар басшылыққа алынады. Осыған орай химия бөлмесінің төрт бөлімі болуы мүмкін. Бұлар: 1) химиялық тәжірибелерді көрсету; 2) оқушылар эксперименті; 3) жалпы педагогикалык оқыту әдістемесі; 4) білімді бақылау және жетілдіру бөлімдері. Бұл бөлімдер - химияны оқыту үрдісіне бағытталып, белгілі қызмет атқаратьн кабинеттің материалдық бөліктері. Әрбір бөлім тұрақты және тасымалданатын оқыту құралдарынан құралады.
1. Химиялық тәжірибелерді көрсетуге арналған бөлімдегі тұрақты құрал-жабдықтар: демонстрациялық стол, ауа тартқыш шкаф, сынып терезелерінің перделері, электрлендіру тетіктері, көрсетуге арналған жабдықтар мен реактивтерді орналастыруға арналған шкафтар, өлшеуіш аспаптар, газ жанарғысы, электр кыздырғыштардың жиынтығы мен белгілі бір қызмет атқаратын демонстрациялық қондырыларға арналған құралдар; бұлардан басқа түрліше ыдыстар мен шыны түтікшелер, зат аты көрнекті жазьлған реактивтер тобы, т.б. Өрт қауіпсіздігінің жабдықтары (құмы бар шелек, өртсөндіргіш, асбест торы); жеке қорғалу (көмекші) жабдықтары: рәзіңке колғап, респираторлар, халаттар, белдеушелер, көзді жуу үшін су құбырының шүмегіне жалғанған қалың резеңкелі түтік, су құбыры раковинаның қасында айна, бұлардың барлығы - бөлімдегі қосымша жабдықтар.
Демонстрациялық ыдыстар мен кұралдарды әйнектелген шкафтарға орналастырады, ал реактивтер - органикалық заттар, тұздар, қышқылдар, оксидтер, негіздер, т.б. жеке-жеке сөрелерге қойылады. Жалпы реактивтерді қауіптілігіне (улы, ұшқыш, қопарылғыш, тұтанғыш) қарай 8 топқа жіктейді. 1,3 топтың реактивтері қопарылғыш, тұтанғыш болғандықтан мектепте қолдануға, сақтауға рұқсат етілмейді. Ал қалған алты топтың реактивтері мектепте қауіпті - қауіпсіздігіне сай топтарға жіктеліп, арнаулы орындарда сақталады. Оны мына кестеден көруге болады.
Топ
Мектепте қолданылатын қауіпті реактивтер
Сақталатын орны
2
Сумен өзара әрекеттескен кезде оңай тұтанғыш газ бөлетін реактивтер (натрий, кальций карбиді, т.б.)
Құлыптанатын шкаф жеке сөре
4
Оңай тұтанғыш сұйықтықтар (құмырсқа қышқылы, ацетон, т.б.)
Түбіне құмсалынған темір жәшік
5
Оңай тұтанғыш реактивтер (фосфор, күкірт, т.б.)
Жеке шкаф немесе сөре
6
Күшті тотықтырғыштар (нитраттар, перманганаттар, т.б.)
Жеке сөре немесе шкаф
7
Улы заттар (барий хлориді, хроматтар, дихроматтар, т.б.)
Сейф
8
Салыстырмалы қауіпсіз реактивтері
Ашық сөрелер
8-топқа жататын көптеген заттарды әдістемелік талапқа сай арнайы шкафтарда сақтайды. Бұл реактивтерді сақтаудың топтамалары: 1) металдар және бейметалдар; 2) металл оксидтері; 3) бейметалл оксидтері; 4)негіздер; 5)қышқылдар (бұларды ауа тартатын шкафтың жабылатын бөлімінде, ыдысының астына пенопласт төсеп, сактайды); 6) галогенидтер тұздары (хлоридтер, бромидтер, иодидтер); 7) халькогенидтер тұздары (сульфидтер, сульфиттер, сульфаттар, натрий тиосульфаты); 8) нитраттар (жеке сөре немесе сейф); 9) фосфаттар; 10) карбонаттар мен силикаттар; 11) индикаторлар; 12) көмірсутектер және олардың галоген туындылары; 13) спирттер; 14) карбон кышқылдары және олардың галоген туындылары; 15) спирттер; 16) карбон қышқылдары жэне олардың тұздары; 17) көмірсулар, құрамында азоты бар заттар; 18) үлкен молекулалы заттар және олардың өнімдерінің үлгілері.