2. Оқушылар эксперимент жургізетін бөліміндегі тұрақты жабдықтар: оқушылар жұмыс столы, сондай-ақ кұралдар мен реактивтердің арнайы тобын сақтауға арналған шкафтар.
Бұл бөлімді ұйымдастырудың екі әдісі бар: бірінші әдіс бойынша оқушылардың экспериментке арналған оқыту құралдары мен реактивтерді әрбір жұмыс үстеліне тұракгы қойылған екі жәшікке орналастырады. Жәшіктің біреуіне көлемі кішкене әр түрлі ыдыстар және оқушыларға арналған кұралдар мен қондырғыларды монтаждау материалдары, екінші жәшікке әрдайым пайдаланылатын реактивтердің жиынтығы алдын-ала салынып, даяр тұрады. Бұл әдістің тиімділігі - сабақ үстінде жеке тәжірибелерді көрсеткенде жабдықгар даяр тұрады, уақыт үнемделеді.
3. Жалпы педагогикалық оқыту әдістемесі бөлімінің тұрақты құрал-жабдықтары: сынып тақтасы, магниттелген такта, кестелерді ілетін құрылғылар, экрандық кұралдарды көрсетуге арналған аппараттар, экран, үнемі пайдаланылатын кестелер (мысалы, химиялық элементтердің, Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі, металдардың электрохимиялык кернеу қатары, қышқылдар, негіздер жэне тұздардың ерігіштік кестелері, т.б.), электрленген кестелер, проекциялық материалдарды сақтауға арналған таспалар, баспадан басылып шыққан кестелер, әртүрлі модельдер. Тасымал жабдықтарға оку құралдары жатады: дискеттер, CD-дискілер, кестелер, қажет болғанда қолданылатын проекциялық материалдар, сондай-ақ заттар кұрылысын модельдеуге арналған кұралдар, т.б.
4. Білімді бақылау мен жетілдіру бөлімінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған жалпы дидактикалық оқу құралдары болады. Бұлардың негізгілері: қосымша оку құралдары, анықтама әдебиеттер, бақылау жұмыстарының текстері мен өздері жасаған карточкалар, барлық сыныптарға толық жететін есептеу механизмдері, дискеттер, CD-дискілер.
Химиялық бөлмеде жұмыс жасайтын әрбір окушы химиялық реактивтермен, құрал-жабдықтармен жұмыс жасау ережелерімен танысады және оларды қатаң түрде орындауға үйренеді. Мұғалім бұл іске жоғары талап коя отырып, техника қауіпсіздігінің адам өмірімен тікелей байланысты екенін оқушыларға түсіндіре білуі қажет.
Қауіпсіздік ережесін меңгермеген оқушы өздігінен жұмыс жасауға жіберілмейді. Қауіпсіздік жөніндегі нұсқау беру химия зертханасының ресми құжаты болып табылады. Бұл нұсқаудың үзінділері немесе түгел мәтіні зертханада окушы оки алатын биіктікте тұруы тиіс.
Қауіпсіздік жөніндегі оқушылардың білімін тексеру журналы болады. Зертханада жүргізілетін ұйымдастыру жұмыстары төмендегі кестеге толтырылады: