1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет1/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
77 каулы, Жүректің сырлары


@zhannyn_sayasy_ 
ОРАМАЛЫМ-ҚОРҒАНЫМ 
(1-ші бөлім) 


 
Алғы сөз 
Барлық мақтау-мадақ әлемдердің Раббысына тән. Аллаһтың
ардақты Пайғамбарына, оның отбасы мен барлық сахабаларына 
салауат пен сәлем болсын! Рахымды Аллаһтың атымен 
бастаймын! 
Аллаhтың шексіз Мейірімінің арқасында елімізде Ислам дініміз 
таралып, 
бауырларымыздың 
Раббымыздың 
парыздарын 
орындауға барынша тырысып жатқаны қуантады. Солардың бірі 
ретінде қаракөздеріміздің өз әуреттерін жауып, арам көздер мен 
ойлардан қорғануға ниет етіп, орамалға келіп жатқаны ерекше 
қуантады. Алайда өтірік емес, аруларымыздың кейбіріне орану 
оңайлықпен келгенімен, басқа біреулеріне түрлі сынақтар, 
қиындықтармен келіп жатыр.
Бұл кітапшаның шығарудың мақсаты - орамал тағуға ниет еткен 
қыздарға насихат, мотивация беру. Себебі орану - Алланың әмірі.
Алайда бұл әмірді орындау кейбір аруларға жақындары, ата-
анасы, оқу орны тарапынан қарсылықпен, қиындықтармен келуі 
мүмкін. Сол кезде көптеген арулар ақыл-кеңеске, қолдауға 
мұқтаж болып жатады. Осы жағдайда қаракөздерімізге әрі 
қолдау, әрі мотивация мен жақсы ой салу ниетімен осы 
кітапшаны шығаруды жөн көрдік. Оқиғалар шынайы өмірден 
алынған, риядан сақтану әрі конфидекциялдылық мақсатта 
авторлары анонимді түрде жарияланған. 
«Үмметке пайда әкелу – мақсатымыз, 
Ин шәә Алла, қабыл болар бастауымыз!» 


 
1-ші бөлім 
50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу 
оқиғалары 


Орамалды арудың оқиғасы #1

Алғаш рет мен жазда хиджаб киіп көрдім, сол кезде айнаның 
алдынан шықпай өзімді тура бір ешкім тиісе алмайтындай, 
мықты бір қалқанда болғандай сезінген едім. Сөйтіп жүргенде 
анам «Шеш, әлі ерте саған, мектеп бітіріп ал» деді. Сонымен 
орамалды шешкеніммен, киімімді шешпедім. Кейін уақыт өте 
келе намаздан соң орамалды шешпей үйде жүру әдетке айналды, 
оған отбасы мүшелерімнің де көзі үйрене бастады. 
Сонымен мектепте сынақ тест тапсыратын кез келген еді. Сол 
кезде мен «Кім не десе, о десін» деп, орамалмен бардым. 
Сыныптағы ұлдар бір-біріне «Хиджабтағы қыз» деген өлең бар 
емес пе, соны жіберсеңдерші оған» деген сияқты сөздер айтқаны 
есімде. 
Намаз уакытына 15 минут қалды. Сонымен не керек, жақын 
құрбыммен ағайдан «Ручкаға барып келейікші» деп сұранып, бос 
кабинетке барып, намаз оқып келгенбіз. Ол кезде қар аралас 
жаңбыр жауып тұрған болатын, сыныпқа қайтып келгенде ұлдар: 
- Қайда бардыңдар, үстерің су емес? Далаға шыққан адамға 
ұқсамайсыңдар? - деп сұрастыра бастады. Мен ештеңе демедім
құрбым болса: 
- Не шаруларың бар? - деп оларды басып тастады. Сабақ біткен 
соң үйге кайттық. Ертесіне орамалды шешіп, достарымның 
көзінше тақпайтын болдым, тек үйде тағып жүрдім. Солай уақыт 
өте берді, әркім әртүрлі сөздер айтты, шыдап жүре бердім. 
Бір күні мектеп карантинге жабылды, сосын мен қалаға анамның 
қасына барып, сол жақта екі күн хиджаб киіп жүрдім. Анамның 
жанында жұмыс жасайтын бір апа «Әлі жассың ғой, шеш, кемпір 
ұқсамай» деп еді, ол кісінің сөзін анам да қоштады. Сонымен не 
керек, қайтадан шешіп тастадым. Одан соң тырысып тұратын 
киімдерді кигім келмей кетті, бірақ амал жоқ, кең шалбарлар киіп 


жүрдім.

Күндердің күні анамның жұмысына екінші ауысыммен жұмыс 
жасайтын бір аға келді. Әлхамдулилләh, ол да намазда екен. 
Маған: 
- Неге намаздан кейін киіміңді шешіп тастайсың, әйел адамның 
бір тал шашы әурет екенін білесің ба? - деді. Мен: 
- Иә, білемін, бірақ бәрі шештіріп тастайды, мектепте рұқсат 
бермейді, әркім әр түрлі ойлайды, - деген едім, ол кісі: 
- Біреудің сөзі, ойы сені еш уақытта қызықтырмасын, - деп жауап 
қатты. 
Сосын ұзақ ойланып, «Болды, енді шешпе» дедім өз-өзіме. Сол 
күнгі құптан намазынан соң орамалымды еш шешпедім, 
Әлхамдулилләh. Бұдан кейін де Аллам орамалымды 
шештіртпесін! Орамалым екі дүниеде де қорған болсын Ин шәә 
Аллаһ! Содан бері анам да, әлгі апа да ештеңе демеді, әрі 
қайырлысы ол апа да мен барғанда намаз оқып бастапты, сол 
себепті де болар, қарсылығын қойды. Бұл мен үшін бір үлкен 
белесті бағындырған кез болды, Аллаһу Әкбәр!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет