Символдар бойынша жолдарды өңдеу. Символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функция.
Жалпы мақсаты
Тақырыпты Блум таксономиясы арқылы сыни тұрғыдан игере отырып, оқушылар символдық шама типтерімен танысады.
Компьютерлік модель, компьютерде модельдерді зерттеу ұғымдарымен таныстыру. Қолдану салаларын, маңызын ұғындыру
Түйінді идеясы
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
Әбу Нәсір әл-Фараби
Оқушылар үшін оқу нәтижелері
Символдар бойынша жолдарды өңдеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялармен танысып, білімдерін бекітеді. Топпен жұмыс істеп идея бөліседі. Бір-бірін тыңдайды, кеңес береді. Шығармашылық тапсырмамен жұмыс жасайды.
Сабақта қолданылатын материалдар
А4 қағаз, АКТ, стикерлер.
Оқыту әдістері
Блум таксономиясы алты ойлау деңгейі. Оқушылардың өзара белсенділігін арттырып қызығушылығын ояту.
Дерек көздері
Слайдтар, кесте, 9 сынып оқулығы.
Тапсырмалар
Мұғалімнің іс-әрекеті
3 мин
5мин 7 мин 15 мин
5 мин
7 мин
3 мин
Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
Тапсырма №1. «Миға шабуыл» әр түрлі сұрақтар арқылы оқушылардың білім деңгейін тексеру.
Тапсырма №2. Жаңа сабақ. Слайдта жасалған түсіндірме деректер, кесте арқылы түсінеді.
Тапсырма №3. Топпен жұмыс тақырыпты ашу.
Тапсырма №4. Салыстырмалы талдау жасау.
Тапсырма №5. Кестемен жұмысы.
Үйге тапсырма. № 15 практикалық жұмыс.
Тапсырмалар:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Білу
Ашық, жабық сұрақтар
1) Алгоритм дегеніміз не?
2) Операторлардың қандай түрлерін білеміз?
3) Олардың қызметші сөздерін ата.
4) Бұл операторларды қолдану барысында қандай тілді пайдаланамыз?
5) Графикалық режим дегеніміз не?
6) Бұл оператор қалай жұмыс жасайды.
7) Қандай типтерді білесіңдер?
8) Олар нешеге бөлінеді және қалай аталады?
Түсіну
Сурет, кесте, мысалдар көрсету.Аашық, жабық сұрақтар арқылы түсіндіреді.
Берілген екі сөз тіркесінен ең ұзынын анықтау.