Температураны С0 ден Кге, К нен С0 ге аудара алады;
Термометрдің жұмыс істеу принципін біледі.
Тапсырма
Дені сау адам денесінің абсалют температурасы неге тең?
Дене температурасы 250С-тан 750С-қа дейін артса, онда оның бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы қанаша есеге өзгереді?
Абсалюттік шкала бойынша дене температурасы 20К. Цельсий шкаласы бойынша дене температурасы неге тең?
Цельсий шкаласы бойынша температура-730С. Абсалюттік шкала бойынша осы температура неге тең?
Арктиканы зерттеушілер неліктен сынапты термометрді емес, спиртті термометрді таңдап алатынын түсіндіріңдер.
Неліктен бөлме температурасында медициналық термометрдің құтысы сынаппен толық толтырылмағанын түсіндіріңдер.
4313К және 250К температураларын Цельсий шкаласымен өрнекте.
Медициналық термометрдің көрсетуі 37,20 С. оны түсірмей, 36,60 С және 37,60 С температурамен ауырып жатқан адамды өлшегенде, бұл термометрдің көрсеткіші қандай болады?
Дескрипторлар
Бір температуралық шкаладан басқа шкалаға ауыстырады ( С0ден К-ге, К-нен С0 ге);