Виртуалды және кеңейтілген шындық. Виртуалды шындықтағы адам Шынайы өмір- реальная жизнь



Дата24.03.2022
өлшемі20,73 Kb.
#136662
Байланысты:
Виртуалды және кеңейтілген шындық


Виртуалды және кеңейтілген шындық. Виртуалды шындықтағы адам

Шынайы өмір– Реальная жизнь–Reallife


Виртуалды өмір– Виртуальная жизнь–Virtuallife
Виртуалды тәуелділік– Виртуальная зависимость–Virtualaddiction
Виртуалды тур– Виртуальный тур–Virtualtour
Сфералықпа норама– Сферическая панорама–Sphericalpanorama
Қазіргі кезде технологиялар бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келеді, қарапайым компьютерлер үйреншікті, қажетті заттардың біріне айналды. Интернеттің пайдасы туралы білеміз. Адамдардың көпшілігі оны ақпаратты іздеу үшін ғана емес, сонымен қатар шынайы өмірден виртуалды әлемге өту үшін де пайдаланады.
Кейбір шынайы өмірде өз орнын таба алмаған адамның виртуалды өмірге ұмтылатыны кездесіп қалып жатады. Себебі виртуалды өмірді бағындыру әлдеқайда жеңілірек.
Бұл жағдай бүгінгі күні мамандар тарапынан тіркелген. Ол «виртуалды тәуелділік» (virtual addiction disorder) деп аталады.
Виртуалды әлемге жиі кірген адам өзінің кейіпкері рөліне еніп, шынайы өмірге оралғысы келмейді. Сондай-ақ адам уақыт сезімін жоғалтады және бейәлеуметтік болып кетеді.
Қатты дыбыстар мен суреттердің күрт ауысуы да геймердің жүйке жүйесіне теріс әсер етуі мүмкін. Шын мәнінде, тәуелділік пен ойындар психологиялық тұрғыдан жеке тұлғаны Мен – шынайы және Мен – виртуалды ретінде екіге бөледі. Мұндай жағдай кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қауіпті. Олар белгілі бір кейіпкері бар ойындарда ойнап, өзін жеке тұлға ретінде жоғалтып алуы мүмкін. Сонымен қатар мынадай бірқатар проблемалар да туындауы ықтимал:
• өзін-өзі төмен бағалау;
• жанашырлық сезімінің болмауы;
• нақты өмірге апатия;
• махаббат ұғымының болмауы;
• физикалық денсаулығына зиян келуі;
• орталық жүйке жүйесінің бұзылуы;
• психоздар, невроздар, ұйқысыздық және тағы басқалар
«Виртуалды тәуелділік» проблемасымен шұғылданушы мамандардың күш салуына қарамастан, олар ұсынған сипаттама ресми психиатриалық стандарттарға кірмейді.
Адам «виртуалды тәуелділіктен» зардап шегіп жүр деп айтуға болады, егер:
1) компьютер алдында өткізген уақытты бақылай алмаса (оны азайтуға, программадан шығуға уәде беріп, ол уәдесінде тұрмаса; виртуалды тәуелді адам, компьютер ойынына кедергі келтіретін адамдарға агрессия танытса);
2) ол компьютер алдында өткізген уақытқа қатысты жалған сөйлесе немесе немен айналысқаны туралы ақпаратты жасырса;
3) компьютер алдында отырып, уақытын зая кетірсе (мысалы, нақты өмірде жасалмай қалған маңызды істер).
Виртуалды және кеңейтілген шындық көзілдіріктерінің адамның көру қабілетіне тигізетін зияны
Медициналық тұрғыдан алғанда, VR көзілдіріктерінің зияны компьютер мониторымен салыстырғанда өте әлсіз. Көзілдірікте көз бір нүктеде шоғырланбайды, ол әрбір қозғалысты бақылап, тыныштықта болмайтындықтан, виртуалды шындық көзілдірігі көз үшін аса қауіпті емес.
Алайда виртуалды шындық құрылғыларының қаупі өзгеде. Виртуалды әлемге шамадан тыс батқан адам кеңістікте бағдарын жоғалтады, бұл ағзаның вестибулярлық жүйесінің проблемаларына әкеледі. Сондықтан бас мониторларын күніне үш сағаттан артық қолданбай, әр жарты сағат сайын үзіліс жасау ұсынылады.
Виртуалды шындық көзілдіріктерінің адам психикасына зияны
Виртуалды шындық көзілдіріктері әр адамға әртүрлі әсер етеді. Ол адамның эмоционалды күйіне, жеке тұлға типіне және басқа да факторларына байланысты. Виртуалды шындық бас киімін қолдануда өте сақ болу керек. Себебі ол қабылдау қабілетін, ақыл-ой дамуындағы тежеулерге әкелуі мүмкін.
Әмбебап сақтық шаралары:
• жүкті әйелдерге, қарт адамдарға және жүрек-қантамыр ауруларымен, эпилепсиямен, басқа да ауыр психикалық аурулармен ауыратын, көру қабілеті бұзылған адамдарға виртуалды шындықтан бас тарту керек;
• 13 жасқа дейінгі балаларға бас киімдерін қолданудың қажеті жоқ не ересектердің бақылауымен пайдалану керек;
• кез келген жастағы адамға ұзақ ойнау зиян, өйткені бұл көру-моторлы координацияға, тепе-теңдік қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.

3D панорама және виртуалды тур


3D панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°- тық бейнесі. 3D панорамада көру бағытын өзгертуге, суретті үлкейтуге, жеке бөлшектерді қарауға болады.
3D панораманың түрлері:
1. Жазық панорама – бірнеше кадрдан құралған қарапайым кеңформатты фотосурет.
2. Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен 360° және тігінен 180°-ты қамтиды. Ол айналадағы барлық көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°- ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады. Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шекараларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады. Панорама айналадағы барлық көрінетін кеңістікті көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проекцияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымалдау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.
Виртуалды турлар (3D тур) – бір 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы. Мұндай турлар музыкамен, кадрдан тыс дыбыспен, видеороликтермен, жазбалармен және т.б. толықтырылуы мүмкін.
3D турларды жасау үш кезеңде өтеді:
• объектіні суретке түсіру, бірнеше суреттер алу;
• суреттерді өңдеу;
• виртуалды турды жинау.
Фототүсірілім. Жоғары сапалы панорамалар жасау үшін мына ережелерді сақтаған жөн:
• камераны таңдалған диафрагма бойында сериядағы барлық кадрлар фокуста (камера, түсірілетін шеңбердің дәл ортасында тұрғаны жақсы) болатындай етіп орнату қажет;
• желімденетін суреттердің жиынтығын, болашақ сфералық панорама тігістерінің орындары бір түсті орындарда (мысалы, үй объектілері жағдайында монолитті қабырғаларда) түсіру керек;
• штатив басы кеңістікте камераны қатаң орнықтыруға арналған деңгейлермен жабдықталуы тиіс;
• барлық үш сурет үшін камераны көлденең және тігінен бағытта жазықтықтағы синхронизациясын жүргізу қажет – камераны туралау деңгейлер көмегімен жүзеге асырылады;
• камераның айналмалы бұрылу бұрыштары 120°-қа тең болуы тиіс, ол бұрылыс шкаласымен реттеледі.
Өңдеу. Бастапқы суреттерді бірыңғай фотопанорамаға біріктіреді (бұрыштары бірдей проекцияға), онымен параллельді түрде жөндеулер жүргізіліп, түске коррекция жасалып отырады. Фотосуреттерді қолмен немесе арнайы желімдегішпрограммалар көмегімен желімдеуге болады. Кейде проекцияны алтыбұрышты текшеге өзгертеді және әрі қарай 3D панораманың қажетті форматына түрлендіреді (Flash, HTML5 және т.б.). Сонымен қатар осы кезеңде белсенді аймақтарды белгілейді, графиканы, жазбаларды, дыбыс және т.б. элементтерді таңдап, қосады.
Турды жинау. Жеке фотопанорамалар бір-бірімен, бір панорамадан екінші панорамаға өтуге және объектілер туралы қосымша ақпаратты беруге жауап беретін белсенді аймақтар (фотопанорамадағы арнайы облыстар) көмегімен, бірқалыпты ауысулармен байланысады. Белсенді аймақтар технологиясы панораманың жеке бөліктеріне: интерьер бөлшектеріне, сауда орталықтарындағы жаңа тауарларға, қызықты сәулет ескерткіштеріне, көрмедегі нақты бір стендке және виртуалды қолданушының назарын аудару қажет кез келген ақпаратқа көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 3D турға қолданушының орналасқан жерін көрсетіп тұратын навигаторды да қосуға болады. Орын ауыстыру нүктелері жоспарлы немесе автоматты түрде орындалуы мүмкін. Дайын жұмысты қарау үшін, панорамалар қандай форматта жасалғанына байланысты Интернет шолушылар қолданылады. Әдетте, ол Java-скрипті қолдайтын немесе flash-ойнатқышы бар стандартты Интернет шолушы болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет