Бекітемін: Тексердім:
Мектеп директоры тәрбие-ісінің орынбасары
Н. Орынбекова П. Байменова
Сайыстың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты: 1. Оқушылардың «Сөз мәйегі-мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету; 2. Көп ұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығын, тілі мен мәдениетін, сөз өнері арқылы дүниетанымын құрметтеуге тәрбиелеу;
Сайыстың барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар!.
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген –ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге дегенен құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйретуболып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
1-тур: Мақал-мәтел сайысы.
«Кім көп біледі?»
Қатысушы жұптар мақал-мәтел айтудан жарысады. (1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар таңдаған тақырыптары бойынша қанша мақал айтса ұпай саны да соған қарап қойылады.)
2-тур: Мақал- сөздің мәйегі
(Тақтада мақалды-мәтелдің басы беріледі,қатысушы жұптар мақалды жалғастырады)
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
8. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
9. Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
3-тур: Кім тапқыр?
— Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.
Шарты: Мұғалім жұмбақ жасырады,
жауабын айту керек,
сол жұмбақтың жауабын тауып айтқан соң,
жауабына сәйкес мақал айту керек)
1. Шыңдары шырқау,
Көшіп жүр бір тау.(Түйе)
Мақалшы:
Көрмес түйені де көрмес.
2. Жұмбақшы:
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.( Қар)
Мақалшы:
Қалауын тапса қар жанар.
3. Жұмбақшы:
Желден желігеді
Судан шегінеді (От)
Мақалшы:
Отан оттанда ыстық
4. Жұмбақшы:
Жылт-жылт етеді
Жылғадан өтеді(Су)
Мақалшы:
Судың да сұрауы бар
5. Жұмбақшы:
Өзімнен өзгенің бәрін көремін.(Көз)
Мақалшы:
Көз қорқақ, қол батыр
6. Жұмбақшы:
Сылдырдан қорқады, шшошынып жортады (Қоян)
Мақалшы:
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді
7. Жұмбақшы:
Білімнің нәрін
тереді, балаға тәлім береді.(Ұстаз)
4-тур “Полиглот” «Құпия сандық»
(Тиісті сөзді қойып, 3 тілде айту, қазақша, орысша, ағылшынша)
1. ...қылды қақ жарған. (қара, черный, black)
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан ... ұл туса,
Төрдегі басын жерге сүйрер. (жаман, плохой, bad)
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер болмаса – ер азады. (жер, земля, earth)
4.... ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. (алтау, шесть, six)
5. ... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады. (тіл, язык,language)
6. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы, друг, friend)
7. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз, девушка,girl)
8. ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау, горый, mountain)
9. Қына тасқа бітеді,
... басқа бітеді.(білім, знания, knowledge)
10. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз, слова,word)
11. ........түбі-береке,
Көптің түбі-мереке ( Еңбек, труд,hardworking)
12. Тіл жүйрік емес, ...... жүйрік. (ой, ум,idea)
5-тур: «Біз білмейтін бір мақал»
(Топтар күнделікті өмірде қолданылмайтын мақал-мәтелдердің мағанасын айтады)
1.Қараңғыда тапқаныңды ханға берме,
Жарықта тапқаныңды жанға берме.
Мағынасы: еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа.
2. Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың болып келер іші тар.
Мағынасы. Болашақта жақсы азамат болатын бала кішкентайынан көпшіл, кеңпейіл болып келеді.
3. Өзін -өзі сыйлаған ер бақытты,
Өзін — өзі билеген ел бақытты.
Мағынасы: Адам әуелі өз қадірін білсе ғана ел мен жер қадірін де біле алады.
4.Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
Мағынасы: Қандай жағдай болса да өз — өзіңді сабырлы ұстап үйрен.
Қорытындылау
Осымен сайысымыз аяқталды
— Сөз кезегі қазылар алқасында …
Жеңген топты марапаттау.
Ата-салтым, асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас, қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.
— Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сендерсіңдер, сондықтан сендерге үлкен сенім артамыз
Менің өмірім
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Ел үркіп жүрген кезде күні -түні,
Сары аяз көш -жөнекей боран күні
Қар қауып, мұзға түскен Жамбыл екем,
Жұтынып суық ауа, шыққан үні.
Мен емес, суық дәмді ел де алыпты,
Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.
Қара күн хан билеген, қаңды жорық
Дегендей ел аузында сөз қалыпты.
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім.
Ел көрдім - еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім.
Бой бермес ел өмірі асау шері,
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері.
Бірде от, бірде суды көктей кешіп,
Талпынып, тілегіне басты ілгері.
Жамбыл Жабаев (1846-1945 )
Достарыңызбен бөлісу: |