Delphi-де кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті. Delphi қосымшасында



бет1/2
Дата11.01.2022
өлшемі48,84 Kb.
#110817
  1   2
Байланысты:
14 практиканың тақырыбы


№14 практиканың тақырыбы: Delphi-де кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті. Delphi қосымшасында деректерді енгізу жəне нəтижені шығару функциялары
Терминдер мен анықтамалар

1. Кестелік ақпаратпен жұмыс істеудің StringGrid компоненті жəне оның қасиеттері.



2.. Деректерді енгізудің InputBox функциясы

3. Нəтижені шығару-ң MessageDlg функциясы
Тірек конспектісі немесе тезистер

Кесте жолдар мен бағандардан құралған деректерді бейнелеуге мүмкіндік береді. Delphi-де кестемен жұмыс істеу үшін StringGrid компоненті қолданылады. Бұл компонент мəтіндік деректерді редакциялау үшін арналған. Кесте өлшемін longint типті ColCount жəне RowCount қасиеттері анықтайды, олар сəйкес кестедегі жол жəне баған санын береді. Қалыпты жағдайда олардың саны 5- ке тең жəне ол өлшемі 6х6 кестеге сəйкес келеді. Кестенің шеткі сол жақ бағаны мен жоғарғы жолын бекітілген етуге болады. Жол мен бағанды бекіту əдетте, тақырыпты безендіруде қолданылады. Кестедегі бекітілген жолдар мен бағандар санын integer типті сəйкес FixedRows жəне FixedCol қасиеттері анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл қасиеттің мəні 1- ге тең. Бекітілген элементтер ерекше түспен көрінеді жəне кестедегі ақпаратты айналдыру кезінде қозғалыссыз қалады. Бекітілген ұяшықтар фонының түсі FixedColor қасиеті арқылы анықталады. Ал кестенің түсі Color қасиеті арқылы анықталады. Программаның орындалу барысында кесте деректерін редакциялауды жүзеге асыру үшін Объект инспекторындағы Options қасиетінің goEditing мəнін true етіп қою керек. Кестенің жеке ұяшығының мəніне қатынау үшін String типті Cells[ACol, ARow:integer] қасиеті қолданылады. AСol индексі кестенің бағанын , ARow индексі жолын көрсетеді. Бұл қасиет екі өлшемді массив ролін атқарады.



Ескерту! StringGrid компонентінде жол жəне баған индексі 0- ден басталады.

Мысалы: Label1.Caption:=StringGrid1.Cells[5,9]; StringGrid1.Cells[1,2]:=’Hello’;

Label1 комонентіне StringGrid1 кестесінің алтыншы бағаны мен 10- жолының қиылысында орналасқан ұяшық мазмұны шығады жəне кестенің 3- жолының 2- бағанына “Hello” сөзі шығады.

Мысал1: Кесте жасау мысалын қарастырайық. Кестенің төмендегі қасиеттерін орнатамыз:

Қасиет

Мəні

FixedCols

0

FixedRows

1

Options\goEdit

ing


true





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет