1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #6
Әуелі орамалды қыздардың қатарынан қылып, басымды сәждеге 
тию бақытын нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір етемін. 
Орамалға келу оқиғам біраз жылды қамтиды-ау шамасы. 10-шы 
сынып кездері... Ойымда тек әртістер болатын. Шындығында «K-
pop, Q-pop»-қа кіріп кеткен едім. Егер осы жазбаны оқып отырған 
сол бағыттағы жандар болса, мұқият оқыңыздар, «Екі кеменің 
басын ұстаған суға кетеді» екен. 
Біраз уақыт бойы біресе музыка тыңдап, билеп, әртістер өмірін 
зерттеп, талқылап жүрдім. Ал кей кездері уағыз тыңдап, істеп 
жатқан істеріме ойланатынмын. Содан көзім көп ескертулерге 
түсе бастады. «Адамның жүрегінде не музыкаға, не Құранға орын 
болады. Біреуі кірсе, екіншісі шығады»... Музыканың біз білмейтін 
сырларын түсінген соң тыңдамауды жөн шештім. Уағыз 
тыңдауды көбейте бастадым, ақыры намаз бен орамал тағуды 
бірге бастауды жөн деп шештім. Аллаға сансыз шүкір, ата-анам 
дінге жақын адамдар болмаса да бұл шешіміме қарсы шықпады. 
Десе де, өте көп достарым теріс айналып кетті. «Қатты беріліп 
кеткен жоқсың ба?», «Әлі жассың ғой» деген сынды 
көзқарастарын айтып, ақыры менімен достықтарын 
тоқтатқандар болды. Арасында жан құрбым да бар еді. Басында 
ауыр тигенімен, қазір қуанамын. Себебі «Адам досының дінінде»
деген сөз бар... Ендігі қалайтыным - Алланың сүйген құлы болып, 
тақуа достарым көбейсе, Ин шәә Аллаһ жұмақта көрші болуды 
нәсіп етсе бұдан асқан арман бар ма?! Орамал таққысы келіп 
жүрген қыздарға айтар кеңесім, көп ойға салына бермеңіздер. 


«Оқу не болады, жұмысты не істеймін, ата-анам қалай 
қабылдайды? Бәлкім тұрмыс құрған соң/қартайғанда 
тағармын?» деген ойлардың шайтаннан екенін ұмытпаңыздар. 
Орамал-парыз. Алла разылығы үшін, ақіретіңіз үшін тәуекел етіп, 
имандарыңыз берік кезде тағып алыңыздар. Сынақтан 
қорықпаңыздар!!! Барлықтарыңызға Ассаляму алейкум уа 
рахматуллахи уа баракатух! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет