Хиджаб кию керектігін, оның парыз екенін әу бастан-ақ
білетінмін. Апаларым да «Саған осылай жүре беруге болмайды,
орамал кию керексің» деп айтатын. Мектеп кезінде «Мектеп
рұқсат бермейді» дедік, енді кию керек екендігін біліп, ниеттеніп
жүрдім. Ашық-шашық жүрген өзіме ұнамайтын, өзімді еркін
сезіне алмай, қорғансыз секілді сезінетінмін. Анама жәймендеп
киетінімді айтып жүрдім, бірақ ол қарсы болды.
- Онда оқуға апармаймын, байға тиіп кет, оқып не істейсің?
дейтін. Анама қайта-қайта киетінімді айта бердім, ол да қарсы
болуын жалғастыра беретін. Анам:
- 1-2 курс бітірген соң көрерсің, - деді. Оның алдында да қанша
нәрселер болды, оның бәрін ашып айтпай-ақ қояйын. Солайша
ҰБТ тапсырып, грантқа түстім. Өзім қалаған қалама оқуға келдім.
Ол қалада менің апам тұратын, мен соның үйінде болатын
болдым. Ол апам да намаз оқымаса да бәрін білетін. Сөйтіп оған
бар ойымдағыны айттым. Анам кетіп қалған соң көйлектер сатып
алып, бірден оранып алдым. 2 аптадан соң анама да айттым. Ол
қарсы болды, ұрысты, сөкті. Бірақ кейін үйренісіп кетті Негізі бәрі
басылады екен ғой. Сөйтіп қазір Альхамдулиллаһ, орамалдамын.
Орамалым - менің тәжім!
Достарыңызбен бөлісу: