балл жинап, медицина университетіне түстім. Медицинада
орамалға рұқсат бермейтін шығар деп орамалсыз жүрдім... Өзім
кішкене тұйықпын, адамдармен жақсы тіл табысамын,
бірақ көп
үндемейтінмін, әсіресе ер балалармен артық күлкі-әңгіме мүлде
айтпаймын. Кейін карантин басталғанда (сәуірде)
анаммен
ақылдасып, осы онлайн кезден бастап оранатынымды айттым.
Сөйтіп "zoom” бағдардамасында кураторлық сағатта
оранып
отырдым. Бірде куратор апай:
—Видеозвоноктарыңды қосыңдар,— дегенде, (мен де іштей
қоркынышта, қобалжуда болдым).
Бәрі орамалымды көріп
кішкене үндемей қалды, куратор да үндемей қалды. Кейін жеке
хабарласып:
—Сен неге жығылып кеттің, ондай емес едің ғой, жатақханада
біреу уағыздаған ба?— деп сала берді. Мен бұрыннан бері намаз
оқитынымды, әуретімді ашып жүре алмайтынымды айттым.
Сөйтіп, дистанционный оқуда орамалмен 1 курсты бітірдім.
⠀
Туыстардан, араласатын адамдардан кішкене қарсылық сөздері
болды, бірақ анашым қолдаушым болды. Әрине, бірінші—Аллаһ!
Орамал—парыз, Қияметте Жәннәтпен сүйіншілейтіні жүрегіме
жылулық ұялатады. Қазір ешкімнің “выражениесіне” де
қарамаймын, күліп қана сабыр қылуға тырысамын.
Достарыңызбен бөлісу: