1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім
77 каулы, Жүректің сырлары
Орамалды арудың оқиғасы #48
Менің әжем мен әкем орамалға түбегейлі қарсы адамдар, мені тек 
анам қолдайтын. Намазды да тығылып оқитынмын. Менің 
намазға келуімнің өзі де мен үшін үлкен оқиға. Аллаһ сондай 
Рахымды, Ол азанның даусымен мені таң намазына оятты. Үйден 
біршама жерде мешіт бар еді, бірақ ол мешітте айтылатын азан 
сол таңдағыдай қатты шықпайтын. Ол азанның даусы менің 
құлағымнан түбінен шығып тұрды. Солай мен Аллаһтың 
кеңшілігімен намазға келдім, Аллаһқа сансыз шүкірлер болсын!
Мен намазға келгеннен кейін өмірім түбегейлі өзгерді. Аллаһтан 
не сұрасам да Аллаһ маған берді,Ол сондай Құдыретті! Кейде өзім 
де таң қаламын, Алла Ұлық! 
Ендігі менің дұғам - орамалға келу болған еді. Аллаһтан дұға етіп, 
«Ия, Алла, мені қалай Рахымыңмен намазға әкелген болсаң, солай 
Рахымыңмен хиджабқа алып келші, маған бұл жолды жеңіл 
етші!» дедім. Раббым сондай Рахымды, Жүректердің иесі болған 
Ол менің отбасымды көндіріп қойды. Әрине, бұл жолда 
қиындықтар болды, бірақ Аллаһ менімен бірге болса, ол 
қиындықтар не болыпты?
Отбасым «Үйден қуып жібереміз» деді, мен сонда да 
«Шешпеймін!» дедім. Аллаһ солай жүрекке батылдық береді екен 
ғой, әлі күнге дейін кейде таң қалып жатамын. Кейбір 
жақындарым әлі де жақтыртпай сөйлейді, бірақ олардың сөздері 
менің жүрегіме жетпейді. Себебі Аллаһтың сөзі тұрғанда, 
олардың сөздері мен үшін түкке тұрмайды! 
Орамалға келе алмай жүрген бауырларым, ештеңеден 
қорықпаңыздар. Аллаға тәуекел етіңіздер, Аллаһтың разылығын 


ойлаңыздар. Себебі, Аллаһтың разылығын іздесек, Аллаһ бәрі 
алдымызға Өзі-ақ әкеліп береді екен! 
Орамалды арудың оқиғасы #49
Мен бұрыннан орамалға қатты қызығатынмын. Үйде құдайы 
тамақ , шәй бергенде әдемілеп тюрбан тағып алатынмын. 9-шы 
сыныпта мектепке концерт, т. б. іс-шараларға дайындық болған 
кезде орамал тағып барып жүретін едім, бірақ апайлардың маған 
қараған көзқарастары және сөздері маған қатты әсер ететін. Ол 
кезде иманым да әлсіз болған еді.
9-шы сынып бітіргеннен кейін колледжге түстім, тәтем екеуіміз 
бір колледжде оқыдық. Тәтем намаз оқитын, мен де 1-ші курстан 
бастап Альхамдуллилях намаз оқып бастадым. Анам орамалға 
қарсы болып «Кейін күйеуге шыққанда тағасың» дейтін. 
Колледжде орамал тақпағанымның тағы бір себебі - орамалдағы 
қыздарды оқудан шығарып жіберетін. 
Осылай жүргенде 18 жасқа толғаннан кейін тұрмысқа шықтым, 
бірақ ниетім болғанымен орамалға келе алмай жүрдім, нәпсім 
мен шайтаның ықпалы басымырақ болды. Тұрмысқа шыққаннан 
кейін мені намазым да тастап кетті.. Қаншама рет қайта бастасам 
да оқымай кетіп жүрдім. 
Тұрмысқа шыққан соң Алланың қалауымен бірден көтердім, 
токсизкоз қатты болды. Аллаға шүкір, қазір Алланың аманаты - 
кішкентай қызым бар, 11 ай болды. Осыдан 2 ай бұрын қайта 
намазға тұрдым, сол күннен бастап тюрбан қылып орамал тағып 
жүрдім. «Келін болғаннан кейін таға бермедің ба?» дейтін 
шығарсыздар, мен ата-енемнен бөлек тұрамын. 
@zhannyn_sayasy_ өткізген марафоннан кейін мен толықтай 
хиджабқа келдім. Алланың нұры жаусын, сол да себепші болды. 


Қазір қайда барсам да хиджаб тағып жүремін, Аллаға шүкір. Анам 
да маған ештеңе демеді, олар қазір бұрынғыдай емес, көздері 
ашық, көкіректері ояу. Айналамдағы адамдар да жақсы 
қабылдады, мүмкін тұрмыста болғанның да әсері бар ма екен?! 
Әлхамдуллилях, орамалым—менің асыл тәжім! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет