Өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жүзеге асыратын адвокаттың артықшылығы – осы арада құрылтайлық құжаттардың талап етілмейтіндігінде. Заң консультациялары қалалар мен елді мекендердегі азаматтарға және үйымдарға заң көмегін көрсету жөніндегі адвокаттар қызметін ұйымдастыру үшін құрылады. Адвокаттардың көпшілігі заң консультациясында жұмыс істейді. Заң консультациялары адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады және заңды тұлға құқығы жоқ. Заң консультацияларына алқа мүшелері қатарынан адвокаттар алқасы, төралқасы қаулысымен тағайындалатын меңгеруші басшылық етеді.