Adv3205- «Адвокатура»



бет95/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Түйінді сөздер: ораторлық өнер, адвокаттың сөйлеу мәдениеті, ораторлық өнерінің техникасы, адвокаттың соттық сөйлеуінің естілу мәдениеті, соттық сөйлеу, адвокаттың жазбаша сөз мәдениеті.
Қаралатын сұрақтар:
1.Адвокаттың соттағы шешендік өнері. Адвокаттың сөйлеу мәдениеті: түсінігі және мазмұны.
2.Адвокаттың сөйлеу мәдениетін анықтайтын қырлары: анықтылығы, дұрыстығы, логикалық, орынды болуы, нақтылығы, эмоционалдығы және эксперессивтілігі, дербестігі (өзіндік ерекшелігі).
3.Адвокаттың сөйлеу мінез-құлқының этикасы. Сөйлеу ықпал ету құралы ретінде.
4.Адвокаттың соттық ораторы ретіндегі логикалық мәдениеті. Соттық сөйлеудің сенімділігі және сөйлеудегі логикалық қателіктер.

Сотта сөйлейтін шешен үшін сауатты әрі мәдениетті ойын жеткізе білудің мәні зор.


Соттағы сөздің мәдениеті-нақты тыңдаушыларға нақты бір жағдайда алға қойған міндетке сәйкес жақсы әсер қалыптастыра білу үшін тілдің материалдар құндылығы пайдалану. Сотта сөйлейтін шешен ана тілін шебер меңгерумен қатар, сол тілді өзі баяндайтын тақырыпқа орай орнымен қолдана білуі қажет. Сөздің сауаттылығы мен мәдениетіне қаралған істің, әрбір жеке адамның тағдырының дұрыс шешілуі тәуелді. Сөзде қолданылған әрбір сөз оның мағыналық мәніне толықтай сәйкес деңгейде болуы шарт. Өкінішке орай, көптеген айыптаушылар мен қорғаушылар өз сөздерінеде нақтылық пен дәлдікті ұстала бермейді. Олардың басты кемшіліктерінің бірі-шет тілдерден енген, сөздерді оңды-солды қыстыру, көпшілікке онша түсініксіз осындай сөздерді арластырып сөйлеудің тиімсіздігі дәлелденген. Заң терминдерін шамадан тыс көп қосып сөйлеу де оң нәтежеге жеткізе бермейді.
Соттық сөздердегі шешендік тәсілдер. Сонымен, қылмыстық істі соттық тергеу аяқталуға жақын, сот соңғы сөзін айтатын сәт те келіп жетті. Әрине айтылатын сөз қағазға түсіріліп дайын тұр, оның мазмұны мен мәні-сот шешімінің ақылы мен жүрегінде қаттаулы.
Сөз сөйлеу - шешендік қызыл тілдің шарықтау шегі. Тәжірбиелі прокурор мен адвокаттарда сотта сөз сөйлеу бойынша өзіндік қалыптасқан дағдылар: салқынқандылық, ұстамдылық пен сабырлық мол, сондықтан олардың сөзі түсінікті әрі сенімді шығатыны даусыз. Ал жұмысын жаңа бастаған сот мамандары үшін үйренетін нәрсе көп.
Сот сөз бергенде он секундтай үзіліс жасап барып бастаған дұрыс, бұл тыңдаушылардың назарын өзіңізге толық аудару үшін қажет «Киіміңе қарап қарсы алады» деген сөз бар сондықтан киім, аяқкиім мен шаштың сәні мұнтаздай таза әрі жинақы болғаны жөн. Сөз сөйлегенде нық әрі сенімді тұрып, қарапайым, табиғи және салмақты болған дұрыс. Ұзақ сөз сөйлеу қажет болғанда, бір орында қозғалмай қатты қалмай, қалпыңызды аздап өзгертіп тұрғаныңыз оңды.
Сотта сөйлеу сөзі тиімді әрі әсерлі болуы оның қаншалықты дұрыс аргументтелгеніне байланысты. Бірақ соған қарамастан жұртшылыққа әсерлі болуының негізгі құралы болып сөздің мәдениетті құрастырылуы, оның анық болуы, оратордың дұрыс сөйлей білуі жатады. Күшті, дыбысты дауыс, анық дикция, дұрыс және мәнерлі дауыс ырғағының (интонация) бірге болуын сөйлеу техникасы деп аталады. Адвокат ораторы үшін сөйлеу техникасын менгеру деген – бұл өз сөйлеу аппаратын басқару, дауысын, дикциясын, дауыс ырғағын, паузаны дұрыс әрі толық пайдалану.
Сөзді қабылдау көп жағдайда оратордың дауысына байланысты. Дауыс – бұл сендірудің негізгі құралы. Бұл жіңішке, ғажап құрал. Күшті, білгіш, мәнерлі дауыс барлық ойды және эмоционалдық әсер етуге септігі зор. Сондай-ақ оның даусының үні зор болу керек, яғни аудиториялық соңында отырған қатысушыларға естуі тиіс. Дауыстың күштілігі – адвокаттың өз ойын, сезімін, еркін жеткілікті түрде жеткізу және сендіре білу қабілеті. Ол үшін дауыс ырғағының шығу, жоғарлығы, үннің кең диапазонында да болуы, әр түрлі тембрмен әсемдеуі керек. Дауыстың диапазоны - оның үндік көлемі. Сөз сөйлеген кезде дауыс диапазонының өзгеруі арқасында оның мәнерлі шығуына және ойдың толық түрде берілуіне әсер теді. Ал диапазонның дұрыс шықпауы, бірқалыпты, өзгеріссіз сөздің айтылуы оның істі толық түрде түсінуге кедергісін тигізеді. Егер оратор істің материалдарын дұрыс білмесе, дәлелдемелер таппаса, онда оның даусында үзілістер көбейеді, түсніксіздеу болады. Сөзді жақсы қабылдау мүмкін болмайды оратордың дауысы жіңішке, әлсіз, өз-өзіне сенімсіз шықса, тыңдаушылардың арасында оны түсіну қиын болады, оларды сендіру қиынға түседі. Сондықтан да дауыстың дұрыс шығуын үйрену маңызды болып табылады.
Таза дикциялық сөз - адвокат оратордың үлкен абыройы мен қадір қасиеті. Дикция- үндері, буындары, сөздері нақты, түснікті ашық айтылуы. Дикцияның анықтылығында оратордың мәдениеті көрінеді, оның тілге деген, сотқа азаматтарға, сот процесінің тыңдаушыларына деген сыбайластығын білдіреді. Нақты оның дикциямен сөйлеу үшін тілмен ерінмен жән жақ пен дұрыс жұмыс істеу кезінде ғана жетуге болады. Осыған жақсы көмекші ретінде жаңылтпаш айтудан бастауға болады. Егер жаңылпашты тез айта білген соң, әр сөздің мағынасын түсініп, дикцияны дұрыстау мүмкіндігі туады. Тез оқып үйренген соң, жайлап оқып, сосын тез оқу керек, бірақ дикцияны сақтау керек. Сондай-ақ оратор өз сөзінде темпті өзгертіп отыруы оның ішкі сезімдерінің әсерінен болады. Бірақ өте тез темпта сөйлеген кезде, мәліметтерті толық түсінуге мүмкін болмайды. Ал өте жәй темпте сөйлеу, соттың маршрутына әкеліп соқтырады, мұның бәрі оратордың есті толық білмеуі, дәлелдемелердің болмауынан.
Егер сөз оптимальді темпте беріліп, бірақ еш өзгеріссіз айтыса, онда оны түсіну қиынға түседі, яғни әр түрлі мән-жайларды, айыпталушының іс-әрекеттерін және оның мінездерін айтқанда материалдарға анализ жасағанда, сот ораторы оның шындыққа сәйкес екеніне немесе жалған дәлелдемелер екенін айтқанда, аргумент жасағанда шешім қабылданғанда бір темппен айту дұрыс емес, қайта ол сөзді нақты, анық, тоқталып, кей жерде асықпай айту оның шеберлігін көрсетеді.
Мәнерлеп айтылу сот сөзінде интонацияның байлығын көрсетеді. Интонация дегеніміз сөздер әсерлеу, кезектілікпен үннің шығуы, темп пен тембрдің шығу жоғарлығымен айтылуы. Тон - үннің шығу жоғарлығы сөйлеу кезінде үннің өзгеріп отыруы; адам даусының жоғары дәрежеде шығуы. Тембр - бұл адам даусының табиғи үнбік өзгеруі яғни әр адамда өзіне тән қайталанбас болуы. Бірақ тембр оратордың физикалық және моральдық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Дауыс ырғағы адвокат сөйлеу кезінде өзіндік бір музикалық әсемдеу беріп, әсер қалдырумен ерекшеленеді. Бұл тонның өзгеру кезінде байқалады. Сот оратордың сөзінде әр түрлі мелодиялық әсерлеу арқылы берілуі көп жағдайда қажет болып табылады. Даус ырғағының бай суреттелуімен Ф. Н. Плевако қорғау сөзінде сот процесіне қатысушыларға әсері өте жоғары болды.
Адвокат сөйлеген кезде үзіліс жасау өте маңызды, өйткені сөздің немесе сөйлемнің ойдық әне эмоциялдықтың жағынан ерекшеленіп берілуі. Үзіліс- бұл уақытша үннің тоқталуын яғни келіп тұрған ойды белгілі бір себептерге немесе әсер етуші функцияларға байланыста тоқтата тұруы. Аызша сөйлеу кезінде ойлаумен байланысты үзіліс болуы мүмкін, яғни оратор өз ойын жинақтап, тілдік құралды пайдалана отырып ең керектісін айтуға қаже болуы мүмкін.
Үзіліс атқаратын функцияларына байланысты:

  1. Логикалық үзіліс; 2. Психологиялық үзіліс болып бөлінеді.

Логикалық үзіліс - сотта сөйлеу барысында туады, ойын білдіру кезінде, яғни бір ойдан келесі ойға өту дұрыс реттілікпен айтылуына, маңызды әсерлерін атап өтуге, қатысушылардың көңілін аударуға маңызды құрал б.т.
Психологиялық үзіліс эмоциялық кезендердің атап өтуге, қатысушыларға психологиялық әсер ету құралы б.т.
2. Сот ораторының мәдениетінде маңызды көрсеткіш ретінде сотта сөйлеу кезендегі нақтылық пен тапқырлықтың әдеби тілде айтылуы. Бірақ әдеби тілде айтылудың нақты айтылу түпнұсқалары жоқ, орфоэпиялық норма сәйкес әрекет етуші (кезектілікпен) жүйенің кезектілікпен айтылуын айтамыз. Адвокат оратор сотта сөйлеген кезде оның дауысты және дауыссыз дыбыстыларды, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздыларды ережеге сәйкес айтуы.
3. Дыбысты әсерлеу немесе эвфония (грек euphonia-ішінен, eu-жақсы, phohia-дыбыс) үндері эстетикалық жағынан бағалау, олардың сәйкес келуі, құлаққа жағымды және жақсы естілуі.
4. Сөзінде үндік ұйымдастырушылықтың маңызды элементі ретінде екпінді дұрыс қою арқылы акцентология норианы сақтау болып табылады З.В. Савковтың айтылуынша «Сөздік екпін-сөзді ұымдастырумен байланысты олар сөздің мықтап айтылуына, үндерді бір-біріне жалғайды, буындардың құрылып (сөйлемнің) сөздердің дұрыс құралуына септігін тигізеді. Шын мәнәнде, екпіннің дұрыс белгіленуінің негізгі функциясы сөздің фонетикалық ұйымдастырылуын жүзеге асыру болып талылады.
Сотта сөйлеу шеберлігінің ерекшелігін түсіндірмес бұрын оның түсінігі туралы жалпы айтып кету қажет; заңгерлердің кәсіби қызметінде сөйлеу мәдениеті мен оны жеткізу сапасы туралы сөз қозғаймыз.
Заңгерлердің соттағы ораторлық шеберлігін көп жағдайда сот шешендігі деп атайды, Неге?
Сотта сөйлеу – қылмыстық іс бойынша прокурор мен адвокаттың маңызды әрі жауапты қызметінің бірі. Кез келген жұртшылық алдындағы сөйлеу ұқыпты дайындықты қажет етеді. Ол өзінен-өзі келмейді, оған ораторлық өнердің әдістерін жетілдіре отырып ұқыпты, талапты дайындық қажет.
Ораторлық өнер – бұл оған қабілеті жоқ болса да кез келген адам үйренуге болатын қызметтің бірі. Әрине, адамның жеке қабілеттері, оның ынтасы да ықпал етеді. Ол егер ақылды, соған бейімді болмаса оны оратор етіп шығару мүмкін емес. Барлық ұлы ораторлар ембекқор болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет