Мен-қиялға ерік Аймерекемін. Мені мәпелеп өсірген ата-анам-Қуанбек пен Жанат. Бірақ қазір анам ғана жанымда



Дата06.02.2022
өлшемі19,32 Kb.
#81728
Байланысты:
Қуанбекқызы Аймереке Мақала


Мақсатқа бір қадам…
Мен-қиялға ерік Аймерекемін.Мені мәпелеп өсірген ата-анам-Қуанбек пен Жанат.Бірақ қазір анам ғана жанымда.Мен көп адам ести бермейтін,тіпті мүлде білмейтін,Сахараның күніндей аптап ыстығы бар «Қызылорда»дейтін өңірдің «Жалағаш» атты ауданындағы «Таң» деп аталатын күрішпен аты шыққан кішкене ғана ауылдың тұрғынымын.Кішкене күнімнен өте қиял адамы болдым.Өте көп армандап,тіпті кейде айға ұшып кететінмін.Арманым актриса болып,түрік киноактерларымен бірге бір фильмді сомдау болатын.Өлең оқып,ішкі сезімдерім мен эмоциямды шығаратынмын.Әдеби кітаптарды оқып,кітаптағы әрбір кейіпкердің тыныс-тіршілігін бақылап,әрбір көңіл-күйін сезініп,бірге дем алып,бірге күрсінетінмін.Әр қызық оқиғаны,өмірімдегі өзгерістер мен есте қаларлық сәттерді өзімнің сүйікті күнделігіме жазып қоюды әдетке айналдырдым.Солай,келе келе әдебиетке деген қызығушылығым артты.Тек актриса емес журналист те болғым келетін.Теледидар қарап отырып,жаңалықтар жүргізушілеріне,түрлі бағдарламалардың тізгінін ұстайтын өз ісінің шеберлеріне қарап қатты қызығатынмын.Бір сәт көзімді жұмып,өте көп елестететінмін.Тіпті түрлі кездерді айта отырып,телефон камерасына бейнежазба түсіретінмін.Осылайша,балалық арман мен қиял мені әдебиет саласына алып келді.Он бірінші сыныптан бастап әдебиет таңдап,нақты мақсат қойдым.Мақсатым-филолог болып,кейіннен журналистика саласында майталман болу еді.Мен және менің мамандығым үшін ең сапалы универ Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті болатын.Әр күнде тілеген тілегім мен түнде жасаған дұғамда өзім қалаған универ мен өзім қалаған мамандыққа түсуді айттым.Солай нақты мақсат пен сенімнің арқасында Қазақстандағы №1 универге,жаным қалайтын мамандыққа түстім.Қазіргі күні универ әлем деңгейіндегі үздіктердің қатарында.Оған қоса нағыз әдебиет майталмандары:З.Қабдолов,Қадыр Мырза Әли,Т.Молдағалиев,Д.Исабеков,Ә.Нұршайықов және т.б. қазақтың біртуар азаматтары шыққан бұл универ қабырғасында менің де бағым мен бабым қатар шауып,еңбекпен еселенер деген үмітпен таңдадым!
Қазіргі күні әлемдік қауіпті індеттің алдын алу мақсатында,сүйікті универімізден жырақта, «онлайн» режимде студент атанып отырмыз.Болашақ журналист болғандықтан,біздің универден тым жырақта болып,өз мекенімізде қалуға мәжбүр етіп,еліміздің әлеуметтік жағдайын түпкілікті өзгерткен,тек Қазақстан ғана емес әлемдік деңгейде өзекті болып отырған осынау тақырыпта өз журналистик зерттеуімді жүргізбекпін.Ал,ендеше көпке таныс «КОРОНАВИРУС»тақырыбын талдайық.
Коронавирус инфекциясы – өткір вирустық ауру.
Вирус жасушаға түсе салысымен оны тырп еткізбей басқарып, өз көшірмесін үздіксіз шығара бастайды. Сөйтіп тізбекті реакция басталады. Нәтижесінде жасуша өліп, ал инфекцияның тасымалдаушысы жұқпалы болады.Инфекцияның бастапқы кезеңінде жаңа коронавирус тамақ (жұтқыншақ, алқым) пен жоғарғы тыныс жолдарында белсенді көбейеді. Содан кейін инфекция төмен түсіп, өкпеге жетіп, оны қабындыра бастайды. Сондықтан инфекцияның алғашқы белгісі - жөтел. Содан кейін ғана дене қызуы көтеріле бастайды. Вирустың алғашқы белгілерімен таныстық,енді алғаш вирус қалай басталды?Осы сұраққа жауап іздеп көрейік!
Коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, желтоқсан айының ортасында орталық Қытайда орналасқан Хубэй провинциясына кіретін Ухань қаласының Хуанань жануар мен теңіз өнімдері базарында болған тұрғындары түсініксіз пневмонияға шалдыққаны анықталған кезден басталды.Осыдан кейін Қытай ғалымдары коронавирустың жаңа түрін анықтады — SARS-CoV-2.
22 қаңтардан бері Ухань қаласында карантин жарияланып, қоғамдық көліктер тоқтатылып, қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған; дәл осындай карантин 24 қаңтардан бастап Уханьға шекаралас Хуанган, Эчжоу, Чиби және Чжицзян қалаларында жарияланған. Жалпы алғанда қытайлық 14 қаладан шығуға тыйым салынған. Вирус Қытайдың бірнеше әкімшілік аймақтарында анықталған.
Негізі Қытайдан бастау алған бұл вирус Қазақстанда 13 наурызда Нұр-Сұлтан (Астана) және Алматы қалаларында бұл індетті жұқтырған адамдар анықталған сәттен бастау алды. 3 сәуірге дейін COVID-19 елдің барлық аймағына таралып үлгерді. 28 қыркүйектегі ресми статикалық ақпаратқа сәйкес ,Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны-107 833,ал жазылып шыққандар саны-102805 адамды құрады.
Бұл індеттен құтылу үшін,көптеген карантин шараларын енгізді.Бірақ,бір уақыт шаралар жеңілдетілген кезде,адамдардың босаңсуының әсерінен вирус жұқтырған адамдар саны күрт өсіп отырды.Адамдар көптеп жиналатын жерлердің барлығын жауып,халықты үйде отыруға үндеді.Бірақ,бұл шаралар қабылданғанымен,дұрыс талап етілмеді.Маска тақпаған жандарға-82 000-нан жоғары айыппұл көрсеткішін белгіледі.Бірақ,көп қалалық жерде адамдардың салғырт қарау әсерінен, жеке сақтық шаралары мүлде сақталмаған. Өкініштісі,осы жағдайды көре тұра полиция қызметкерлерінің үн-түнсіз қалуы.Қазіргі күні қауіпті кезеңде жүргендіктен,жұқпалы ауру таралмау үшін,билік жақтан да талаптар мықты болу қажет деп есептеймін. Осыған байланысты маска бағасының күрт өсуі.Бұрындары,дүкеннен бағасы 10-20 тг-ден аспайтын масканы,вирус келгелі бері 10 еседен жоғары бағада алып жүрміз. Пайдадан бұрын халықтың әл-ауқатын ойлау керек деп ойлаймын.Осы карантиндік шаралар кезінде той саласына,жалпы адамдар шамадан тыс жиналуға қатаң тыйым салынған болатын. Бірақ,түрлі әзіл-сықақ , концерттік бағдарламалар халықтың алдында болып жатыр. Негізі,заң бәріне ортақ!
Міне,бұл менің әлемді жайлаған-«Коронавирус» тақырыбына арналған журналисткалық зерттеуім.Оқып,танысқан жан өз бағасын берер!
Ойланып отсам,студенттік 4 жыл тез-ақ зымырап өтіп кетеді.Әрі қарай,бір орында тұрып,бір салада ғана дамығым келмейді.Жан-жақты болып,көп нәрсе түйіп,ізденісте жүргім келеді.Бала кезден ойлаған армандарымды орындап,үлкен кәсіп иесі болғым келеді.Яғни, «тоқыма тоқи алатын» қабілетімді дамытып,тоқыма фабрикалары мен маусымдық киім үлгілерін шығармақ ойым бар.Ол үшін әуелі мықты бизнес идея қажет.Бастап отырған кәсіп өзгелерге пайдалы болуы шарт.Сондықтан,бастамас бұрын сіздің әлеуетті тұтынушыларыңыз сіз не істегіңіз келетінін түсіну қажет.Идеяны сипаттай білу маңызды.Келесі қадам,тәжірибеден сабақ алу!Таңдалған бағыт туралы тек теориямен шектелу,әрине жеткіліксіз дүние.Кәсіпте тәжірибе қатты роль атқарады.Осы жұмыстардан кейін нарықтарды нақты зерттеу арқылы ғана,сапалы бизнес-жоспар құруға болады.Менде осы жолдардан өтіп,бастамасын Қазақстаннан бастап,түрлі серіктестіктер арқылы алыс-жақын шетелде бизнесімді кеңейткім келеді.
Армандадым,мақсат қойдым,ендігісі уақыттың еншісінде!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет