Қадірлі талапкер!



бет25/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже


«Сөз құрамы» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



  • 1 – A (Талды+қорған)

  • 2 – B

  • 3 – D ("Жығылып қала жаздады" – күрделі етістік)

  • 4 – C ("Күздің күні" деген сөздің әріптік өзгеріске ұшырап бірігуі арқылы жасалған, сондықтан ол кіріккен сөз деп аталады.)

  • 5 – E (педагогикалық колледж (бірінші сөздің бірінші буынының қысқаруы мен келесі сөздің толық алынуынан жасалған))

  • 6 – C (дұрысы: ТМД-ға)

  • 7 – D

  • 8 – C (Жина – л – ыс (– л – ыс – жұрнақ))

  • 9 – D ("бетпе-бет" қос сөзі "бет" сөзінің қайталануы арқылы жасалған)

  • 10 – B ("-лық" – жұрнақ)

  • «Қосымша» тақырыбы бойынша

  • ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. кергеКөптік жалғауынсыз көптік ұғым беретін сөзді белгілеңіз.

        1. A) құм, қымыз В) дәптер, біз С) әркім, өзен

        2. D) келу, бөкен Е) қазақ, ақын

        1. Жай септеу үлгісіндегі сөзді белгілеңіз.

        1. A) Әділдігі В) Кітабымды С) Сәніңізге

        2. D) Баламның Е) Адасқанның

        1. Табыс септік жалғауындағы сөзді табыңыз.

        1. A) барады В) құлды С) асыранды

        2. D) ағызды Е) оқыған-ды

        1. Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.

        1. A) кең маңдайлы В) екеуле С) тыңайтқыш

        2. D) үйшік Е) бірге

        1. Қай тіркесте септік жалғауы жасырын тұрған жоқ?

        1. A) тіл ұстарту В) өнер шашпақ С) сөзді ұғу

        2. D) ой байлығы Е) алма ағаш

        1. Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты табыңыз.

        1. A) -лар,-лер,-тар В) -ның,-нің-дың С) -ым, -ім, -м

        2. D) -нікі,-дікі,-тікі Е) -мын,-сыңдар,-мыз

        1. Жіктік жалғауының көпше түрінің I жағын көрсетіңіз.

        1. A) Онда кеше барғанбыз.

        2. В) Орманға еніп бір-ақ тынықты.

        3. С) Неткен жақсы едің!

        4. D) Таратып ап кетіңдер анау үйлеріңді.

        5. Е) Сен Асанның кіші баласысың ба?

        1. Ортақ тәуелдеу үлгісіндегі сөзді табыңыз.

        1. A) Өлеңім – менің бөбегім.

        2. В) Байлықтың атасы – еңбек.

        3. С) Баламызға доп алдық.

        4. D) Ердің көркі – ел.

        5. Е) Аталарымның өнегесі

    1. Оңаша тәуелдеуді көрсетіңіз.

        1. Сөз тудырушы жұрнақты табыңыз.

        1. A) айтқалы, жаза D) әкей, еркежан

        2. В) балгер, тарсыл Е) көрпеше, түйіршік

        3. С) көрсе, естір



        4. «Қосымша» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        5. 1 – A, 2 – E

        6. 3 – B (бара-ды – жіктік жалғауы, ағыз-ды – жедел өткен шақ жұрнағы, асыра-нды – жұрнақ, оқыған-ды – нақтылау мәнді демеулік)

        7. 4 – D ("-шік" жұрнағы жаңа сөз тудырып тұрған жоқ, сөздің мағынасын аздап түрлендіріп тұр.)

        8. 5 – C (тіл-ді ұстарту, өнер-ді шашпақ, ой-дың байлығы, алма-

        9. ның ағаш-ы

        10. 6 – D, 7 – A (біз барған-быз)

        11. 8 – C (Біздің баламыз)

        12. 9 – C, 10 – B (бал-гер, тарс-ыл)

        13. «Зат есім» тақырыбы бойынша

        14. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Дара зат есімді көрсетіңіз.

        1. A) тұрған B) оқу C) тасбақа

        2. D ) қиял E) ата-ана

        1. Күрделі зат есімді табыңыз.

        1. A) Зейін B) Білгіш C) әдеп-ғұрып

        2. D) Самғау E) Бос

        1. Жалпы есімді белгілеңіз.

        1. A) “Абай жолы” B) Құлагер C) Балқаш

        2. D) “Жас Алаш” E) Тау

        1. Негізгі зат есімді белгілеңіз.

        1. A) күнделік B) көркем C) ұлық

        2. D) қол E) ұғу

        1. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

        1. Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

        2. A) сын есім B) зат есім C) үстеу

        3. D) етістік E) еліктеу

        1. Деректі зат есімді анықтаңыз.

        1. A) тас B) шабуыл C) дәулет

        2. D) азап E) ар-ұят

        1. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

        1. A) алтыбақан B) жер C) даңқ

        2. D) дария E) жусан

        1. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтары табыңыз.

        1. A) -лық, -дық B) -жан, -еке C) -ғы, -гі

        2. D) -ым, -ім E) -к, -ік



        1. Жанама толықтауыш қызметіндегі зат есімді табыңыз.

        1. A) Олар найманды шүйелемей қоймас.

        2. B) Су ағуын, жел соғуын тоқтатып, даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.

        3. C) Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы – желтоқсан оқиғасы.

        4. D) Ол өзінің ағасына хат жазды.

        5. E) Ана тілі ғасырлар бойында жасала да, жасара да береді.

        1. Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.

        1. A) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.

        2. B) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

        3. C) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

        4. D) Үстінде шетін кестелегн ақ көйлек, қызыл пүліш камзол.

        5. E) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.



        6. «Зат есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – D

        8. 2 – C

        9. 3 – E

        10. 4 – D

        11. 5 – D (күре-к: күре – етістік)

        12. 6 – A

        13. 7 – C

        14. 8 – B (бала-жан, бас-еке)

        15. 9 – D (ағасына – кімге?)

        16. 10 – B (Алатау)



        17. «Сын есім» тақырыбы бойынша

        18. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышты табыңыз.

        1. А) Ілім-дария көл, надандық-сусыз шөл.

        2. B) Жаманға сөз айтсаң, ақыл таппас жауап айтады.

        3. С) Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.

        4. D) Ердің атын еңбек шығарады.

        5. Е) Жаман өз үйінде өзі қонақ.

        1. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді табыңыз.

        1. А) Сәтжанның қабағы қатулы.

        2. B) Омар сабақты жақсы оқиды.

        3. С) Қоңыр шашының арасынан бас құйқасы көрінеді.

        4. D) Бірі – сұлу, бірі – мықты, бірі – жүйрік.

        5. Е) Адам – тастай берік, гүлдей нәзік жаратылыс.

        1. Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз.

        1. А) Керегетастың азу-азу, ирек-ирек тас биіктеріне күн сәулесі ілінді.

        2. B) Күздің әдемі күні туып келеді.

        3. С) Ақшыл бұлттан аспан ашылды.

        4. D) Зейнеп-көргенді, тәрбиелі қыз.

        5. Е) Жан-жақтан көк шалғынның, жусанның иісі аңқиды.

        1. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.

        1. А) Арман-адам қанаты.

        2. B) Көрмес-түйені көрмес.

        3. С) Айла-алтау, ақыл-жетеу.

        4. D) Көне сөз-жаңа сөздің қазығы.

        5. Е) Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

        1. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықтаңыз.

        1. А) Әуе тұп-тұнық, жібектей жұмсақ.

        2. B) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.

        3. С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.

        4. D) Жуас торы ат үріккен жоқ.

        5. Е) Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.

        1. “Көкпеңбек, аппақ” сөздері қай шырайда қолданылып тұр?

        1. А) жай шырай D) шырайы жоқ

        2. B) асырмалы шырай Е) салыстырмалы шырай

        3. С) күшейтпелі шырай

        1. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

        1. А) Өнерлі бала сүйкімді. D) Халық сөзі – қаһарлы.

        2. B) Көп сөз – күміс. Е) Отан – оттан да ыстық.

        3. С) Ел жасымен көрікті.

        1. Туынды сын есімді табыңыз.

        1. A) жылтыр B) биік C) момын

        2. D) кенді E) жұмсақ

        1. Дара сын есімді тіркесті табыңыз.

        1. A) хош иісті зат B) аппақ қар C) киім тазаланды

        2. D) көгілдір аспан E) теп-тегіс жол

        1. Негізгі сын есімді табыңыз.

        1. A) түртіншек B) батыл C) шыдамды

        2. D) адам E) рухани



        3. «Сын есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        4. 1 – B, 2 – E, 3 – A, 4 – E, 5 – B,

        5. 6 – C, 7 – B, 8 – D, 9 – D, 10 – B

        6. «Сан есім» тақырыбы бойынша

        7. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Күрделі сан есімді табыңыз.

        1. А) мыңдап В) елулерде С) жүз

        2. D) екеу Е) екі бүтін оннан үш

    1. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

        1. А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу

        2. D) төрт мың Е) үш төрт

    1. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

        1. А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш

        2. D) анықтауыш Е) пысықтауыш

    1. Шығыс септігінде тұрып, пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

        1. А) есептік В) реттік С) жинақтық

        2. D) бөлшектік Е) топтау

    1. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді көрсетіңіз.

        1. A) екі B) он сегіз C) жиырма алты

        2. D) он E) мың

    1. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

        1. A) X-сынып B) 2004-жылы C) 24-қараша

        2. D) 1-інші үй E) 3-алма алды

    1. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

        1. А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп.

        2. В) Екі жастың қуанышы тойланды.

        3. С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.

        4. D) Екеуіне сүйсінумен өтермін.

        5. Е) Ән айтатын өнерпаздар – осы үшеуіміз.

    1. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?

    1. 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген.

    2. Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.

    3. Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.

    4. 30-40-тай адам жиналған екен.

    5. Біз 2-еу едік.

    1. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

    1. Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар.

    2. Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.

    3. Арада жыл жарым өтті.

    4. Бір үйден он бес – жиырмадан мал өреді.

    5. Мен 11-сыныпта оқимын.

    1. Сан есім қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқарады.

        1. А) Барыс, табыс, жатыс, шығыс септіктері тұлғасында

        2. В) Заттанып, ілік септік жалғауы тұлғасында

        3. С) Заттанып, атау септік тұлғасында

        4. D) Жіктеліп не көмекші етістікпен тіркесіп

        5. Е) Етістіктің алдында келіп



        6. «Сан есім» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        7. 1 – E, 2 – D, 3 – D, 4 – E, 5 – C

        8. 6 – D, 7 – E, 8 – D, 9 – A, 10 – E



        9. «Есімдік» тақырыбы бойынша

        10. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.

        1. A) Күллі, барша, тегіc

        2. B) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз

        3. C) Қашаннан? қайсысы? неңіз?

        4. D) Әркім, қайсыбір, ешқашан

        5. E) Мынау, осыңыз, соным

        1. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

        1. А) Олар жиналысқа түгел қатысты.

        2. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.

        3. С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді.

        4. D) Бұлардың ойы іске аспады.

        5. Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.

        1. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.

        1. A) Ешкімге тіл қатушы болма.

        2. B) Саған тай сатып әперемін.

        3. C) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.

        4. D) Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

        5. E) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.

        1. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.

        1. A) Кіміңіз? несі? D) Өздерің, өзіңіз

        2. B) Бұнысы, мынауымыз E) Барлығынан, бәрінің

        3. C) Соның, анаған

        1. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?

        1. А) әркім, кейбіреу, әлденеше D) біреу, ешбір, қайсыбір

        2. В) олар, мен, біз Е) бәрі, түгел, барша

        3. С) кім, қашан, неше

        1. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын табыңыз.

        1. A) Еш уақытта, еш қашан D) Кей ағаң, кей біреу

        2. B) Әлде кім, әр адам E) Бүтін, еш теңе

        3. C) Әркім, ешқайда

        1. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

        1. Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

        2. A) толықтауыш B) баяндауыш C) пысықтауыш

        3. D) бастауыш E) анықтауыш

        1. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

        1. A) Бірнеше B) Саған C) Дәнеңе

        2. D) Әлдекім E) Түгел

        1. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.

        1. A) Осынау B) Оған C) Әрне

        2. D) Кейбіреулер E) Ештеңе

        1. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.

        1. А) менге В) сенмен С) сода

        2. D) бұдан Е) сеннің



        3. «Есімдік» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:



        4. 1 – D (Әр+кім, қайсы+бір, еш+қашан)

        5. 2 – A (түгел – қалай?)

        6. 3 – D (күллі)

        7. 4 – B, 5 – D (біреу,қайсыбір–белгісіздік, ешбір – болымсыздық)

        8. 6 – C, 7 – C, 8 – C, 9 – B

        9. 10 – D (маған, сенімен, сонда, сенің)



        10. «Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша

        11. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Құранды етістікті табыңыз.

        1. А) уәде бер В) айта бар С) келе сал

        2. D) айтып сал Е) барып қал

    1. Туынды түбір етістікті табыңыз.

        1. А) қараған В) байымайды С) кеспейді

        2. D) қадалды Е) батырыпты

    1. Негізгі түбір етістікті табыңыз.

        1. A) ойлан B) сана C) шақыр

        2. D) тазала E) басқар

    1. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

        1. А) салт В) сабақты С) құранды

        2. D) көмекші Е) болымсыз

    1. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсетіңіз.

        1. А) салт В) сабақты С) болымсыз

        2. D) көмекші Е) құранды

    1. Болымсыз етістікті табыңыз.

        1. А) Қалам бар(ма). D) Қызық жарна(ма).

        2. В) Бұл - шығар(ма). Е) Атым Ал(ма)

        3. С) Сабақтан қал(ма).

    1. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттің жүзеге аспағанын білдіреді?

        1. A) болымды етістік D) негізгі етістік

        2. B) күрделі етістік Е) туынды етістік

        3. C) болымсыз етістік



    1. Болымды етістікті табыңыз.

        1. A) Бет қаратар емес.

        2. B) Жалған айтып суыспа.

        3. C) Енді топтың ішін көрмек емес.

        4. D) Жүйрік алысқа шабады.

        5. E) Енді бұлай істемегейсің.

    1. Күрделі етістіктің қатарын белгілеңіз.

        1. A) балтала, ойлан, ақылдас

        2. B) жұлқылады, тарсылдады, ойбайлады

        3. C) жүре бер, әуре-сарсаңға түсті, әперді

        4. D) көңілден, ағар, үшеуле

        5. E) жаздыртты, оқытты, сөйлесті

    1. Сабақты етістікті табыңыз.

        1. A) Келгеніне қатты қуанып еді.

        2. B) Дала тіршілігі басталғалы тұр.

        3. C) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.

        4. D) Ғарышкер болғысы келеді.

        5. E) Тәжірибесін үйретумен келеді.



        6. «Етістіктің түрлері» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – A, 2 – B (бай-ы)

        8. 3 – C (ой-лан, сан-а, таза-ла, бас-қар)

        9. 4 – B, 5 – D

        10. 6 – C, 7 – C

        11. 8 – D

        12. 9 – C (алып берді / әперді.)

        13. 10 – E

        14. «Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша

        15. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын табыңыз.

        1. А) -қан В) -атын С) -ып

        2. D) -ды Е) -а

    1. Қай қосымша жіктелмейді?

        1. А) -атын В) -ғалы С) -ған

        2. D) -ар Е) -мақ

    1. Ауыспалы өткен шақ жасайтын есімшенің жұрнағы қайсы?

        1. A) -атын B) -ған C) -ар

        2. D) -мақ E) -с

    1. Көсемшелі сөз тіркесін табыңыз.

        1. A) айтқалы келді D) айта салды

        2. B) жазбақ екен E) жаза тұр

        3. C) айтып берді

    1. Көсемше жұрнақтарының қатарын табыңыз.

        1. A) -ған, -ген, -қан, -кен D) -е, -іп, -ар, -ер

        2. B) -а, -ып, -ғалы, -й E) -с, -атын, -гелі, -п

        3. C) -атын, -етін, -р

    1. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін табыңыз.

        1. A) Келгелі, үйренгелі D) Табатын, үндемес

        2. B) Айттым, қалдым. E) Барған емеспін, келер еді

        3. C) Бітіпті, тозады

    1. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

        1. A) Аяқта, ұқ D) Көргенің, айтарым

        2. B) Бұзар, шабар E) Жазым, басылым

        3. C) Егер, ендеше

    1. Есімшенің қысқарған түрін табыңыз.

        1. A) Көрмес – түйені де көрмес.

        2. B) Мен отырман билерше бос мақалдап.

        3. C) Мен келем тау ішінде түнделетіп.

        4. D) Алаған қолым береген.

        5. E) Қазіргі уақытта көреген кісілер аз.

    1. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.

        1. A) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі.

        2. B) Туған жердей жер болмас.

        3. C) Ел аралаған сыншы болар.

        4. D) Ат айналып қазығын табар.

        5. E) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.

    1. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.

        1. A) Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты.

        2. B) Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.

        3. С) Тарантас зырлап келеді.

        4. D) Жанар орнынан тұрып, қонақтарды қарсы алды.

        5. Е) Жел басылып қалған екен.




        6. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет