Қандай да бір болмасын лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде ыдыстардың таза болуы шарт. Ыдыстарды тазалау үшін әртүрлі әдістер мен құралдар, жуғыш қасиеті бар заттар мен қоспалар қолданылады.
Жаңа ыдысты алғаш рет қолдану алдында оны ыстық және соңынан дистилденген сумен жуу керек.
Қолданыстағы ластанған ыдысты алдымен дөрекі бөлшектерден тазалап соңынан қажет еріткішті пайдаланып жуады. Егер ыдыс суда еритін ластаушы затпен былғанса, онда оны ыстық және дистилденген сумен жуады. Ыдыс суда ерімейтін затпен ластанған жағдайда мүмкін болса заттың қалдығын суда еритін қалыпқа өткізіп, соңынан ыстық және дистилденген сумен жуады.
Лабораторияларда майдың сапасын анықтау жұмысы барысында ыдыстарды тазалау үшін органикалық еріткіштерді пайдаланады. Ыдыстағы қалдықты сабынмен немесе синтетикалық құралдардың бірімен жуады. Соңынан оны таза ыстық және дистилденген сумен жуады. Қажет болған жағдайда хромдық қоспамен өңдейді. Мүмкін болса хромдық қоспаны пайдаланбаған дұрыс. Өйткені ол шынының микропораларында адсорбцияланып қалатындықтан соңынан жуылуы қиын және көп уақытты қажет етеді.