Күні: 26.01.2017ж. Сыныбы: 9 б.
Сабақтың тақырыбы: Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды символдық шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Символдық мәліметтерді Паскаль тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық ой- өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліг: Паскаль АВС, интерактивті тақта, презентация.
Барысы:
I.Ұйымдастыру
-
Сәлемдесу.
-
Сабақ барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасымен жұмыс.
«Өрмекші торы» әдісі
-
Литерлік шамалар қандай типте болуы тиіс?
-
Литерлік шамалар үшін қандай стандартты функциялар қолданылады?
-
Мәтін ұзындығын анықтайтын функция қалай аталады?
-
Қиып алу операциясы Pascal тілінде қандай функция көмегімен орындалады?
-
Символдарды өшіру функциясы қалай аталады?
-
Символдарды кірістіру функциясын ата.
-
COPY функциясы не үшін пайдаланылады?
-
LENGTH функциясының атқаратын қызметі не?
-
DELETE функциясын не үшін пайдаланамыз?
ІІІ. Практикалық жұмыс
-
Сәйкестендіру тесті.
-
№
|
Функция атауы
|
Әрекеті
|
1
|
Concat
|
s1 кіші сөзі s2 ұзын сөздің ішінде барма, жоқпа соны анықтайды және символдардың тұрған орнын көрсетеді.
|
2
|
Pos
|
Жолдың ұзындығын анықтайды
|
3
|
Upcase
|
Сөз бөлігін қиып алады.
|
4
|
Length
|
s1, s2 ,…, sn мәндерін тұрған орындары бойынша біріктіреді.
|
5
|
Copy
|
Кіші латын және орыс әріптерін бас әріпке ауыстырады.
|
Компьютерде проактикалық жұмыс
-
Келесі программаның ішіндегі қателерді табу.
Program esep1;
var a, b: real;
N, i: integer;
Begin
Write ('eki cozdi engiz')
readln (a, b);
N:= Length (a);
I:= Length (b);
if n>i then write (N) else Write (I);
end.
-
Үзіндіде қандай жауап шығатынын табу
S1:=’ти’;
S2:=’кар’;
S3:=’на’;
S:=Concat(S2,S1,S3);
Writeln (S);
S1:=’Монитор’;
S2:=’р’;
d:=pos(s2,s1);
Writeln (d);
3-есеп: «Кітап» және «хана» сөздерін біріктіріп «Кітапхана» сөзін шығару
PROGRAM ESEP1;
VAR A:STRING[5];
B:STRING[4];
C:STRING[10];
BEGIN
A:='Кітап';
B:='хана';
C:=CONCAT(A, B);
WRITELN('C=',C);
END.
Нәтижесі: C=Кітапхана
V. Қорытындылау. Бағалау. Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»
VІ.Үйге тапсырма.
1 – есеп. Кітап» және «хана» сөздерін біріктіріп «Кітапхана» сөзін шығару.
2 – есеп. Кез келген мәтіндегі кіші әріптерді бас әріптерге ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |