Қадірлі оқырман!



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата17.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#191883
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Niyet x Abylai Kenzhaly

Біріншісі, 
ешқандай риясыз, хадиске сүйене: 
«Мен Алланың жаратылыстарына жақсы кейпімде 
көрінуім қажет» деді. Осы амалымен сауапқа 
кенелді.
Екінші адам
болса, көршілерінің, кедей-кепшіктің 
жүрегінде қызғаныш болуын қаламай, (әдемі 
киімі болса да) қарапайым киімдерін киіп шықты. 
Және ниеті себепті осы адам да сауапқа кенелді. 
Бұл тек киімге қатысты емес. Үйден шыққанда 
әтір жағыну, сүрме жағып шығу және басқа да 
амалдарға қатысты.
11
Енді осы жерде айтылып өтер нәзік бір мәселе 
бар. Мысалға, достарыңмен жүрек қатайғанша 
күліп-күліп алып, «күлу – сүннет» – деп, артынша 
өзіңді ақтап алу қаншалықты дұрыс? Сен шынымен 
11 
Жәмәл әд-дин Мухаммад әш-Шафиғи


18
сүннет үшін істеп жатырсың ба, әлде өзіңнің 
оғаштау қылығыңды сүннетпен бүркей салдың 
ба ойлану қажет. Тағы бір мысал, түстен күйін 
ұйықтап қалып, артынша түстен кейін ұйықтаудың 
сүннет екенін алға тартып өз өзіңді ақтап алдың. 
Шынымен-ақ, сүннет үшін жасадың ба, әлде нәпсі 
қалауың үшін жасадың ба оны да ойлану керек. 
Нәпіл ораза ұстадың делік. Сөйтіп үйіңе қонақтар 
келіп тәтті тағамдар әкелді. Сен сол тағамдарды 
көрдің де аузыңды ашып жібергің келді. Сосын 
кенеттен: «Осы нәпіл ораза ұстап жүргенде, 
үйіңе қонақтар келсе, аузыңды ашып жіберуге 
болады емес пе! Кейін қазасын өтей салармын» 
деген ой келді. Сенің түпкі ниетің – қонақтардың 
көңілі ме, әлде нәпсіңнің қалауы ма оны да ойлау 
қажет. Бұның тағы бір мысалы,дені сау ер адам 
үйінде жатып, іштей: «Шіркін, мешітке барып 
жамағатпен намаз оқысам ғой!» – деп ойлайды. 
Және осы бір ниеті үшін жамағат намазына 
бармаса да сондай сауапқа кенеліп жатырмын 
деп-те өз-өзін сендіреді. Бұлай ниет қылуға 
болмайды. Егер күнделікті жамағат намазына 
барып, сосын кенеттен аурып үйде жатқан кезде 
солай ниет қылсаң, бәлкім Алла қабыл етер.


19
Әсіресе, ниетті ілім алу кезінде әрдайым жаңалап 
отыруы міндет. Өйткені, Алла елшісі (Алланың оған 
игілігі мен сәлемі болсын) өзінің бір хадисінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет