7, 8 жұмыс. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары
Мына материалды білуі керек:
Мына жаттығулар мен сапалық есептерді шығарыңдар:
MgMgOMg(OH)2Mg3(PO4)2
PP2O5H3PO4 Mg3(PO4)2
CuSO4 Cu(OH)2 CuO Cu
CaCO3CaOCa(OH)2 CaCO3Ca(NO3)2
Cu CuO CuC12 Cu(OH)2 CuOCuCuSO4
FeFeSO4Fe(OH)3FeC12 .
ZnOZn(OH)2 ZnSO4 Zn(OH)2 ZnOZn(NO3)2
Al АІСІ3А1(ОН)з A12(SO4)3A1(NO3)3
H2SO4 SO2Na2SO3 SO2 H2SO4
Мына сапалық есептерді шығарыңдар:
1 Магний хлоридін және кальций карбонатын қандай реакциялардың көмегімен алуға болады?
2. Литий гидроксиді, күкірт (IV) оксиді, фосфор қышқылы, барий оксиді кандай химиялық қасиеттер көрсетуі мүмкін? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Белгісіз заттың ерітіндісіне натрий сілтісімен әсер етіп натрий сульфаты алынды, ол қай зат? Бұл зат мына берілген заттардың қайсысымен әрекеттеседі: Zn, CuO, СО2, Ғе(ОН)3?
Үш сынауықтың біреуіне сілті, екіншісіне қышқыл, ал үшіншісіне ас тұзының ерітінділері құйылған. Осы ерітінділерді бір-бірінен қалай
ажыратуға болады?
5. Кальций оксидінен кальцийдің нитратын қалай алуға болады?
Су қатысатын немесе нәтижесінде су молекуласы шығатын бірнеше
реакцияларды жасаңдар.
Оксид ЭО2 суда еріп, лакмусты қызыл түске бояйды. Бұл оксид мына
заттардың қайсысымен әрекеттеседі: Р2О5, СаО, Ва(ОН)2, HNO3
Жұмыстың мақсаты. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластардың электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан түсіндіру және дамыту.
Құрал-жабдықтар. Сынауықтар, колбалар, стакан, штатив, спирт шам, сүзгі кағазы, сіріңке, шыны таяқша, темір касықша, тығындар, шыны түтіктер, су құйылған шынылар, шыны пластинка, қысқыштар, кәрлен тостағанша.
Реактивтер. Концентрлі азот, тұз, күкірт қышқылдары, сұйытылған тұз қышқылы (1:2), азот қышқылының ерітіндісі (1:2), күкірт кышкылының ерітіндісі (1:5), лакмус, фенолфталеин ерітіндісі, лакмус қағазы, мырыш, мыс металдары, мыс (II) оксиді, күйдіргіш натр мен тұз қышкылының, барий хлоридінің, натрий бихроматынын ерітінділері.
а) Негіздік және қышқылдық оксидтердің гидратациясы. Негіздік және қышқылдық оксидтердің, сумен әрекеттесіп, гидратациялануын кальций және фосфор (V) оксидтері көмегімен көрнекі көрсетуге болады. Екі сынауықтың біріне кальций оксидін, екіншісіне фосфор (V) оксидін салыңдар. Екеуіне де бірнеше тамшы су құйыңдар. Оксидтердің дыбыс шығарып, жылу бөліп әрекеттескеніне назар аударыңдар. Осы оксидтердің сумен әрекеттесуі нәтижесінде кандай заттар түзілетінін көрсетіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітінділерді лакмус қағазы арқылы тексеріңдер.
ә) Гидратацияланбайтын негіздік және қышқылдық оксидтер. Үш сынауықтың біріншісіне мыс (II) оксидін, екіншісіне темір (III) оксидін, ал үшіншісіне кремний оксидін салып, әрқайсысына 3-4 мл су құйып, шайқап араластырыңдар. Біраз тұндырып, алғашқы екі сынауықтағы сұйықтыққа қызыл лакмус кағазын, ал соңғы сынауықтағы сұйыктыққа көк лакмус қағазын батырыңдар. Индикатордың түсінің өзгермейтіндігін байқаңдар, қорытынды шығарып, жауаптарыңды дәлелдеңдер.
б) Негіздік оксидтердің қышкылдармен, ал кышқылдық
оксидтердің негіздермен әрекеттесуін байқау. Сынауыққа аздаған мыс
оксидін салып, оның үстіне оксид толық әрекеттесетіндей сұйытылған тұз
немесе күкірт кышқылының ерітіндісін құйыңдар. Сынауықты спирт шамының
жалынында шайқап қыздырындар. Ерітінді түсінің біртіндеп өзгеруіне назар
аударыңдар. Мыс тұзының түзілгенін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Екінші сынауыққа 2-3 мл әк суының ерітіндісін кұйып, газ жинайтын кұралдан көмір қышқыл газын жіберіңдер. Әк суының лайланғанын, одан әрі көмір қышқыл газын жібергенде лайланған тұнбаның жойылатынын байқаңдар. Осы өзгерістердің реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
в) Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі. Екі сынауықтың қабырғасымен жылжытып біріншісіне мырыш түйіршігін, екіншісіне магний ұнтағын салып, үстіне сұйытылған тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Бөлінген сутегі газын жағып көріңдер. Келесі тәжірибеде екі сынауықтың екеуіне де мыс түйірлерін салып, біреуіне сұйытылған тұз қышқылын, ал екіншісіне күкірт қышқылының (1:5) ерітінділерін құйыңдар. Мыс күкірт қышкылымен әрекеттесе ме?
г) Тұздың қышқылдармен әрекеттесуі. Екі сынауыққа барий хлориді ерітіндісін құйыңдар, олардың біріншісіне сұйылтылған күкірт кышқылының, екіншісіне азот кышқылының ерітінділерін қосыңдар. Қышкылдардың, тұздардың және негіздердің ерігіштік кестесін пайдаланып, реакция нәтижесінде түзілген заттардың қайсысы тұнбаға түскенін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі. Екі сынауық алыңдар да ¼ бөлігіне дейін, біріншісіне мыс (II) сульфатының, екіншісіне темір (III)
хлоридінің ерітіндісін құйыңдар. Әр сынауыққа натрий гидроксиді ерітіндісін
тамызындар. Бірінші сынауықта борпылдақ көкшіл, ал екінші сынауықта
борпылдақ коңыр тұнба түзілгенін бақылаңдар, реакция теңдеулерін жазыңдар.
Ерігіштік кестесін пайдаланып, қандай заттар тұнбаға түскенін анықтаңдар.
ж) Суда ерімейтін негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі.
Жоғарыдағы тәжірибеден суда ерімейтін мыс (II) гидроксиді мен темір (III)
гидроксидінің түзілгенін байқадық. Осы тұнбаларды сүзіп, жуыңдар. Оны екіге
бөліп, бір бөлігіне күкірт немесе тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар.
Екінші бөлігін темір қаңылтырдың бетіне салып, қыздырыңдар. He
байқадыңдар? Байқалған құбылысты және реакция теңдеуін жазындар.
е) Тұздың тұзбен әрекеттесуі. Екі сынауыққа барий хлоридінің
ерітіндісін құйып, біріншісіне күміс нитратының, екіншісіне натрий
сульфатының ерітінділерін қосыңдар. Түзілген тұнбалардың түсіне назар
аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тағы да бір сынауыққа барий
хлоридінің ерітіндісін құйып, оның үстіне калий нитратының ерітіндісін қосыңдар. He байқадыңдар? Реакция тендеуін жазыңдар.
з) Металдардың басқа металл тұздарымен әрекеттесуі. Екі
сынауықтың біріне сынап нитратын, ал екіншісіне мыс (II) сульфатының
ерітінділерін құйыңдар. Бірінші сынауықтағы ерітіндіге мыс сымын , ал екінші
сынауыққа темір шеге салыңдар. Бір металдың екінші металды қалай
ығыстырып шығаратынын (орнын басатынын) байқап, реакция тендеуін жазыңдар.
и) Амфотерлі қосылыстарды алу және олардың қасиеттерін сынау. Сынауыққа 3-4 мл 0,1 н натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, оның үстіне сондай концентрлі мырыш сульфатының немесе мырыш хлоридінің ерітіндісін тұнба түзілгенше тамызындар. Алынған тұнбаны екіге бөліп, біріне 1 н тұз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар. Тұнбаның ерігеніне назар аударыңдар. Екінші сынауыққа 1 н күйдіргіш натрдың ерітіндісін қосыңдар. Мұнда да тұнбаның ерігенін байқаңдар. Осы құбылысты түсіндіріп реакция теңдеуін жазындар.
Достарыңызбен бөлісу: |