Паскаль тілінің қайталану операторлары және көмекші программалары



Дата07.02.2022
өлшемі14,24 Kb.
#85028
түріПрограмма
Байланысты:
лекция


Паскаль тілінің қайталану операторлары және көмекші
программалары
Қайталау (цикл) операторлары белгілі бір операторды немесе операторлар тобын бірнеше рет орындау мүмкіндігін ұйымдатыруға қолданылады. Қайталанатын операторлар тобы циклдің денесін құрайды. Паскальда циклдің үш түрі бар: for (үшін циклі), while (әзір), repeat (дейін). Қайталау саны белгілі болған жағдайда үшін циклін пайдаланған жөн. Ал қайталау саны белгісіз боғанда әзір, дейін циклдерін қолданамыз, бірақ циклге кіру немесе циклден шығу шарттары белгілі жағайда қолданылады.
Үшін циклінің ұйымдастырылуы
For-do циклі қайталау саны алдын ала белгілі болған жағдайда қолданылады.
Жалпы түрі:

  1. For <айнымалы аты>:=<бастапқы мән> to <соңғы мән> do <цикл денесі>;

  2. For <айнымалы аты>:=<бастапқы мән> downto <соңғы мән> do <цикл денесі>;

Мұндағы бастапқы мән және соңғы мән сан немесе өрнек болуы мүмкін.
For-do қадам оң болғанда, For-downto қадам теріс болғанда қолданылады. For...do циклінде қадам 1-ге, For...downto циклінде қадам 1-ге тең. Толығырақ айтқанда, берілген цикл түрі төмендегідей анықталған:
а) диапазон арқылы басқарушы айнымалы мәні ауыспалы және бір уақытта қайталау саны цикл ішіне жинақталады;
б) ауыспалы мән өзгеріп отырады (өспелі немесе кемімелі);
в) жеке құбылыс әрбір итерацияда орындалады (цикл операторының ішінде).
Үшін цикліне келесі жай мысалды қарастырайық:
For i:=1 to 10 do M[i]:=i*2
Берілген мысалда қайталау циклі 10-ды меншіктейді, сонымен бірге і басқарушы айнымалы 1,2, ..., 9, 10 мәндерін қабылдайды.
Басқарушы айымалыда диапазон мәні өрнекпен берілуі мүмкін және есептеуден алдын цикл орындалады:
for j:=x+2 downto x-2 do
begin
M[j*2-1]:=Func(A, B);
Proc(M, j);
end;
Бұл мысалда j айнымалы мәні жүйелі түрде бастапқы мәннен х+2 соңғы мәнге х-2 дейін қысқартылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет