Тақырып 3. Қазақстан Республикасында адвокатура қызметінің құқықтық негізі. Адвокаттық қызметтің нормативті құқықтық базасының кешенді сипаты. Адвокаттық қызметтің құқықтық реттеудегі негізгі қайнар көздері.
1995 ж. ҚР-ң Конституциясы адвокаттық қызметтің құқықтық негізі ретінде. 20.09.2002ж. бастап "ҚР-ң құқықтық саясаты концепциясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. 5.12.1997ж. бастап 11.07.2001 ж. және 3.06.2003ж. өзгетулер мен толықтырулармен "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы.
1997 ж. және 1999ж. Адвокатура және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің қаулылары.
Халықаралық құқықтық стандарттар және адвокаттық қызметтің қағидалары. 1948ж. Адам құқықтары туралы жалпы декларация; 1966ж. азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт; 1985ж. кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сотты апаруға тиесілі БҰҰ Минималды Стандартты Ережелері (Пекиндік Ережелер); 1990ж. адвокаттардың ролі туралы Негізгі ережелер және 1990ж. БҰҮ Сегізінші Конгресімен қабылданған заңгерлердің маңыздылығына қатысты негізгі қағидалар; 1978ж. заңдық көмек және консультациялар туралы КМ Европа Кеңесінің Резолюциясы; 2000ж. адвокат мамандығын жүзеге асыру бостандығы туралы КМ Европа Кеңесінің Кепілдемесі және баска да адвокаттық мамандыктың негізгі болатын стандарттар мен қағидаларын бекітетін халықаралық құқықтық құжаттар.
Адвокатура және "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
Адвокатура және "Қоғамдық қызметті және нотариус қызметтерін лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына және 25.09.2001ж. бастап өзгертулер мен толықтырулармен "Адвокаттық немесе нотариялдық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестациядан өту ережелерін бекіту туралы" сәйкес адвокаттық қызметті лицензиялауды құқықтық реттеу.
Корпоративтік нормалар адвокатура және адвокаттык қызметтің құқықтық негізі ретінде. Қазақстан Республикасының адвокаттар Одағының және адвокаттар алқаларының жарғысы адвокаттық қызметтің Корпаративті нормаларының негізгі қайнар көзі ретінде.
Адвокатураның және адвокаттық қызметтің басқа құқық салаларындағы құқықтық негіздері.