1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет3/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
77 каулы, Жүректің сырлары
Орамалды арудың оқиғасы #3
28. 01. 2020-шы жыл. Алланың қалауымен осы күннен бастап 
орамал тақтым. Аз уақыт болса да орамалды бірінші күннен 
бастап жатсынбадым. Көп жылдар бойы орамалда жүрген 
сияқтымын. Ол сезімді сөзбен жеткізе алмасым анық…. 

Ата-анам дінге жақын адамдар емес. Сонда да кішкентай 
кезімнен Аллаға деген сенімім мол болды. Мектепте жүргенде 
аптасына бір рет ұстаздар келіп, уағыз-насихат жасайтын, онда да 
жиі емес. 
Мен өте ашық мінезді ешкімнен басымнан сөз асырмайтын бір 
беткей қыз болдым. Ән-би, ойын-сауық деген дүниеге құмар 
болдым. Бірақ Алланың жолы хақ екендігіне, сол жолмен жүру 
керек екендігіне сенетінмін, жиі ойлайтынмын. Алланың
қалауымен 2019-шы жылғы Рамазан айының алғашқы күнінде 
намаз бастадым. Емтихан кезі болатын, намазымда Аллаға уәде 
еттім: «Емтиханнан жақсы балл жинап, өзім қалаған оқу орынна 
түссем, орамал тағамын, бұрынғы жаман әдеттерімді қойып, 
Өзіңнін хақ жолыңмен жүремін»- дедім. 
Кейбіреулеріңіз мені «Оның не?» деп сөгулеріңіз мүмкін. Бірақ 
менің ешқандай арам ойым болған емес. Алланың құдіретін 
қараңызшы, өзім ойлағаннан да жоғары балл жинатып, қалаған 
оқу орныма, қалаған мамандығыма түсірді. Қуанышымда шек 
жоқ, бір семестр бойы сабақ оқыдым. «Аллаға берген уәдемді 
қашан орындаймын?» деген ой күніге мазалайтын. «Орамалды 
тағып кетсем ата-анам ұрсады, өзім студентпін, киім алуға ақша 
жоқ қой, не істесем болады?». Шайттанның қиындық тудырып 
салып жатқан ойы ғой әрине. 
Күнделікті оқуыма барып таныс қызды жолықтырып қалдым. Ол 
хиджабпен жүр екен. Менің таңданысымда шек жоқ, ол қызға: 
- Менің де орамал таққым келеді, бірақ ата-анам қарсы,- деп 


бастадым әнгімемді. 
- Менің де ата-анам қарсы, дінге жақын адамдар емес. 
- Орамал тағайын десем киім алуға ақшам жетіңкіремейді, 
орамал, юбка сияқты заттарға,- деймін. Әлгі қыз жымиып: 
- Менде де екі юбка, екі орамалым ғана бар, - дейді. Мен таңдана: 
- Аа, олай жүруге болады ма екі-ақ орамал мен екі юбкамен? 
- Әрине, сен де солай баста, Алла өзі қалғанын реттеп береді, - 
деді. Үнсіз тұрдым. Тағы да: 
- Сен ата-анаңа орамал киетініңді ескерттің бе?- дедім. Әлгі қыз:
- Жоқ, ата-анам білмейді. Каникулға дейін айтамын деп жүрмін,- 
деді. Сабақ уақыты басталып, әлгі қыз қасындағы құрбысын ертіп 
өз жөнімен кетті. «Шайтан азғырып, бәрін қиындатыпты 
ғой!» деген оймен мен де орамал тағамын деп шештім. Жездеме 
хабарласып ақша мәселесін шешіп, сол күні дүкенге бардым. Бір 
юбка, екі орамал алып алдым, дәл сол қыз айтқандай.. Сол жерден 
хиджабымды киіп, автобусқа отырып, жатақханаға қайттым. 
Ешкімнің ештеңеден хабары жоқ, жанымда тұратын бөлмелес 
қыздарым да білмейді. Олардың мені көргендегі 
таңданыстарында шек болмады. «Мамырда ата-анама айтамын» 
деп жоспарлап жүргенімде вирусқа байланысты карантин 
жарияланып, мен күтпеген жерден үйге қайттым. Әр намазымда
«Ата-анам қарсы болмаса екен» деп тілеумен болдым. Барлық 
мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән, ата-анам 
орануыма еш қарсы болмады. Тіпті «Қызым, неге хиджаб кидің?» 
деп сұрамады. Менің де таңданысымда шек болмады, себебі әкем 
дінге қатты қарсы адам еді. Бірақ хиджабыма байланысты еш 
әңгіме қозғамады десем сенесіздер ме? Міне, Алланың құдіреті! 
Бірнеше айдай уақыт өтті. Хиджабтамын. Өзімді қауіпсіз 
сезінемін. Бұрынғы мен және қазіргі мені салыстырса, жермен 
көктей өзгерістер болар еді. Барлығы жақсы жаққа өзгерді. 
Карантин уақытында Қазақстанда өз еліне қайта алмай жатқан 


қаншама студенттер бар. Ал мен Аллаhтың қалауымен ата-
анамның қасына жетіп алдым. Оразаны да анаммен бірге ұстап 
жүрміз, қатты қуаныштымын! Сөз сонында айтарым, хиджаб 
кигіңіз келсе, ештеңеге қарамай тезірек киіңіз! Күдік ойларды 
салатын тек қана шайтан, қалғанын Алланың өзі реттеп береді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет