анам әлі қарсы, сонда да Алланың әмірін орындап жүрмін)
Альхамдулиллах.
Хиджабпен коледжге де барып келдім, мұғалімдерден мүлдем
басқа сөздер күткенмін, бірақ олар қуанып, "Ниетің қабыл
болсын!" дегенде еріксіз көзім жасаурап кетті. Шалбармен
ыңғайсызданып жүрдім, басымда орамал,
астымда шалбар
болғаны мен үшін біртүрлі болды. «Тым болмағанда 1 юбкам
болса екен» деп ойлап жүргенімде мамам хабарласып, жұмыс
істейтін жерінде ұзын юбка бар екенін айттты, бірден соны алып
алдым. Қазір Альхамдулиллах 1 орамалым мен 1 юбкам бар,
көрген кісілер кейде «Оранып алыпсың ғой» деп тиісіп кояды.
Егер де сіз де орамалға келгіңіз келіп жүрсе, ойланбастан бастап
кетіңіз, себебі Алла Тағала бәрінің есебін тауып қойған, тек сын-
пікірлер мен ауыр сөздерге сабыр сақтай біліңіздер!
Орамалды арудың оқиғасы #21
Осы «Орамалым-Қорғаным» рубрикасы шыққаннан бері
тастамай
оқып жүрдім. Кейде қарап, «Менен кішкентай қыздар орамал
тағып жүр, ал мен болсам әлі жүрмін» дейтінмін.
Ең алғаш намаз оқығанымда анам:
- Намаз бастасаң ешқашан тастама,- деп еді. Аллаға шүкір, ата-
анам менің намаз оқуыма еш қарсылық білдірген жоқ. Намазға
келгелі орамал тағу арманым болды десе де болады, бірақ орамал
тағуым қиынға түсті.
Бір күні анам екеуміз дүкенге азық-түлік алуға шықтық. Анам:
- Қызым, бол, - деді. Мен:
- Қазір,қазір,- деп, бони мен орамалымды кидім. Неге
екенін
білмеймін, аяқ астынан жүрегім орамал жаққа тартып тұрды,
сыртқа жалаңбас (орамалсыз) шыққым келмеді. Анам маған
қарап:
- Орамал тағасың ба?! Таға бер, қарсылығым жоқ, бірақ әкең не
дейді? – деді. Әкем діннен алыстау адам еді. Мен:
- Ештеңе демейтін шығар, - дедім. Аллаға шүкір, анам маған еш
қарсы шыққан жоқ. Кейде бірақ «Жассың ғой» деп қояды.
Ата-ана
деген баласын жақсы көргеннен уайымдайды емес пе. Ата-анам
кейде маған:
- Ұзын юбка емес, әйтеуір денеге жабыспайтын шалбар ма кисең
болады ғой, - дейтін. Сонда әпкем мені қорғап:
- Ондай киім киюге болмайды юбка, көйлек кию керек, дейтін.
Әпкем жас болғандықтан барлығын түсінеді, өз ортасында
орамалды құрбысы да бар. Бұрын әпкеме:
- Мәә, анам мен әкем орамалға қарсы болса ше? – дегенімде ол:
- Неге қарсы болады,
өзің білесің ғой не киетініңді, - деген. Сол
кезде жүрегім елжіреп, әпкемнің қолдауымен өзімді еркін
сезіндім.
Негізі мен әкемнің ерке қызымын, әрдайым оған еркелеп
жүремін. Сондықтан болар, әкем менің
орамалыма ештеңе
демейтін.
Жаздың соңғы айларында орамалды үнемі тағып жүретін
болдым. Көп уақыт өтпей әкем менің орамалмен жүретінімді
көрді. Туысқандарымның тең жартысы да көрді. Бірде туыстарым
мен әкем мен жайлы әңгіме қозғады. Әкем:
- Әр үйде осындай адам болуы керек шығар, - деді де қойды. Мені
таң қалдырғаны - туыстарымның көбісі мені қолдады. Бір
жағынан қатты қуандым. Ойлаңыздаршы, кеше ғана орамалды
армандап жүрген қыз бірнеше айда орамалды болды! Бұл сіздің
де қолыңыздан келетініне күмәнім жоқ.
Менің орамал тағу оқиғам осылай болды. Ата-анамның
көзқарастарына қарап «Қарсы болады, шеш деп күніге ұрысатын
болады» деп ойлайтын едім. Бірақ сабырлы
болсаң барлығына
жетеді екенсің.
Қыздар сіздерге айтарым, Алла Тағалаға көп дұға жасаңыздар.
Орамал тақпай тұрып ең алдымен интернет желісіндегі бүкіл
фото мен видеоларды өшіріңіздер. Үйде ұзын киімдер киіп
жүріңіздер әрі шаштарыңызды өріп, жинап жүріңіздер. Және
бастысы - көркем мінезді болыңыздар. Осыларды орындасаңыз
отбасыңыз шешіміңізді жеңіл қабылдайтын болады ин шәә Алла.
Орамал таққысы келетін әпке-сіңілдер, сіздер сабырлы, шыдамды
болсаңыздар, орамал таға аласыздар! Ата-анам қарсы деп
жүрсеңіздер, жүре бересіздер. Алланың атымен бастап орамал
тағыңыздар, адамдар не ойласа соны ойласын. Сіздер біреудің
ақысын жеп отырған жоқсыздар, біреуге қастандық жасап жатқан
жоқсыздар. Сіздер тек өз әуреттеріңізді жауып жатырсыздар.
Сондықтан «Ертең, ертең...» демеңіздер, дәл қазірден
бастаңыздар. Сіздер дүниеден қашан өтетіндеріңізді
білмейсіздер, сондықтан кеш болмай тұрғанда
дәл қазір
орамалдарыңызды тағып, әуреттеріңізді жабыңыздар, сосын
келесіде сіздерің де орамалға келу оқиғаларыңызды күтетін
боламыз ин шәә Алла!
Достарыңызбен бөлісу: