Қадірлі оқырман!



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата17.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#191883
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Niyet x Abylai Kenzhaly

дейді.


14
ҒАЛЫМДАР 
НИЕТ ЖАЙЛЫ НЕ 
АЙТТЫ?
«Жақсы ниет етуді үйреніңдер! Расында, 
ниет – құр амал етуге қарағанда әлдеқайда 
маңыздырақ».
6
Яхья ибн әби Кәсир 
«Мен әрбір ісімде жақсы ниетім болғанын 
қалаймын. Тіпті ішіп-жеген кезде де».
7
Зубайд әл-Яәми
«Ниетімді дұрыстай беруден қиын нәрсе 
көрмедім. Өйткені, ол әрдайым өзгеріп 
отырады»
8
.
Суфиән әс-Сәури
«Жүректің жақсы болуы амалдан. Амалдын 
жақсы болуы ниеттен».
9

Хилятул әулиә 3/70

Жәмиғ әл-ғулум уә әл-хикәм

Хилятул әулиә 5/7

Хилятул әулиә 2/199


15
Мутарриф ибн Абдулла
«Бәлкім, жақсы ниет – кішкене амалдың өзін 
сауабын ұлғайтып жіберер. Бәлкім, жаман 
ниет – үлкен амалдың өзін сауабын азайтып 
жіберер».
10
Абдулла ибн Мубәрәк 
«Алланың жәрдемі – пенденің ниетіне 
байланысты. Кімнің ниеті кәміл болса, Алланың 
оған деген жәрдемі де толық болады. Ал 
кімнің ниеті әлсіз олса, сол деңгейде Алланың 
жәрдемі де азаяды».
Омардың ұлы Сәлимнің Омар ибн Абдул 
Азизге жолдаған хаты
10 
Жәмиғ әл-ғулум


16
ЖАЛҒАН НИЕТ 
МӘСЕЛЕСІ
Ниет – қарапайым күнделікті амалдарды 
құлшылық пен сауапқа айналдырар жалғыз 
нәрсе. Құлшылықты сергек жасау үшін ұйықтаған 
адам да сол ниеті арқылы ұйқысы үшін де сауапқа 
кенеледі. Оның тіпті ұйқысы да құлшылық болады.
Сауапты амалды әлденіп жасау үшін ішіп-желінген 
ас та құлшылыққа айналады. Үмметке пайдамды 
тигіземін, адамдардың аурын жазуға барынша 
септігімді тигіземін деген ниетте дәрігерлік оқуды 
оқыса да, сол жақсы ниеті үшін үлкен сауапқа 
кенеледі. Әрбір адал болған салада ең алдымен 
өзінің дүниелік мақсатын емес, бәлки қоғамға 
пайдамды тигіземін, қоғамды дамытамын деген 
ниетте ілім алса, ол ілімі (діни ілім болмаса да)
құлшылыққа айналады. Тіпті мешітке келіп намаз 
уақытын күтіп отырған адам да, сол ниетіне орай 
намаз оқып жатқан сауапқа кенеліп отырады. 
Ғалымдарымыз да былай дейді: «Мешітке келген 
адамда мына бір екі ниет болғандығы дұрыс. Ол 
екеуі: Алланы зиярат ету және намаз уақытын 
күту»,-дейді.


17
Тіпті адамдардың жүрегін көреалмаушылық, 
қызғаныштан сақтаудың өзі – ниет себепті 
сауапты амалға айналуы мүмкін. Мысалға, екі 
ер адам үйлерінен екі түрлі киініп шықты делік. 
Бірі ең әдемі киімдерін киіп шықса, екіншісі ең 
қарапайым киімдерін киді. Бірақ, киімдері бір-
біріне қарама-қайшы болса да, ниет себепті екеуі 
де сауапқа кенелуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет