11- Дәріс
Кәріз жүйесін жобалау - суармалы жерлердің мелиоративтік жүргісін басқарудың элементі
Қаралатын сұрақтар
суғармалы жерлерді кәріздеу.
су тепе-теңдігін есептеу.
кәріздің ағым модулі.
Суғармалы жерлерде кәріздеу дәрежесі жоғары ыза суы жер бетіне жақын жатса, ол табиғи түрде ешқайда ағып кете алмаса және пайдалану шаралары арқылы оның деңгейін төмендету мүмкіндігі болмаса кәріздеуден басқаамал қалмайды.
Суғармалы мақта шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда ыза суы деңгейі жер бетінен кемінде 2,5-3 метрде жатуы керек. Сонымен бірге суғарғаннан кейіныза суы әрі кеткенде 7-8 күнде 1,2-1,3 метркөтерілсе одан көп зиян келе қоймайды. Ыза суы деңгейін төмендету және оны суғармалы танаптан бұрып жіберу үшін, сол жерлердің гидрогеологиялық топырақ және шаруашылық жағдайларына карай ашықканалдар қазып, жабық көлбеу немесе тік кәріздеу әдісін қолдануға болады.
Ашықкәрізді каналдар мен жабық кәріз жүйелері ыза суы жақын суғармалы жерлерде жүйелі және іріктеу секілді сипат алады.
Ашық кәріздіканалдар егістіктерде ауылшаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға және уақытша суландыру жүйесін салуға кедергі етпеуге тиіс. Ашық кәріз еңісі аз және топырағының су өткізпштін шамалы учаскелерде. қолданылады. Ашық каналдар ыза суы мен жер беті суын бұрып әкетеді. Тереңдігі 1,5-2,5 мканалдар бір-бірімен 200-500 м қашықтықта ғана қазылады. Олар тереңдігі 2,5-3;5 м канал-коллекторларға барып құяды. Ашықканалдарлайланбас үшін, олардағы судың ағу жылдамдығы секундына 0,25 м, ал: еңістігі кем дегенде 0,001-0,003 болу керек.
Коллекторлы кәрізді ашық жүйенің біршама кемшілігі бар. Біріншіден, жиі қазылған каналдар ауылшаруашылығы машиналарының жүруін қиындатады. Екіншіден, ол каналдардың бойын қуалай арам шөп өсіпкетеді де, зиянкестер мен арам шөптердің ордасына айналады. Үшіншіден, қазылған канал суғармалы танаптардың едәуір жерін алады да, суғармалы жерлерді пайдалану коэффициентітөмендейді. Төртіншіден, канал қазуға бүкіл жүйені салуға жұмсалатын шығынның 2,5-8% шығады. Сондықтан да қазіргі кезде біздің еліміздің, сондай-ақ шет елдердің суғармалы жерлерін сортаң тартқызбау үшін жабық кәріз қолдану кең етек жайған. Көлбеу жабық. кәріз ашық керізге қарағанда -тиімдірек. Ол ыза суын төмендетіп, оны суғармалы жерлерден бұрын әкетеді.
Жабық кәріздерді қыштан жасаған асбест-цементті, бетонды немесе пластмассалы құбырлардан салады. Кәріздердің алғашқы тобы үшін диаметрі 50 сантиметрге дейінгі құбырлар жарамды. Қыш құбырларды саңылауларының аралығы 0,5-1 мм етіп салынады. Сол саңылаудан ыза суы кәрізге іріктеледі. Кәріздер лайланбас, яғни батпақтанбас үшш, құбырлардың тоғысқан тұстарын айналдыра майда тастармен көміп тастайды.
Жабық кәріз каналдардан кемінде 20-30 м қашықтыққа салынады. Оны каналдардың астынан тартуға болмайды. Өйткені, каналдардан су кәрізгебарып сүзіледі.
Суғармалы аймақтаыза суы аздаған қысыммен кәрізге іркіледі де, сонымен ағып отырын, коллекторға. одан су кабылдағышқа құйылады. Ыза суынын деңгейікәріздің әсерінен темендейді. Ал кәріздер арасында депрессиялық қабат пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |