Сабақтың тақырыбы: «Циклдің алғы шарты»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін While операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қоладанатын әдістер: түсіндірмелі –илюстративті , сұрақ-жауап , баяндау.
Сабақта қолданылатын
құрылғылар: мультимедиялық компьютерлік сынып ,
мультимедиялық проектор
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздерме! Біз өткен сабақтарымызда Паскаль тілінің операторларын өткенбіз. Ол операторлардың Паскаль тілінде есеп шығаруда қандай қызмет атқаратының , олардың бір-бірінен айырмашылықтарын білеміз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үйде Паскаль тілінің операторларын қайталадыңыздар. Енді сіздердін операторлар негіздері бойынша білімдеріңізді тексерейік.
Ой қозғау. (Сөзжұмбақ шешу)
IІІ. Ой түрткі. (Топпен жұмыс)
қазақша
|
ағылшынша
|
Шығару
|
Write
|
енгізу
|
Read
|
егер
|
If
|
онда
|
Then
|
әйтпесе
|
Else
|
соңы
|
End
|
бастау
|
begin
|
IV. Жаңа сабақ:
Циклдік оператордың үш түрі бар
параметрлі цикл шартын алдын ала шартты соңынан
тексеретін цикл тексеретін цикл
ағылшынша for while repeat
қазақша үшін әзір қайталау
Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары. WHILE операторы.
Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.
Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |