әкемнің «Орамал тақсаң, намаз оқытпай қоямын» деген сөзі
қорқытатын.
Қатты ниет еттіп, тіпті үйден қашып кеткім келді, бірақ Исламды
жаман етіп көрсеткім келмеді. Сосын тығылып орамал тағуды
бастап кеттім. Кейде күн жылы болса да «Жаурадым» деген
сылтаумен қалың, жабық киім, қалпақтарыммен жүрдім. Кейде
бір көңілге тиетіні - қыз бала болғаныммен көпшілігі әйел кісі
сияқты көретін. Бірақ «Кім не десе де, бастысы әуретім жабылса
болды» деген ниетпен міне, жарты жылдан асты, осылай жүремін.
Ата-анама орамал туралы әлі айтпадым, бірақ анам сезетін
сияқты, кейде ұрыспаса да, айтып қалады. Мен де
ол кісіге орамал
туралы айтуға қорқамын.
Алла қаласа жақында тұрмысқа ниеттеніп отырмын,
болашақ
жарымның пікірін жақсылап біліп алдым. Ол кісі «Қаласаң да,
қаламасаң да орамал тағу керексің, бұл—парыз» дегенінен кейін
тағы біраз сынап, сосын оған келісімімді бердім. Бастысы - ниет,
қалғанын Алла реттейді!
Достарыңызбен бөлісу: