11- дәріс Кәріз жүйесін жобалау суармалы жерлердің мелиоративтік жүргісін басқарудың элементі



бет2/6
Дата25.05.2020
өлшемі80,36 Kb.
#71141
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11- daris (1)

Су тепе-теңдігін есептеу.Су тепе-теңдігі дегеніміз берілген бір уақыт аралығындағы тепе -теңдік участкесіндегі су қорының өзгеруін айтамыз, яғни ол сол участкеге келіп түсіпсу мен шығын болған судың арасындағы айырма.

Суғару алқабының су тепе- теңдігі С.Ф.Аверьяновтың теңдеуібойынша анықталады:
+ (П-О) + (П- О)- С+ Р, 4
бұл жерде: В- суғару жүйесіне алынған су мөлшері,
В=+ Фк+ С,5

бұл жерде: Опр- шаю жүргісін ескерген кездегі нетто суғару нормасы.

бұл жерде: Ор- оптимальды тұздану жүргісін ұстап тұруға арналған

шаюнормасы;

Фк- жер каналдардан сүзілген(сіңген) су мөлшері;

С- суғару алқабынан тасталған су мөлшері.
С=Ск + Сn7

бұл жерде: Скжәне Сn - танаптардан және қашыртқы канал мен кеткен

судыңмөлшері;

Сс-ақабасыз жауын- шашын мөлшері;

И-суғару каналдарының бетімен буланып кеткен су мөлшері;

Тр- өсімдік транспирациясы және топырақ бетінен буланған

сумөлшері;

П- келіп түскен жер беті сулары;

О- ағып кеткен(ақаба) су;



П- келіп түскен ыза сулары;

О- ағып кеткен ыза сулары;

+Р- тепе-теңдік қабатындағы тереңдікте жатқан сулардың тікбойлық суалмасуы (ыза суларының қысымды жер асты суларымен қоректенуі немесе ыза суының теменгі қабаттарға ағып кетуі).

Су тепе-теңдігінің барлық құрастырушысы төменгі тепе-теңдік сұлбасында көрсетілген (1-сурет ).


1-сурет. Су - тепе теңдігін құрастырушылар
Қарастырылып отырған аймақтың рельефі тегістік болса, онда сулар микроойпаттарға таралады да, беттік ағын болмайды, яғни П=О және судың беттік ағып кетуі де болмайды (0=0). Жаңбырлатқыш машиналармен суғарылатын алқаптарда беттік ағын болмауы ықтимал, себебі оның мәні өте аз, яғни алқаптардан ағып кететін судың мөлшері С=О.

Ал жер асты суының келіп- кетуіне жер бетінің рельефі аса әсерін тигізбейді. Суғару кезінде, егер жер асты су деңгейі шамадан тыс жоғары болса, онда ыза суларының шамалы ағысының мәні кебеюі мүмкін. Бірақ та көпшілік жағдайда алқаптағы жер асты суының деңгейі реттелетіндіктен П-Ошамасын нольге тең деп алуға болады.

Жер асты суының ағып келу мәні (Р) жердің бірінші қабатының қысымды жер асты суымен гидравлиалық байланыстығына тәуелді. Мұндай ерекше гидрогеологиялық жағдай тапсырмада қосымша түрінде беріледі. Қазақстанның орталық далалы аймақтарында жер асты суының ағып келу мәні орташадан төмен, жылына 300÷700 м3/жыл. Ал таулы, тау бөктерлі аймақтарында мұның шамасы бірнеше есеге артуы мүмкін.

Егер қысымды жерасты сулары теренде орналасып, олардың пьезометриялық деңгейі ыза суларының деңгейінен төмен болатын болса, онда Р=О деп алуға болады.

Осы көрсетілген өзгерістердің бәрі ескерілген жағдайда, су тепе-теңдігінің теңдеуі мынандай болады:
=В+Ос-(-Тр)+.Р,8

Жоғарыда көрсетілгендей, суғаруға берілген судың мөлшері (В) шаю нормасының мәнін есептегендегі нетто суғару нормасы мен суғару жүйесінен сүзілуге кеткен шығынның мәндерінің қосындысы. Суғаруға берілген суды ортаесептік бір гектар жерге есептейді. Ол үшін ауыспалы егістің дақылдарының құрамын, олардың егістіктегі пайыздық катынасын (%), әр дақылдың жалпы нетто суғару нормасынбілу қажет.

Сүзілу шығынның мәні жабық жүйелердің басқа, ашық жүйелерге қарағанда төмен және жүйелердің техникалық деңгейіне байланысты болады.

Сондықтан сүзілу шығынның мәні төменгі теңдеумен анықталады:

бұл жерде: S- жүйенің пайдалы әсер коэффициенті жұмыс істейтін каналдың коэффициенттерінің көбейтіндісі арқылы анықталады.

Айлық жауышашын мөлшері жақын метостанцияның мәліметтерінен 75% -тік қамтамасыздық жылы бойынша алынады.

Булану мен транспирацияның жалпы мәндері (И+Тр) Н.Н. Иванов әдісімен анықталады. Егер су тепе-теңдігінің мәні плюспен (+) шықса, онда суғару алқабына кәріз құрылысын жүргізу керек. Кәріз түскен артық суды алып кетіп, жер асты суының көтерілуіне жол бермеу керек.

Басқа жағдайда, құрғақ далалы аймақтарда, алқаптардың екінші қайта тұздануы қауіпі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет