Сабақтың тақырыбы: Графикалық файлдың форматтары
Дата 07.02.2022 өлшемі 0,49 Mb. #91008 түрі Сабақ
Байланысты:
граф файл формат Графиктік файлдардың форматтары Графиктік формат – бейнені кодтау тәсілі. ВМР-форматы (ағылш.тіл. Bit Map – «биттік карта»). ВМР – графиктік файлдың стандартты форматы. Индекстелген түстерді (256-ға дейінгі) және RGB-моделіндегі толық түсті бейнелерді қолдайды. Кемшілігі – файл өлшемінің үлкендігі. CDR форматы Corel Draw бағдарламасының форматы және ол векторлық бейнемен қоса, растрлік графиканы және мәтінді сақтау мүмкіндігін береді. (ағылш.т. Graphics Interchange Format – «графиканы алмастыруға арналған формат»). GIF форматы 256 түстен артық жұмыс істей алмайды , бірақ бір файлдың ішінде бірнеше бейнелерді сақтай алады. Түстерді бірден ауыстыратын аз түсті бейнелерге тән. Анимациялық бейнелерді құру үшін қолданылады. (ағылш.т. Portable Network Graphic Format – «желі бойынша графиканы жіберу форматы», «пинг» деп оқылады). Бұл формат анимацияланған бейнелерді құру мүмкіндігін береді, GIF форматынан айырмашылығы тегін, сондықтан бұл форматты Интернетте қолданады. Фотобейнелерді сығып сақтауға арналған аса әйгілі формат. Сығу файл өлшемін 5-15 есеге дейін азайтады , бірақ сапасын жоғалтады. Әрі қарай өңделетін бейнелерге қолданбау керек, себебі әр сақтаған сайын бейненің сапасы жоғалады. (ағылш.т. Joint Photographic Experts Group -фотография бойынша сарапшылардың біріккен тобы) (ағылш. Tagged Image File Format – «тегтермен қамтылған бейне форматы»). Аса жоғары сапаны талап ететін , баспа жүйесіндегі растрлік графика форматын қолдайтын формат. WMF векторлық форматы Windows-тың форматы болып табылады. Бейнелерді алмастыру буфері арқылы жіберу үшін қолданылады. Windows-тың барлық бағдарламалары қабылдай алады. Достарыңызбен бөлісу: