Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Топ бойынша сілтілік металдардың салыстырмалы активтігін



бет9/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Топ бойынша сілтілік металдардың салыстырмалы активтігін байқау
Үш штативке үш шыны түтікті бекітіп, су құйылған үш стаканға батырыңдар. Сынауықтарға 2-3 тамшыдан фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар. Керосинге салынған литийден, натрийден және калийден кішкене кесіп салып, сүзгі қағазымен құрғатып кәрлен бюкске салыңдар. Осыдан кейін металдарды кысқышпен алып сынауықтарға салыңдар. Металдардың сумен әрекеттесу активтілігіне назар аударыңдар. Барлық сынауықтарда сілті ерітінділері түзіліп, сутегі бөлінеді. Реакциялардың теңдеулерін жазып, қорытынды жасаңдар.
Металл алюминийдің бром және иодпен әрекеттесуі
а) Үлкен сынауықты тік бағытта штативке бекітіп, ішіне 1-2 мл шамасында бром сұйықтығын құйыңдар. Оны хлоркальцийлі түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Бромның буларын сіңіріп алу үшін хлоркальцийлі түтіктің жуандау жеріне ағаш көмірін салып, ол сынауыққа түсіп кетпеу үшін төменгі жағына аздап мақта төсеңдер. Сынауықтың астыңғы жағына ішіне су кұйылған кристаллизатор қойыңдар. Ол реакция кезінде сынауық сынып кеткен жағдайда бром төгіліп, бүлдіруінен сақтайды. Осыдан кейін сынауықтың тығынын ашып, бір-екі түйір алюминий немесе алюминий сымының кесіндісін салып, тығынын қайта жабыңдар (бромды аздап қыздырыңдар). Шамалы уақыттан кейін алюминий броммен әрекеттесіп, қызарып жанады.
ә) Иодтың алюминиймен әрекеттесуі. Иод ұнтақ күйіндегі кейбір металдармен оңай әрекеттеседі. Оны иодтың алюминий ұнтағымен әрекеттесуінен байқауға болады. Ол үшін шыны пластинкаға бірдей мөлшерде иод пен алюминийді салып, шыны таяқшамен жақсылап араластырыңдар. Одан кейін қоспаны үйіп конус тәрізді төмпешік жасап, ортасын шұңқырлап, екі-үш тамшы су тамызыңдар. Бетін воронкамен жабыңдар, воронканың түтігін мақтамен бекітіңдер. Шыны пластинканы тартпа шкафка койындар. Аздан кейін алюминий мен иод судың катализаторлык әсерінен қуатты түрде әрекеттесіп, иодты алюминий түзеді. Көп мөлшерде күлгін түсті иод буы бөлініп, иодта алюминий тұтанып жанады. Осы тәжірибелерден бром мен иодтың салыстырмалы активтігін байқауға болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет