Сабақтың тақырыбы : «Алманың суретін саламыз»



Дата08.09.2017
өлшемі12,71 Kb.
#30260
түріСабақ
Пән :Бейнелеу өнері.

Сабақтың тақырыбы : «Алманың суретін саламыз».

Оқу – тәрбиелік мақсаты мен міндеттері: Оқушылардың түрлі түсті қарындаштармен жұмыс жасауын жалғастыру; Балалардың көтеріңкі көңіл – күймен сурет салуына жағдай жасау.

Сабақтың құрал жабдықтары:

Мұғалім үшін: қызыл алма, сары лимон, қызғылт сары апельсин түсті әр-түлі жемістер.

Балалар үшін: көркемдеу материалдар, егер мүмкіндік болса әр партада жемістердің жатуы, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақ жоспарының үлгісі :

1. Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы.

2.Жемістің түсін анықтау.

3.Не саламыз?

4. Жемістерді қалай түрлі-түсті қарындашпен бояймыз ?

5. Жемістердің суретін параққа қалай орналастырамыз ?

6. Өзіндік жұмыс.

7. Сабақты қорытындылау.



Сабақтың барысы :

Бұл сабақта алғаш рет «жемістердің түсі қандай?» деген ойын ұйымдастырылады. Мұғалім балаларға жемістерді көрсетіп, мысалы: «Мынау –алмұрт.Мұның түсі қандай?» деген сұрақ қояды, т.с.с. Ойын балаларды бар болғаны екі бояу сары және қызыл ғана болса, жемістер қалай қылғылтсары түс беруге болатынын анықтауға жетелейді, негізгі және қосымша түстер туралы алғашқы қарапайым мәліметтерді береді.



Мұғалім балаларға тікелей заттың өзіне қарап сурет салуды ұсына отырып, мысалы,алманы параққа үлкен, адемі етип, еркін орналастыруға кеңес береді.

Мұғалім бейнелеу өнерінің әр сабағы сайын суретті параққа әдемілеп орналастыру қажеттілігі туралы ойға – яғни, дұрыс композицияға үнемі оралып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет