Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік сценарийі Әуенмен балалар залға кіреді



Дата08.02.2022
өлшемі21,06 Kb.
#119054
түріСценарий
Байланысты:
Тәуелсіздік күні
Дневник(пед.практика), Дневник(пед.практика)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
ертеңгілік сценарийі
Әуенмен балалар залға кіреді.
1 – жүргізуші: Құрметті балалар мен қымбатты қонақтар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп , өркениетті елдердің қатарына жетуіне аяқ басты.Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер.
2 – жүргізуші: Бүгінгі жиынды құрып отырған басты себебіміз – баршаңызды Қазақстан Республикасының төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Ол мерекені жылда желтоқсанның 16 жұлдызында тойлайды. Біз өз отанымызды сүйеміз және біз оны мақтан етеміз.Жыл сайын біздің ұлы отанымыз бай , мықты және күшті бола берсін! ҚР-ның әнұраны орындалады.
Балалар өз орындарына отырады.Тақпақтар оқытылады:
1.Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында қалған күн.
2.Асыл өлкем ерекше ,
Қазақстан – мекенім !
Беп – белгілі емес пе ,
Сенің ғажап екенің !
3.Отан деген атамекен,
Отан деген –туған ел,
Отан ана – отан үлкен
Қазақстан туған жер.
«Менің Отаным» әні
1 жүргізуші : Қай мереке болмасын қуаныш пен көңіл күй сыйлайды, сондықтан да ересектер мен балалар оны асыға тосады.Сонымен қатар біз қонақ келгенді өте жақсы көреміз. (домбыра үні шығады)
Сұлу Айсұлу кіріп келеді.
2 жүргізуші : Сәлеметсіз бе, айдай сұлу Айсұлу. Сізді бізде қонақта көргенімізге өте қуаныштымыз.
Айсұлу : Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендерді төл мерекелеріңмен құттықтаймын.
2 жүргізуші : Сіз өзіңізбен бірге қандай әдемі аспапты әкелдіңіз!
Айсұлу: Балалар , сендер бұл аспаптың қалай аталатынын білесіңдер ме? (домбыра)
Қазағымның үні сенсің , домбыра,
Қазағымның жыры сенсің , домбыра ,
Қазағымның жүрегінен жаралған ,
Талай-талай ән мен күйлер тараған.
Бүгінгі мерекеде мен тек қана ән айтып, добыра тартып қана қоймай , сонымен бірге би билегім келіп тұр. Келіңдер , қыздар бірге би билейік !
«Домбыра» биі
Ойын
Айсұлу: Менің сендерге мықты батыр жайлы аңыз айтқым келіп тұр.Бұрынғы заманда аты аңызға айналған ұлы батыр болған екен. Ол отанын аса алғырлықпен қорғап, жаулардан еш қаймықпай шайқастарда жеңіп отырған екен.Мен алтын адамның қазіргі тәуелсіздік күніне бүкіл қазақ жерінде болып жатқан мерекелерде саяхаттап жүргенін білемін.Біздің де балабақшамызға қонаққа келіпті.
Алтын адам кіріп келеді: Баршаңызды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Қазақстанның өркендеуі мен гүлденуін тілеймін! Мен осы қасиетті жердің ұлымын! Мені халқым «Алтын адам» деп атап кетті. Себебі менде алтыннан күптеген қорғандарым бар.
Мен мұнда болашақ қырандарымызды,батыр ұлдарымызды көріп тұрмын.Ал,қанеки өз отаныңды қалай сүйесіңдер?Тілектерің болса айтыңдар.

Балалар тақпақ оқиды :
1. Отан асыл анамыз ,
Ана сүтін ақтаймыз .
Есейгенде ер болып ,
Елді жаудан сақтаймыз!
2.Туған жерім Қазақстан!
Сен деп соғар жүрегім
Нұрлана бер, гүлдене бер ,
Осы менің тілегім .
Алтын адам: Бәрекелді, Қазақстанды жақсы көреді екенсіңдер. Ал,оны қорғай аласыңдар ма? Қазір сендердің ат үстінде қалай отыра алатындарыңды сынағым келеді.
Ойын
Алтын адам : Жарайсыңдар , балалар! Сендердің мықты,ақылды,алғыр екендеріңе куә болдық! Сендерменен дос болғым келеді.
1 Жүргізуші : Біздің балалар дос туралы ән біледі, сол әнімізді шырқайық!
2 Жүргізуші : Мерекеге арналған шеруді бастаймыз.
«Қанша бала, қанша қыз» әні
1Жүргізуші: БАРЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕЛІК ШЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.
Жалаулармен құрылатын әуенді құрылыс компазициясы.
1 Жүргізуші : Әрқашанда аспандарын ашық болсын және біздерді тек қана адал достар қоршасын! Өмірлерің қуаныш пен шаттыққа бөленіп, әрқашанда көңілдеріңіз көтеріңкі болып , бақытты болыңыздар!
2 Жүргізуші : Көркейген, гүлденген туған ел ,
Тәуелсіздік күнің келеді , келе бер.
Мерейің құтты болсын , Тәуелсіздік !
Ғасырлар тойы болшы келе бер !
Шаттық әуенімен балалар шығып кетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет