Adv3205- «Адвокатура»


Ораторлық өнер (ораторское искусство)



бет96/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Ораторлық өнер (ораторское искусство) – жұртшылық алдында сөзін дайындау мен оны айтудан тұратын ортордың білімі мен қабілетінің жиынтығы болып табылады: бұл материалдар жинақтай білу, тындаушыларға әсер ететіндей етіп, сөзін дұрыс құрастыру; дәлелдей алу мен қарсы пікір айту, жеткізе алу қабілеті, сөйлеу шеберлігі (речевое мастерство).
Сотта сөйлеу шеберлігі сонымен қатар процессуалдық нормалар талаптарына сай келу қажет; аргументтер негізделен болу керек, оқиға болған жағдайға, сотталушының жеке басына, қылмыстың себептеріне психологиялық анализ беру арқылы соттың ойын өзгерту, өз жағына бұру ды білу қажет. Ол үшін дұрыс аргумент, дәл, қажет сөздерді құрал ретінде пайдала білі қажет.
Ал шешендік, яғни «әдемі сөйлей білу» бұл сотта сөйлеу шеберлігінің бір түрі болып келеді.
Бірақ сотта сөйлеу сөзіне қойлатын талаптар әр кезеңде әртүрлі болды. Егер революцияға дейінгі кезеңде адвокаттарға қалайда талаптар қойылмай, олар сотта еркін сөйлей алатын болса, кеңес дәуірінде әсерлеп сөйлеу керісінше зияны тиіп, мақсатқа жетуге кедергі келтірді. Тек заң тілімен сөйлеу ұсынылып, сот ораторларының сөзі бір стандарттқа бейімделді. Ал қазіргі сот реформаларына сәйкес сотта сөйлеу өнерін қайта игеру қажеттілігі байқалады. Сотта сөйлеу шеберлігі тұрақты, мақсатты еңбекке негізделеді. Себебі оратор сөз сөйлеп тұрған адам ғана емес, оратор сөзді сөйлеу алатын, ойын көпшіліктің алдында жеткізе алатын, ораторлық өнердің әдістері мен заңдарын игерген маман болуы қажет. Яғни, ол сөйлеу алу қажет. Өз позициясын мүлтіксіз аргументтеуі, нақты, анық түсіндіруі - ораторлық еңбектің мәдениетінің негізгі белгісі. Ол үшін шешендік өнердің теориясын, белгілі сот ораторларының тәжірбиесін, сот ораторлық өнердің ең жақсы үлгілерін үйрену қажет. Сонымен қатар, үнемі сөйлеу қабілетін жетілдіріп отыру маңызды. Әйгілі Марк Туллий Цицеронның: «Ақын болып туылады, ал ораторлықты үйренеді».
Қорғаушының сөзі- соттық тексерудің өте қажет әрі маңызды бөлігі. Қорғаушы өз қажет әрі маңызды бөлігі. Қорғаушы өз сөзінде іс бойынша өзінің пайымдауларын ортаға салып, ең маңыздысы сол тұжырымдарының дұрыстығына сотты сендіруге тырысады. Қорғаушы сөзі сотталушының құқы мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталады. Сотталушының кінәсіздігін және жауапкершілік деңгейінің төмендігін дәлелдеу үшін ол іс жағдайын дұрыс бағалап, ақиқатты ашып, заңды әрі негізделген үкім шығартуға көмектеседі.
Сота сөйлеуге дайындық жасау барсында қорғаушы сөзінің жұмыр әрі жатық шығу үшін бар мүмкіндікті пайдаланады.
Егер тарихқа көз жүгіртсек XIX ғасырдағы орыстың атақты қорғаушыларының барлығы өз сөздерін алдын-ала дайындап, жүйелі түрде жазып алғандығын білеміз.
Сотта сөйлегенде қорғаушысөзге қатысты белгілі бір тәсілдер, ережелермен талаптарға сүйенеді.
Егер қорғаушы куәгердің өттірік мәлімдеме жасап тұрғаның білсе, онымен егеске түсудің қажеті жоқ . Және ол мәлімдемені өтірік дегеннен гөрі қателесіп тұрсыз деген тиімді болады.
Қорғау сөзінде басқалардың жеке басына тіл тигізіп мінеп-сынау орынсыз. Мұндай тәсіл жұмысын жаңа бастаған қороғаушыларға тән, өйткені оларда өзі мен қорғауындағы адамнан (сотталушыдан) басқаларды күдікті деп санау жиі кездеседі. Жас қорғаушыларға милиция теріс пиғылды, прокурормен сот әділетсіз көрнуі мүмкін. Әрине сондай жағдайда аракідік кездесіп жатады, бірақ үнемі емес. Қорғаушы өз сөзінде қарсыласының жеке басына қатысты мәселелерге бармай, айыптаушы ережелерді бұзғанның өзінде салқынқандылықты ұстанып, айғақты әрі сауатты сөйлеу білсе бұдан оның атақ-беделі жоғарылай түседі. Заң баптарын басшылыққа алып, оның сөздерін нық әрі көтеріңкі леппен жеткізе білген қорғаушы әрдайым құрметтеуге лайықты саналады.
Дәлелдемелерді талдау және бағалау.
Қорғаушы сөзінің маңызды бөлігі қылмыстық істің фактілік және заңды жағдайларын талдау болып табылады.
Қорғаушы тарапынан мына жағдайлар анықталып және ерекше ескерілуі қажет:
1) сотталушы жасады деп отырған қылмыс орны дәлелді ме?
2) сол қылмысты соталушы жасағаны дәлелденеді ме?
3) бұл іс қылмысқа жатады ма және ол қандай қылмыстық заңмен қарастырылған ?
4) осы қылмыс үшін сотталушы кінәлі ма ?
5) соталушы жазаға тартылуы тиіспе ?
6) жазаны жұмсартатын немесе қысқартатын жағдайлар бар ма ?
7) сотталушыға қандай жаза қолданылады ?
Егер айыптау тарапынан куәгер жауап беретін болса, қорғаушы аса жауапкешілікпен қарауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет