Қисамединов Мақым Мұстақұлы 1939 – 1982 – график суретші. Оның сурет салу тәсілдері линогравюраны қолдана отырып ,қондырғылы және кітап графикасында жұмыс істеді.Диплом жұмысы ретінде . МӘуезовтың «Абай жолы » романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді. Қисамединовтың басты туындыларының бірі – Абай портретінде ақын киізүйдің айқара ашылған сігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті , иілген ік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығарма асқақ сезім мен монументтік қалып береді. Қазақтың кино суретшісі, графигі кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған 1967 жылы Қазақстан өнерінееңбек сіңірген қайраткер, 1981 жылы Халық суретшісі құрметі атағы берілді.С.Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркем сурет мектебінде оқыған. Суретші С. Романов 50 – 60 жылдар аралығында «Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Жангелдин отряд», «Найзатас», «Ас беру», «Қырық өтірік», «Құрманғазы » атты кинофильмдеріне декорация жасады. Сонымен қатар осы кинофильмдерге арнап кеіпкер костюмдерінің нобайларын , эскиздерін салды. С. Романов шығармаларында ақын «О. Сүлейменов», «Автопортрет», «Мұхаммед Хайдар Дулати , портретері ерекше орын алады. С. Романов шығармашылығында «Жер туралы декрет», «Бұғаудан босану», «Отан аспан аясында», «Төлектің тор жайлауында», «Бектау аты », «Аврора жаңғырығы», «Құсбегі» картиналары ұлттық калоритімен символдық тілімен ерекшеленіп , суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады.С. Романов «Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен» наградталған.