Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Химиялық ыдыстардың түрлері және олармен жұмыс жасау



бет4/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Химиялық ыдыстардың түрлері және олармен жұмыс жасау

Мына материалды білуі керек:


1. Химия бөлмесінің жабдықтары.
2. Химия бөлмесі жабдығының үш блогы.
Кесте түрінде алынған мәліметтерді төмендегідей толтыру:



Құралдың аты

Қолдануы







3. Химиялық реактивтермен танысу


а) этикетканың үлгісі
ә) реактивтерді сақтау реті
б) әр топқа жататын реактивтер.
4. Химия бөлмесіндегі оқушыларға арналған қауіпсіздік ережелерін жазып, оның белгілерін түрлі-түсті бояумен дәптерлеріңе сызыңдар.
5. Зертхана бөлмесінде болуы мүмкін қауіпті жағдайларға қажетті алғашқы көмекті жазыңдар.
6. Мектептегі химия бөлмесіне керекті дэрілердің тізімін жазындар.
7. Тәжірибелерде жиі қолданылатын химиялық ыдыстардың қандай түрлерін білесіңдер?
Тәжірибе жасау барысында құралдар мен аспаптарды дұрыс пайдалана білу, химия кабинетінде еңбекті ғылыми ұйымдастырудьң аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады. Химиялық ыдыстарды күнделікті және арнайы тәжірибелерде пайдаланылатын ыдыстар деп бөлуге болады. Күнделікті пайдаланылатын ыдыстарға сынауықтар, химиялық стакандар, құйғыштар, кристалдағыш шәшкелер, т.б. көптеген ыдыстар жатады. Сынауыктар әр түрлі болады. Көрнекі көрсетілетін тәжірибелерде үлкен сынауықтар қолданылады. Түбі дөңгелек колбалар қыздыруға төзімді келеді, сондықтан олар ерітінділерді қыздыруда қолданылады. Колбалардың сыйымдылығы да әр түрлі болады (100-150 мл, 500-1000 мл). Дөңгелек түпті кең мойынды колбалар сұйықтықтарды қайта айдауда колданылады. Арнайы пайдаланылатын колбалар да бар, мысалы Вюрц колбасы. Олардың сыйымдылықтары 250-300 мл, ал көлемдері әр түрлі болады.
Зертханалық жұмыстарда ерітінділер даярлауға, сүзуге, суалтуға, қайнатуға және жууға әр түрлі химиялық стакандар колданылады. Олардың көлемдері 50-500 мл және 500-1000 мл болады. Негізінен жұмыстар түрлері бойынша воронкалар әр түрлі мақсатта колданылады. Олар тамшылатқыш, бөлгіш, сүзгі, т.б. болып бөлінеді. Олардың түтіктері де әр түрлі болады. Қысқа түтіктілері сұйықтықтарды ыдысқа құюға, сүзуге қолайлы, ал ұзын түтіктілері бір сұйықтықты екінші сұйықтыққа құюға ыңғайлы болса, үшінші біреулері тамшылатып құюға пайдаланылады.
Шыны ыдыстарға кристаллизатор, түрлі воронкалар, сағат шынысы, аллонж да жатады. Фарфор табақшалар, тигельдер колданылады. Шыны ыдыстарды қыздырғанда ұстаткышты қолданады. Фарфор тигельде затты күшті қыздыру үшін сымнан жасалып фарфор сақиналарға орналастырылған үш бұрыш қолданылады. Қатты заттарды майдалау үшін қалың қабырғалы фарфор ыдыс, келі және келісап колданылады. Сұйыктық көлемін өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстар: колба, цилиндр жэне мензуркалар пайдаланылады. Өлшеуіш колбалардың мойны жіңішке белгісі бар, олардың көлемі әр түрлі 2 л, 1 л, 500 мл, 250 мл, 200 мл, 100 мл, 50 мл, 25 мл болуы мүмкін. Сұйықтықтың белгілі көлемін өлшеп алу үшін тамызғыштар қолданылады.
Тамызғыш - көлемі шағын ерітінділерді өлшеп, екінші бір ыдыска құю үшін колданылады. Тамызғыштардың өлшеуге арналған да түрлері бар. Олардың колемі де әр түрлі 1 мл-ден 100 мл-ге дейін болады. Өлшеуге арналған тамызғыштардың сыйымдылықтары әр түрлі. Мысалы, 1 мл-ден 500 мл-ге дейін өлшеу дәлдігі 0,2-0,1 мл. Сұйыктыктарды copy үшін, тамызғыштың ұшына рәзіңке баллон немесе медициналық шприц пайдалануға болады.
Бюреткалар. 0,1 мл-ге дейінгі дәлдікте бөлінген шыны түтік. Бюретканың жіңішкерген ұшында шүмегі болады. Кейде оның ұшына шыны бұршағы бар шлангы кигізеді. Бюретка ерітіндінің көлемін дәл өлшеуге арналған.
Медициналық шприц - ерітінділерді аса дәлдікпен сорып алу үшін колданылады. Онын көлсмі 1 мл-ден 20 мл-ге дейінгі аралықта болады. Ол сандық тәжірибелер үшін пайдаланылады. Сол сиякты оның көмегімен химиялық реакцияларда бөлінген газ көлемін анықтайды.
Термометр мектеп тәжірибесінде негізінен сұйықтық термометрі колданылады. Олар 20°С-тан 200° С -қа дейінгі аралықты көрсетеді, арнаулы қораптарда сакталады.
Ареометрлер әр түрлі сұйықтықтардың тығыздығын өлшеу үшін (кышқыл, сілті, тұздар ерітінділері, спирттер, сұйық көмірсутектер) колданылады. Ареометрлердің әр түрлі шкаласы болады. Ареометрлер судан ауыр және жеңіл деп бөлінеді. Мектепте негізінен сұйыктыктар үшін тығыздык арасы кеңдеу ареометрлер колданылады. Ареометрлерді жұмыстан соң жуып, кептіріп, арнаулы қорабына салып сақтайды.
Кейбір газдарды алу үшін Кипп аппараты қолданылады. Бөлінген газдарды газометрлерде жинап, сактайды. Газдарды тазартып кұрғату үшін тазартқьпи құтылар және құрғаткыш колонкалар пайдаланылады. Олар қыздырылған кальций хлориді, магний сульфаты, құрғақ сілті, концентрлі күкірт қышқылы және т.б. су сіңіргіш заттармен толтырылған.
Қатты кристалды заттарды бөлу және тазарту үшін қайта кристалдайды. Затты сумен немесе басқа еріткішпен бірге қыздырып ерітеді. Ыстық ерітіндіні сүзіп, арнайы кристаллизаторларда суытады. Температура төмендеген сайын заттың ерігіштігі азайып ерітіндіден кристалл түрінде бөлінеді. Түзілген кристалды Бунзен колбасына орнатылған сүзгі қағаз салынған Бюхнер воронкасы арқылы төмен қысымда сорып, сүзеді. Сүзуді су насосының көмегімен жүргізеді. Қайта кристалданып кептірілген затгы ылғал сіңбес үшін бюкске салып, эксикаторда сақтайды. Эксикатор түбіне концентрлі күкірт кышкылы немесе басқа құрғатқыш заттар, мысалы қыздырылған кальций хлориді салынған екі бөліктен тұратын ыдыс. Сұйықтықтарды таза бөліп алу үшін арнаулы құралдарда қанта айдау әдісін пайдаланады. Затты қайта айдау үшін қолданылатын колбаның түбіне бу біркелкі түзілу үшін капиллярларлар немесе фарфор сынықтарын салады. Қыздырған кезде белгілі бір температурада зат кайнайды, тузілген бу түтік аркылы суымен суытылатын суытқышқа өтеді. Суытқышта бу конденсацияланып сұйықка айналады да, түзілген конденсат тамшылары аллонж аркылы қабылдағышқа тамады. Қайта айдау процесін термометр арқылы бақылап тұрады.
Химиялық зертханада лас ыдыстармен жұмыс жүргізуге болмайды. Жұмыс аякталған соң ыдысты бірден тазартып кою керек. Суда жақсы еритін заттар қалдығын ғана сумен жууға болады. Ыдыс бүйірлеріне, түбіне жабысқан заттарды түрлі жуғыш заттар көмегімен тазалайды. Ыдыстағы май дақтарын кептіру үшін жуғыш заттар (сабын, ұнтақ), органикалық еріткіштер (спирт, ацетон, бензол, хлороформ, т.б.) қолданылады. Өте кір ыдыстарды тазарту үшін күкірт, азот қышқылдары, хром қоспасы, сонымен қатар сілтілер пайдаланылады. Мұндай кезде қолға резеңке қолғап және көзге сақтандырғыш көзілдірік кию керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет