Қазақстан графика өнері және график суретшілері,шығармашылықтары
Қожағұлова Аружан
Қартбаева Бақтыгүл
Мазмұны
1.Қазақ графика өнері.
2.График суретшілері,шығармашылықтары.
3.Қазақстанның график суретшісі С. Романов пен М. Қисамединовтың туындылары.
1. Графика өнері.
Графика» - қағаз не қатырма қағазға (картонға) қарындаш , қаламуш, көмір, қыл-қалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналармен салынған сурет.
Графика гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Сызба өнері – бейнелеу өнерінің ішіндегі ең көне және жан-жақты дамыған түрі
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер гравюралар, кітап иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, кітап шрифтілері, түрлі жарнамалар мен маркалар жатады.
Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі-түсті қарындаш және қолмен салынған суреттер де графикаға жатады. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілер И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисаметдинов, А.Смағулов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. атауға болады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор.