1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
77 каулы, Жүректің сырлары
Орамалды арудың оқиғасы #8
Менің екі қызым бар. Бір қызым 2 жаста, екіншісі 5 айда. Кейде 
оларға қарап «Менің жүрісім не? Екі қызыма берер үлгім осы ма?» 
деп ойланып жүремін. Ол екеуіне ай сайын 18 мың тенге аламын, 
сол ақша екі қызымнын керек жарақтарына кетеді. Олардың 
салихалы ұрпақ болғандарын қалаймын Ин шәә Аллаһ. Әрдайым 
Алладан "Ия, Раббым, менің жүрегіме иман бере гөрші, орамал 
киюімді нәсіп ете көрші!" деп дұға тілеп жүретінбін, орамалды 
көргенде қызығып, армандап өтетінмін. 
Жақында таңертен телефоныма ақша түскені жайлы хабарлама 
келді. Қызыма памперс аламын деп, ауданға базарға кеттім, бірақ 
ойым өзгеріп, екі көйлек пен екі орамал алып алдым. Үйге 
келгеннен кейін анам көріп: 
- Әлі жассың, киме,- деді. Бірақ жүрегім қалаған соң, анама: 
- Мама Ақыретте әр істеген ісіме өзім жауап беремін ғой, мен сол 
кезде қиналғым келмейді. Бүгіннен бастап оранғым келеді,- 
дедім. Анам көп ұзамай келісті. Оның уайымы менің соңғы 


ақшамды құртып салуым болған еді, себебі менің емізіулі балам 
бар, жұмыссызбын, анам сол жағын уайымдады. Ал мен болсам 
«Ештеңе етпейді, бір жөні болар» дедім. Аллаға шүкір, осылайша 
23.07.2020-ші жылы мен бірінші рет орамалға келдім. Бала 
кезімнен армандайтын тілегім Алланың қалауымен орындалды. 
Орамалды енді өмірімнің сонына дейін шешпеймін, Ин шәә 
Аллаһ! Қазір памперссіз отырсам да, балаларыма дәрі 
дәрмектерін ала алмай, ақшадан қиналсам да анам маған ұрысқан 
емес. 
Раббым маған сынақ берді (күйеуіммен бірге турмаймыз), бірақ 
мен бақыттымын, Шүкір Аллаға! Орамал таққаннан кейін мен 
өзгердім, өмірім 100 пайыздың 30-40 пайызына дейін бар-жоғы 2 
күнде өзгерді. Орамалым- менің қорғаным! Аллаға шүкір! 
Орамалды арудың оқиғасы #9
Осы жылдың наурыз айында орамалға келсем деген ниетім 
болды, ал намазды балиғат жасыма толғаннан бастап оқимын. 
Сол уақыттан бері орамал тағу мен үшін арман болды десем де 
болады. Анамнан сұрағанымда «Кимей-ақ қойсаң болмайды ма?» 
деп қарсылық танытқанында жылайтынмын, бірақ әкеме бұл 
жайлы тіс жармадым, бәлкім қорықтым ба, білмеймін. Қалада 
карантин ашылды дегенді естідім де жиналған ақшамды алып, 
ертесіне орамал мен көйлек алып, 26-шы шілде күні хиджаб 
тағып кеттім. Сезімімді жеткізе алмаймын, құдды бір сол орамал 
мені қорғап тұрғандай күйде болдым. Ертесіне анама хабарласып, 
орамал таққанымды айттым. Анамның қолдауын көріп, түнімен 
қуанғаннан жылап шықтым. Әкеме келер болсақ, ол мені көріп: 
- Басыңдағыны шеш,- дегенінде анам: 
- Шешпейді, әдемі тұр, орамалын өмірінің соңына дейін тағады, — 
деді. Бір сағаттан кейін әкем де келіп:


- Орамалыңды шешпе, - деді. 

Жалпы бұдан ұққаным, ата-ана бізді әрдайым қолдайды, тек 
"Бұл ісі дұрыс па? Балалықпен айтып жатқан жоқ па?" деп 
уайымдайды екен! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет