Аға оқытушы: Саутбаева Рима Султанбековна



бет7/12
Дата14.02.2022
өлшемі99,46 Kb.
#131771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Әлеуметтану 2-дәріс 2 сем

Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырады, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.

Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзіне қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына байланысты болмақ. Нақтылай айтсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм мынадай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісіншеде де солай. Осындай тұжырыммен ол әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Ол өзін-өзі өлтірушіліктің төрт типін анықтап берді, олар: эгоисттік, альтуристтік, экономикалық және фатолисттік. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет