Пәні: Математика
Күні: 29.10.20
|
Сынып: 1
Қатысқан оқушылар саны:25
Қатыспаған оқушылар саны: 0
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Рамазан Гүлдана
|
Сабақтың тақырыбы:
|
2.1 Санды және әріпті өрнек
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындайды:
Әріпті өрнектерді таниды.
Әріпті өрнектердің мәнін тауып жазады.
Санды және әріпті өрнектерді ажыратады.
Көптеген оқушылар орындайды:
Санды және әріпті өрнектердің ерекшелігін талқылайды.
Өрнекті құрамына қарай санды немесе әріпті өрнектерді сәйкестендіреді.
Кейбір оқушылар орындайды:
Санды және әріпті өрнектерге өрнектер құрастырады
|
Бағалау критерийлері
|
Санды және әріпті өрнекті ажыратады.
Санды және әріпті өрнекті сәйкестендіреді Санды және әріпті өрнектерді тауып жазады
|
Пәнаралық байланыс
|
Оқушылар дүниетану ,жаратылыстану пәндерімен байланыстырады.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап,ребус, «Кім тапқыр?», «Кел ойнайық!», «Мен шығара аламын!»
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер,дәптер,слайд
|
АКТ-ны қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта,слайд
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері 40 минут
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Оқушының іс-әрекеті Кері байланыс
|
Сабақтың басы
5 минут
|
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылармен амандасу 2.Оқушыларды түгендеу 3.Оқушылардың дайындығын сұрау
|
|
1.Психология- лық ахуал туғызу
|
Сендердің көңіл – күйлерің қалай ? Кімнің көңіл-күйі тамаша Кімнің досы осы сыныпта
Кім өз-өзіне сенімді Бір-бірлеріңе лебіздеріңді білдіріңдер.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық
|
☺(жақсы)
(қол көтереді).
(қол шапалақтаңдар) (қол көтеріңдер)
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
Санды өрнек
Кіріспе Мұғалім сөзі: Балалар санды өрек пен әріпті өрнектің айырмашылығы бар:Санды өрнек-жақшадан тұратын өректің түрі.Егер өрнектің құрамында әріп болмаса,ол өрнек «санды өрнек» деп аталады.
(5+10)- (6-2) -
Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен байланысқан әріптер мен сандардан құралған өрнектерді әріпті өрнектер деп атаймыз
Мысалы:5+х, 4+у 8-а
Әріпті өрнек
Үлгі:
(6+а),(а+с) (6-а),(с-а)
Оқушыларды қорап ішіндегі сандар,әріптер ,Қосу және азайту таңбалары арқылы 3-топқа бөлемін.
1-тапсырма: «Кім тапқыр» Алдыларыңдағы карточка арқылы әріпті өрнектер мен санды өрнектерді ажыратыңдар Қай топ бірінші бітсе сол топ көп ұпай жинайды . Дескриптор: Санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі ҚБ: «Бағдаршам әдісі»арқылы
2-тапсырма «Теңсіздік» Санды және әріпті өрнектер құрастырып жаз. Өрнектерді әр түрлі тәсілмен оқы. 3-топ өрнекті құрастырады,жазады,атауын атайды Дескриптор: Құрастыра алады,жаза алады,атауын біледі. ҚБ: Топ-топты бағалайды( Үш шапалақ әдісі арқылы бағалау) Топтық жұмыс: «Өрнек» 3-Тапсырма: Әріпті және санды өрнектерді сәйкестендіреді. 3+6 а+9 а+5 10+20
9+8 у+23 Сұрақ-жауап: -Әріпті және санды өрнектерді қалай ажыраттық ? -Тапсырманы орындау қиын болды ма? -Әріпті өрнек пен санды өрнекте қандай айырмашылық бар? Дескриптор: Әріпті және санды өрнектерді сәйкестендіре алады. ҚБ: «Смайлик әдісі»
4-тапсырма «Кел ойнайық!» Тиісті жемісті тауып жеуге көмектес. Дескриптор: Санды өрнектің мәнін тауып жаза алады. ҚБ: Топтар өзара «Бес жұлдыз» әдісі бойынша бағалайды. Сергіту сәті: «Қызықты бөлім» Аңдарға өз үйін табуға көмектес. Өрнектерді оқы.
Дескриптор: Санды және әріпті өрнекті орындарына қоя отырып,атауын табады. ҚБ: «Шапалақтау әдісі »
|
«Көңіл-күй смайликтері» арқылы әр топ өздерін бағалайды
1-топ: «Сандар» 2-топ: «Әріптер» 3-топ. «Қосу және азайту»
4+2=6 3+1=4 5+5=10 9-0=9 9-6=3 2 +3=5
|
Сабақтың соңы Қорытынды 5 минут
|
Рефлекция «Білім қоржыны» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.
|
Саралау
|
Оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді
қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы
қалай түрлендіресіз?
1. Әр тапсырманың соңында мадақтау әдісін қолдану
2. Оқулықтан тыс, күрделі тапсырмалар
|
|
Бағалау критерий
|
Сабаққа толық қатысқан оқушыға-5балл
Оқылым бөлімінде толыққанды оқи алмағандарға-4балл
Сабақта жазылым бөлімінде назар аудармағандарға -3балл
Сабақты мүлде түсінбегендерге-2балл
|
Балдарды ескере отырып,оқушының бжілімін анықтау және оны жетілдіруге қосымша тапсырмалар ұсыну.
|
Дескриптор
|
1. Санды және әріпті өрнектің не екенін біледі. 2.Санды және әріпті өрнекті ажырата алады. 3.Өрнектердің мәнін тауып жаза алады
|
|
Үйге тапсырма
|
68- беттегі 4-тапсырманы орындап келу а мен 9 санының айырмасын жаз а=9, а=10 деп алып, айырманың мәнін тап.
|
Үй тапсырмасын күнделікке жазып беру
|
Қорытынды бағалау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
|
|