1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет38/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #50
Орамалды қыздарға ес білгелі қызығатынмын, тамсанып 
қарайтынмын. 2020-шы жылы ораза айында дұғаларды жаттап, 
үйреніп жүрдім, одан кейін бір жағдайлар орын алып, мән бермей 
кеттім. Сол 2020-шы жылы шілде айында ауырып қалдым. Қайта-
қайта больница мен үйдің арасында жүрдім. Ауруым жүйкеден 
екен, сәл нәрсеге ашуланып шыга келетінмін. Содан біраз 
емделдім. Ата-анам, туысқандарым, дәрігер, бәрі бәрі «Саған 
ашулануға болмайды, зиян» деп айтатын. Өз ашуымды жеңе 
алмасымды біліп, сол кезден бастап намазға мән бере бастадым. 
Намазға дайындалып жүргенімде ішімде ең керемет сезім болды. 
Алла бұйыртып, желтоқсанда айында намазға да келдім, ал 1 апта 
өткен соң орамалды да тағып алдым, Аллаға сансыз шүкірліктер 
болсын! Басында қарсылықтар болды, анамның өзі орамалды 
кабылдамаган еді. Бірақ қазір шүкір, бәрі жақсы. Қыздарға айтар 
кеңесім— оңай ештеңе жоқ, бірақ сынбаңыздар! Аллаһ 
баршамызды жәннаттық етсін! 


Бұл шағын кітабымыздың тек ең алғашқы бөлімі еді, Алла 
қаласа әлі де қаншама қызықты, пайдалы оқиғалар мен 
жобалар жасау ниетімізде бар! Кітапшамызға қолдау 
ретінде дұға етіп, көбірек адамның көруіне, пайда алуына 
ықпал жасаған оқырмандарға Алла разы болсын! 
Құрметті аруым, егер сіз де Алланың парызын орындап, 
орамалға келген болсаңыз, әрі сіздің оқиғаңыз арқылы 
басқа да қаракөздеріміздің орамалға келуін қаласаңыз, 
@zhannyn_sayasy_ парақшамда сіздің хатыңызды күтетін 
боламын! 
Ізгі ниетпен Жансая Ерболатқызы (@zhannyn_sayasy_) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет