7. Жұтылу спектрлері көмегімен фотобиологиялық үдерістерді зерттеу әдістері
Фотоэффект
Фотоэффект дегеніміз жарықтың әсерінен электрондардың эмиссиясының пайда болу құбылысы. Сыртқы фотоэффект газдардағы атомдар мен молекулаларында және конденсацияланған орталарда пайда болады. Жарықтың затпен әсерлесуі кезіндегі фотоэлектрлік құбылыстар Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуімен сипатталады.
Жұмыс істеу принциптері фотоэффект құбылысына негізделген электровакуумдік немесе жартылай өткізгіштік приборларды фотоэлектрондық деп атайды. Солардың бірнешеуінің құрылысын қарастырайық. Фотоэлектрондық приборлардың кең тараған түрі фотоэлемент болып табылады. Сыртқы фотоэффектіге негізделген фотоэлемент электрондардың көзі болып табылатын, жарық түсетін — фотокатод К, және А анодтан тұрады