АКТ-ны пайдалану «Дұрыс-бұрыс стратегиясы»
Эссе жазу «Менің болашақ мамандығым»
Рефлексия: беткескіндер арқылы. Жаңа көзқарас- жаңа мүмкіндіктер.
«Кері байланыс» парағы – стикелерге жазып қалдыру.
Сабақтарымда бақылағанымды кестеге жазып отырдым. Диалогтық оқуды қолдану арқылы ауызша сөйлеудің деңгейі өсті.
-Келесі ақпаратты жинау әдісі-бейнетүсірілім. Сабақтарды бейнетаспаға түсіріп, оқушылардың топтағы жұмысын, жұптағы жұмысын зерттеп, кеңес беріп отырдым. Ауызша сөйлеудің деңгейі
Зерттеуге дейін
Оқушы
|
Монолог
|
Диалог
|
Дискуссия
|
А
|
Жақсы
|
Жақсы
|
Жақсы
|
Б
|
Төмен
|
Орташа
|
Орташа
|
В
|
Төмен
|
Төмен
|
Төмен
|
Зерттеуден кейін
Оқушы
|
Монолог
|
Диалог
|
Дискуссия
|
А
|
жақсы
|
жақсы
|
жақсы
|
Б
|
жақсы
|
жақсы
|
жақсы
|
В
|
орташа
|
жақсы
|
орташа
|
Сауалнама жүргізу де көп ақпарат береді.
Зерттеуге дейін, зерттеуден кейін оқушылардан сұхбат алдым. Айгерім сұрақтарға толық жауап берді. Миша мен Влад орташа жауап берді. Мұғалімнің рөлі өте зор.
-Оқушылардың жұмыстары: эссе, тесттер, жазба жұмыстар ақпарат жинау әдістерінің бірі. Миша эссе жақсы жазды, Влад тестті жақсы жазды.
Әр сабақты өткізгеннен соң оқушылардың сауалнамасын, жұмыстарын, тілек жазған стикерлерін оқуға асықтым. Бейнетүсірілімді көріп, сұхбаттарын тыңдап көп жақсы әсер алдым. Сабақта бұрын байқалмай қалған мәселелер бойынша жауаптар іздедім.
Инновациялық технологиялар оқыту арқылы оқушыларға көзқарасым өзгерді. Әр сабақты талдап отырдым. Сабақтан сабаққа оқушылар сенімді жауап беруге үйренді. Топпен жұмыстың арқасында қарым-қатынастары жақсарды. Кейбір оқушыларда көшбасшылық қасиеттер білінді.
Зерттеу барысында бақылағаным:
-жаңа әдістерді жақсы қабылдайды
-қызығушылық танытады
-топта жұмыс істейді
-сенімді жауап береді
-диалог құрастырады
-жұппен жұмыс істейді. Инновациялық технологияларды белсенді түрде енгіздім.
Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы, әсіресе- төмен тәртіптегі мақсаттың дағдыларын алға тартуға ұмтылады. Блум таксономияның мақсаты : танымдық, эмоционалдық және психомоторлы жағынан оқушыларды оқыту.
Қазақ тілі мұғалімдеріне жүктелген мемлекеттік тілді дұрыс оқыту – үлкен жауапкершілігі мол жұмыс, ендеше осы жолда атқарып жүрген жұмыстарымыз әрқашан мәнді де нәтижелі болсын дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |