Тапсырмаларды орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулар: осы тақырыпты қарастыру кезінде қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген адвокатқа қатысты ережелерді оқу керек. Қорғаушыны қылмыстық іске шақыру, тағайындау және ауыстырудың тәртібін, оның қылмыстық істер бойынша процессуалдық жағдайына тоқталу тақырыпты толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Адвокаттың азаматтық іске қатысуының негізін қалыптастыратын қолданыстағы заң жиынтығын білу керек. Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген соңғы өзгерістермен танысыңыз. Осы саланы зерттеу үшін адвокаттың заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға қатысуын білу керек.
Әкімшілі құқықбұзушылықты реттейтін нормативтік акттерді іріктеп талдаңыз, сонымен қатар, әкімшілік өндірістің іс жүргізушілік ерекшеліктеріне назар аударған жөн.